«Ана – өмір гүлі»

7 сәуір 2014 - Меруерт Бутанова

 

Бутанова Меруерт Турсынахметовна

ШҚО Көкпекті ауданы Биғаш ауылы

«Маяковский атындағы орта мектебі»КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

 

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Сыныбы:   мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы:  «Ана – өмір гүлі»  

Мақсаты:Анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуін дамыту.Аналар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.Сурет арқылы әңгіме құрастыруға үйрету.

Көрнекіліктер;аналар туралы суреттер,үнтаспа

 

Ұйымдастыру кезеңі:

 

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

 

-         Армысыздар,қасиетті аналар!

 Балалар ортаға шығып психологиялық сәтімізді көрсетейік.

Психологиялық сәт.

 

Қайырлы күн!

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман.

 

  Балалар мен сендерге керемет жұмбақ жасырмақшымын.

 

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.         Бұл кім?

 

Балалар хормен «Ана», «Ана», «Ана» деп жауап береді.

 1.Балалар кім тақтаға шығып «Ана»деген сөзді жазады екен.

 2.Кәне балалар қалғанымыз орнымызда отырып Ана деген сөзді жазайық.

  Балалар «Ана»деген сөзді буынға бөлейікші.         А-на

1.    Неше буын ?  2 буын А-на

2.    Ана деген сөзді неше дауысты дыбыс бар екен.(2)АА

3.    Неше дауыссыз дыбыс бар?  (1) Н

 

Сергіту сәтін өткізу

Қуыр,қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Апаң келсе есік аш,

Қасқыр келсе мықтап бас.

 

Ендеше балалар бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ана — өмір гүлі»

Мына суретке назар аудармас бұрын мен сендерге сұрақ қояйын.Кім жауап береді екен?

 

1.    Балалар жақында қандай мерекені атап өттік?

2.    Балалар сендер аналарыңды не үшін жақсы көресіңдер?

3.    Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

-         Енді балалар сурет бойынша әңгіме құрауға көмектесіп жіберіңдерші.

-         Келесі кезекті «Ана — өмір гүлі»атты монтажда.

 

1-оқушы:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді, ақ сүтін,

Кең құшағың – аясында гүл бақтың.

 

2-оқушы:Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығын өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің  ол,

Күш-қуат боп өң бойына тараған.

 

3-оқушы:Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

 

4-оқушы:Мейірімі жел жібек

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп.

Құлыным деп құшады.

 

5-оқушы:Ықыласы бір менде ,

Бір шытпайды қабағын.

Үйде, түзде жүргенде,

Соған ұқсап бағамын.

 

6-оқушы:Бал бөбегін баптаған.

Анам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйетін.

Кеші, келші – ақ анам.

 

7-оқушы:Анам мені; «Айым!»- дейді

Мен мұңайсам уайым жейді,

Анам мені «Күнім!» — дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

 

8-оқушы;Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған.

Алтыным деп мақтанған,

Айналайын ақ анам.

 

9-оқушы:Анаң бар да көңіл тоқ,

Жамандыққа сенгің жоқ.

Өміріңе гүл болған

Қадірін біл сондықтан.

 

10-оқушы:Әлпештеген баласын

Ана – бақыт, ана – күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

 

11-оқушы:Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.

 

12-оқушы:Ұмытпаңдар аналардың әлдиін,

Сол әлдиден басталады ән — күйің.

Суытпаңдар елжіреген жан – күйің,

Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы.

13-оқушы:Ана — біздің күніміз,

Ана – біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

 

Сергіту сәтін өткізу

Алма кетті домалап,

Өзен бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

 

-         Кәне,ұлдар қыздарымызды бүгінгі мейрамға байланысты қандай жақсы тілектерің бар?

-         Ал балалар, олай болса «Мен анамды жақсы көрем»атты тақырыпта үйден салып келген аналарыңның суретін қорғайсыңдар.

 

-         «Ана» деген асқақ ән

    Орындайтын әрқашан   Шұғыла мен Сымбаттың орындауын да әнді қабыл алыңыздар.

 

 Ойын «Анама гүл сыйлаймын»

 Мұғалім: Балалар бүгін біз аяулы да, ардақты аналарымыз туралы әңгімеледік,ән айттық,әдеби — монтажымыз да аналары-мызға арналды. Сонымен тақырыбымыз қалай аталады екен? Айтып жіберіңдерші «Ана — өмір гүлі»Ендеше сол өміріміздің гүлі аналарымызда.Аналардың күні сендерде, аман болыңдар балалар.

Осыған ұқсас жазбалар:

Әдіс бірлестіктер"Зерде"әдістемелік- бірлестік хабарламасы

ХимияАлкандардың құрылысы. Табиғатта кездесуі мен алынуы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066223

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru