«Еңбектің және оның төлемақысының есебі» тарауын қорытындылау

17 наурыз 2015 - Меруерт Аманова

Оқытушы: Аманова М.А.

Пәні:Қаржылық есеп

Сабақтың тақырыбы: «Еңбектің және оның төлемақысының есебі» тарауын қорытындылау

Өтілетін күні: 03.03.2015ж.

Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, еңбек ақыны есептеу тәртібін үйрену, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу;
Тәрбиелік: Кәсіби сауаттылыққа баулу,өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, білім алуға ынтасын арттыру, есепті нақты және дәлдікпен шығаруға үйрету;

Дамушылық: Зейіндік, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ойлау, кәсіби білімді қабылдай алу қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықты дамыту, қорытынды жасай алуды қалыптастыру бойынша жұмыс істеу, шығармашылық ізденіс элементтерін қалыптастыру, проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу.
Сабақтың әдісі – баяндау, түсіндіру, ақпарат беру, лекция элементтері, сұрақ – жауап, пысықтап бекіту, қайталау, дамыту ойындары, өзіндік жұмыс, көрнекілік.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: тарату материалдары, интерактивті тақта, Microsoft Excel бағдарламасында есептер, ҚР Еңбек кодексі, оқулық;

Плакаттар: G-категориялар кестесі, Қазақстан Республикасының бірыңғай тарифтік кестесі,әлеуметтік төлемдер суреті.

Көрнекі құжаттар:Еңбек шарты, Жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық, Еңбекке жарамсыздық парағы; Жұмыс уақыты есебінің табелі
Пәнаралық байланыс:
Қаржылық есепті талдау, экономикалық теория, математика, бухгалтерлік есеп негіздері, статистика,құқықтану

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)(сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, кабинет дайындығына көңіл бөлу)-1 мин

ә) Топ оқушыларын 2 топқа бөлу, топ аттарын бекіту(Есепшілер, Аудиторлар),

топ басшыларын сайлау.

І кезең. Үй тапсырмасы (10 минут): Екі топ бір-біріне сұрақ қою арқылы өтілген тақырыптарды естеріне түсіріп, білімді нақтылайды.Дұрыс жауап 1 ұпай.

1.Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кім жүргізеді?

Қызметкелердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар жөніндегі инспектор жүргізеді.

2.Жеке еңбек келісімшарты не үшін түзіледі?

Жеке еңбек келісімшарты-жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жахбаша түрдегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.(құжат түрінде еңбек келісімшарттының түрін көрсетуге болады).

3.Қосымша жалақыға не жатады?

Қосымша — бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

— балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;

— жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;

— мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;

— негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

— пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

— жұмыстан шыққанда берілетін жәрдемақы.

4.Жалақы дегеніміз не және оның түрлерін атаңыз?

Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады. Жұмыс берушінің белгілеген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Жалақы екі түрге бөлінеді:

— негізгі;

— қосымша.

5.Мерзімді жалақының кесімді жалақыдан айырмашылығы неде?

Мерзімді еңбекақы нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысаны болса, кесімді еңбекақы алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді.

6. «Жұмыс уақыты есебінің табелі» құжаты не үшін қажет?

Барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режімінің сақталуына бақылау жасау үшін, істелген жұмыс уақыты туралы ақпарат және еңбекақы есептеу үшін, жұмыс уақыты табельі жасалады.

Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уәкілетті тұлғаға бір данадан беріледі.Табель тиісінше ресімделгеннен кейін оны кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу үшін бухгалтерияға тапсырылады.

Еңбек шарты, еңбеккердің жұмысқа қабылданған кездегі басшының бұйрығы және табель құжатын көрсету, шартты белгілерді сұрау.

<img width="«536»" height="«295»" src="«file:///C:/Users/49CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.gif»" alt="«Табель.pdf" –="" yandex»="" v:shapes="«Рисунок_x0020_2»">

ІІ кезең «Есептей білеміз бе?»- 10 минут .

Бұл кезеңде оқушылардың әр қайсысына жеке-жеке есептер беріледі.Ал топ басшылары біреуі тақтада, енді біреуі интербелсенді тақтаны қосып, компьютерде Microsoft-Excel бағдарламасында есеп шығарады.Топ басшыларына шығарылған есепті түсіндіріп, талдау керек. Есеп дұрыс шығарылса 1 ұпай, барлық оқушылардың жинаған ұпайларының қосындысы топ ұпайларына қосылады.

1.«АЯН» ЖШС-нің жұмыскер Н.Б.Саидова 1 және 9 мамыр мейрам күндері жұмыс атқарып, сәйкесінше 1 бөлшек үшін 110 теңге бағалауы бойынша 17 және 20 бөлшек дайындады.Орындау керек: Н.Б.Саидоваға мейрам күндеріндегі жұмысы үшін еңбекақы сомасын есептеп, шот корреспонденциясын көрсету керек.

Шешімі:

1 мамыр — 17*110=1870*2=3740теңге

9 мамыр- 20*110=2200*2=4400 теңге

Барлығы:8140 теңге

8112-3350

2.Кәсіпорында 120 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 80 адам жұмысшы,40 адам қызметкер.Кәсіпорынның 30 еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен жұмыс істеген,өйткені олардың атқаратын міндеттемесі мен біліктілігі (квалификациясы) соған сәйкес келген:

10 адам (маман)-9разрядпен;

5 адам(маман)-11 разрядпен;

6 адам(маман)-15 разрядпен;

3 адам(маман)-19 разрядпен;

6 адам(маман)-21 разрядпен жұмыс істеген.

1 разрядтың мөлшерлемесі ұжымдық шарт бойынша 20000 теңгені құрайды.Ағымдағы айда 21 жұмыс күні болған.Есептеу керек ағымдағы айдағы еңбеккерлердің жалақысын.

Шешімі:

9 разрядтағы мамандардың жалақысы 20000х1,78х10=356000тг.

11 разрядтағы мамандардың жалақысы 20000х2,05х5=205000тг.

15 разрядтағы мамандардың жалақысы 20000х2,74х6=328800тг.

19 разрядтағы мамандардың жалақысы 20000х3,67х3=220200тг.

21 разрядтағы мамандардың жалақысы 20000х4,24х6=508800тг.

Ағымдағы айда еңбеккерлердің жалақыларының жиыны -1 618 800тг.

3.Сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% мөлшерінде сыйақы беру көзделеді.Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік ставка 100 теңге, жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы — 3%.

Шешімі:

1.Мерзімдік еңбек ақы: 180*100=18000 теңгеге тең.

2.Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір %-ы үшін сыйақы мөлшері 20%:5%=4%.

3.Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% — 3% = 2%,

4.Сыйақының % — тік мөлшері 4%х2%=8%,

5.Сыйақы сомасы: 18000х8% = 1440 теңге,

6.Ай ішіндегі еңбек ақы 18000+1440 = 19440 теңге.

4.Мектептегі І санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімінің еңбек өтілі 10 жыл, 1 ставкада жұмыс жасайды. 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі, «Қазақ тілі және әдебиеті» кабинетінің меңгерушісі.Есептеу керек ақпан айындағы қолға алатын жалақысын.

Шешімі:

БЛЖ-17697 теңге,G-9-2,68 сынып жетек.25%, каб.меңгер.25%

17697*25/100=4424,25

17697*2,68=47427,96

17697*35/100=6193,95

47427,96+4424,25+4424,25+6193,95=62470,41

((62470,41-6247,04-21364)*10%)=3485,94

Барлық ұсталымдар:6247,04+3485,94=9732,98

62470,41-9732,98=52737,43

5.Қызметкер желтоқсан айында 5 жұмыс күнінде ауырып қалды.Қараша айында 20 жұмыс күнінде оның еңбекақысы 32000 теңгені құрады,қазан айында 19 жұмыс күнінде-30400 теңге,қыркүйек айында 25 жұмыс күнінде-40 000 теңге болды.Есептеу керек еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақысын.

Шешімі:

32000+30400+40000=102400

19+20+25=64 жұмыс күндерінің саны

Ортша күндік жалақы:

102400/64=1600 теңге

Еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақысы:

1600*5=8000 теңге

6.Қызметкер 2014 жылы 29 тамыздан 30 тамызына дейін кешкі сағат 2000-ден таңғы сағат 8-ге дейін жұмыс жасады.1 сағаттық төлем-120 теңге.Есептеу керек қызметкердің жалақысын.

Шешімі:

Түнгі уақытқа жалақы 1,5 есе мөлшерде есептеледі, сондықтан бұл жерде түнгі уақытты белгілеп алу керек, яғни түнгі сағат 2200-ден таңғы сағат 600-ға дейін түнгі уақыт болып саналады.

2000-ден 2200-ге дейін 2сағат*120=240 теңге

2200-ден 2400 сағат дейін 2 сағат*120=240 теңге*1,5=360 теңге

2400-600-ге дейін 6 сағат*120*2=1440 теңге

600-ден 800-ге дейін 2сағат*120=240 теңге

Барлығы:240+1440+240=1920 теңге

7.Кәсіпорында VІ разрядты маманның атына есеп-қисап бөліміне атқарушы құжат келген, ондағы алимент мөлшері маманның екі баласына төленуі керектігі көрсетілген.Кәсіпорында аптаның 5 күні жұмыс күні етіп белгіленген және 1-ші разрядтың мөлшері 20 000 теңге.

Ағымдағы айда маман толық жұмыс жасаған, маманға 65 % көлемінде

сыйақы есептелінген.Есептеу керек: маманның алимент сомасын және қолына алатын таза жалақысын.

Шешімі:

20000*1,43=28600

28600*65/100=18590

18590+28600=47190

47190-4719(мзж)-2110(жтс)=40361

Екі балаға алимент мөлшері 1/3, яғни 33%

40361*33/100=13319 алимент сомасы

Барлық ұсталымдар жиыны-4719+2110+13319=20148

47190-20148=27042 теңге қолға нақты алатын жалақысы

    8.Цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерінде сыйақы алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге.

    Шешімі:

1.Тарифтік еңбек ақы: 160*100 = 16000 теңге.

2.Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге.

3.Еңбек ақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.

9.Фирма менеджерінің бір айдағы қызметақысы 45300 теңге, айдағы 26 жұмыс күнінің 21 күнінде жұмыс істеген(5 күн ақысыз демалыс алған).Менеджердің бұл айдағы жалақысы неше?

Шешімі:

Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 45300/26 =1742,30 теңге.

Менеджердің жалақысы 1742,30*21=36588,3 теңгені құрайды.

Бейнеролик «Заңды білу заман талабы» Еңбек инспекторы анықтама береді.

ІІІ кезең «Кәсіби маман талдайды».Бұл кезеңде екі топ жағдаяттарды талдайды.Рөлдік ойын-8 минут

[img width=«16» height=«16» src=«file:///C:/Users/49CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif» alt="*">Қайырлы күн! Біздің мекеменің бір қызметкері жұмыстан өз еркімен босатылды. 1 жыл 1 ай жұмыс істеді. Ол дәрігер. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алған жоқ. Жұмыстан босатылған жағдайдағы есеп айырысу кезінде оған, азаматтық қызметшіге төленетін еңбек демалысына қосылып берілетін бір жолғы сауықтыру лауазымдық еңбекақысы төлене ме?

Жауап:

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 239-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып,ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Сондықтан, сауықтыруға арналған жәрдемақы азаматтық қызметші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шыққанда ғана төленеді.

[img width=«16» height=«16» src=«file:///C:/Users/49CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif» alt="*">Сәлеметсіздер ме? Мен мектепте еден тазалаушы болып жұмыс істеймін. Еңбек демалысына шыққанда бізге неге сауықтыру жәрдемақысын (лечебное пособие) төлемейді. Сол дұрыс па? Соған түсініктеме берсеңіздер екен?

Жауап:

Еңбек Кодексі бойынша сіздер (еден тазалаушылар) азаматтық қызметшілер санатына жатпайсыздар, сондықтан еңбек демалысына шыққанда сауықтыружәрдемақысы төленбейді (Кодекстің 1-бабы жәнеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29желтоқсандағы № 1400 және 27 қыркүйектегі № 850Қаулылары бойынша).

[img width=«16» height=«16» src=«file:///C:/Users/49CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif» alt="*">Біздің құрылыс компаниясы қызметкерлерінің көбісі Қырғызстаннан,Өзбекстаннан көшіп келгендер. Жұмыс беруші олардың құқықтық сауатсыздығын пайдалана отырып, оларға еңбек демалысының ұзақтығын 18 күнтізбелік күн етіп белгіледі.Осыған байланысты еңбек дауларын алдын алу үшін мәселенін дұрысын түсіндіріп берсеңіз.

Жауап:

Кез-келген құқықтық актілер, соның ішінде заң аясындағы актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.Негізгі ақы төленетін ең аз еңбек демалысының ұзақтығы Еңбек кодексінің 101-бабында белгіленген және ол 24 күнтізбелік күннен кем болмауға тиіс.

ІV кезең «Шоттар сөйлейді» деп аталады.Екі топқа шоттар корреспонденциясын беру, ал олар өткізгіш жасаулары керек.-4 минут,әр командаға 2 минуттан.

«Бухгалтерлер» тобына

Еңбекақы бойынша өткізгіштер

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1.

Негізгі өндірістің қызметкерлеріне еңбекақы есептелді

8112

3350

2.

Көмекші өндірістің қызметкерлеріне

8312

3350

3.

Әкімшілік персоналға еңбекақы есептелді

7210

3350

4.

Еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталынды

3350

3120

5.

Кассадан қолма-қол ақшамен еңбекақы немесе еңбекақының есебінен аванс беру

3350

1010

«Аудиторлар» тобына

Еңбекақы бойынша өткізгіштер

Операция мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1.

Жеке табыс салығын ұстау (10%)

3350

3120

2.

Жеке табыс салығы бюджетке аударылды

3120

1030

3.

Зейнеткерлік жинақтау қорына міндетті түрде аудару үшін ұсталған зейнеткерлік жарналар (10%)

3350

3220

4.

Еңбекақыдан несие сомасы ұсталды

3350

1252

5.

Директорға еңбек ақы есептелді

7210

3350

V кезең «Ою-өрнек» перфокартасы- 5 минут.Көк түсті таратпа қағаздағы жауаптар А нұсқасын, сары түстегі жауаптар Б нұсқасын және қызғылт түстегі жауаптар С нұсқаларын арасын қосып шығулары керек.Әріптердің қосындысы қандай да бір өрнекті көрсету керек.Жауаптарды бағалау:

18-16 жауап -5;

16-14 жауап-4;

14-12 жауап-3.

<img width="«305»" height="«188»" src="«file:///C:/Users/49CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.gif»" alt="«Жанашыл" адис="" тасил="" [режим="" совместимости=""> — Microsoft PowerPoint» v:shapes=«Рисунок_x0020_1» ]<="" p="">

Тест тапсырма

1. Жалақының қанша түрі бар?

А) 5

В) 2

С) 9

2.Жұмысшылардың еңбегі үшін алатын ақшалай сыйақысы – бұл:

А) Негізгіжалақы

В) Нақты жалақы

С) Мерзімді жалақы

3.Жай мерзімді еңбекақыны есептеу әдістері :

А) Сағаттық, күндік, айлық

Б) жылдық

С) Күндік

4.Түнгі уақыт болып саналады:

А) 24 тен 8 сағ.

Б) 24 тен 6 сағ.

С) 22 ден 6 сағ.

5. Кәсіпорын қызметкерлеріне кассадан жалақы берілді:

А)3350-1010

В) 1010-1030

С)1030-3350

6. Еңбекақы карт шотқа аударылды:

А) 1030-1050

В) 1030-1040

С) 1040-1030

7.Қосымша жұмыс аспауы керек:

А) 4 сағат

Б) 2 сағат

С) 1 сағат

8. Кәсіпорында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты кестесі қандай құжатта қарастырылады:

А) Жұмыс уақытын есепке алу табелі

В) ҚР «Еңбек кодексі»;

С) жеке еңбек шарты

9. Номиналды жалақыға сол кездегі баға деңгейінде алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны – бұл:

А) Нақты жалақы

В) Номиналды жалақы

С) Кесімді жалақы

10.Аванстың пайдаланылмаған қалдығы есепті тұлғаның жалақысынан ұсталды:

А)3350-1010

В)3350-1250

С)1250-3350

11. Жұмыс уақыты 16 жастан 18 жасқа дейін қызметкерлер үшін:

А) 38

Б) 37

С) 36

12. Жалақының түрлері:

А) негізгі және қосымша

Б) негізгі және сыйяқы

С) Қосымша және көмекші

13. Әкімшілік басқару қызметкерлеріне жалақы есептелді:

А)3350-3310

В)8012-3350

С)7210-3350

14. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына неше сағаттан аспауы керек:

А) 40

Б) 45

С) 26

15.Жұмыс уақыты 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін неше сағаттан аспауы керек:

А) 24

Б) 22

С) 21

16.Жалақыдан жеке табыс салығы ұсталды:

А)3540-1010

В) 3120-3350

С)3350-3120

.Қорытынды кезең-2 минут.

А)Бағалау.Жеңіске жеткен топты анықтау

Б)Үй тапсырмасы:«Еңбектің және оның төлемақысының есебі»

Осыған ұқсас жазбалар:

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147819

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар