«Жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы»

25 ақпан 2014 - Saule Orinkhanova

«Жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы»

 

           ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда.Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.

Осы мақсатта Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы ,№3 мектеп-интернатында   мектеп басшысы Нәлібаева Ләззат Машбекқызының басшылығымен «Жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы» тақырыбында мектепішілік семинар – тренинг өтті.

Бұл семинар-тренингтің негізгі мақсаты –  білім беру жүйесінде сындарлы  оқыту теориясының рөлі мен маңыздылығын ашып, оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыруды мектеп мұғалім-тәрбиешілерімен талқылау.

Семинарда “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “ Қызылорда  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында” оқып, “Сындарлы оқыту бағдарламасы ” бойынша І  деңгей курсынан  өтіп келген І санатты география пәнінің мұғалімі Зейдалиева Сабира мен ІІІ деңгейлі курстан өткен І санатты химия пәні мұғалімі Үсенова Әлиялар баяндама жасады.Бұл семинар  мектептің мұғалім-тәрбиешілері үшін жаңалық көзі мен жаңа тәсілдерді үйренуге жол ашты. 

Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті — қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,
2) сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,
3) білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,
4) АКТ-ны қолдану,
5) талантты және дарынды оқушылармен жұмыс,
6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту,
7) білім берудегі басқару мен көшбасшы-лығы.
7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады.
Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. 
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдерін меңгеруде “Желілік жүйесі” форумына шығып, өзара байланысты үзбеуге болады.

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін — өзі іске асыруға, өзін — өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі — осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.

Қорыта келгенде, бүгінгі күні инновациялық оқыту — сапалы білім берудің кепілі екеніне көз жеткіздік.

 

№3 мектеп-интернаты директорының ғылыми –әдістемелік істер жөніндегі орынбасары, жоғары санатты биология пәні мұғалімі   Орынханова Сауле.

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Мектеп жоспарыМектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістін қажеттігін негіздеу

БаяндамаМЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ САБАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БаяндамаДеңгейлеп саралап оқытудағы тапсырмалар жүйесі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068784

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru