Өзін-өзі тану адамгершілікке жетелейді

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Бисен ауылы Бисен Жәникешев атындағы

ЖББОМ-нің психологі

Тлепова Алия Еркаевна

Тақырыбы:«Өзін-өзі тану адамгершілікке жетелейді»

Мақсаты: оқушылардың өмірдегі өзорнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойынКөрнекілігі: интерактивті тақтаСабақтың барысы: І. Амандасу рәсімі.ІІ. Кіріспе сөз. Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға, жолдастарыңызға байланысты. Өз мінез-құлқына басқалар тарапынан баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру, адамдармен өз қарым-қатынасын түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам өмірде сыналады, шыңдалады, қалыптасады. ¬Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі шақтан өздеріңізді жоғалтып алмас үшін, алдыңызға айқын мақсат қойып, қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек.  Бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз. Жан азығын бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут беріледі. Бірнеше қатысушыдан ойлаған ойлары сұралады.- Өмірде тыныштық болса екен- Балалығым бақытты кезеңдерге толы болса екен.Міне осындай жағымды ойлар өмірге, болашаққа үміт пен сенімділік әкелетінін әркез ойымыздан шығармайық.  Екінші тапсырма: «Менің мейірімді істерім». Өздеріңіздің соңғы кездерде жасаған мейірімді істеріңіз туралы баяндап бересіздер. /Мейірімді істері жайлы талдау. Мейірімді істеріңіз басқаға және өзіңізге не берді?/«Түрлі қасиет сататын базар» ойыныЖаман қасиеттерімізді сатып, жақсы қасиеттерді сатып аламыз. Жақсы қасиеттерімізді ақшаға емес, жаман қасиеттерге айырбастаймыз. Сатып аламын жақсы қасиеттер Сатамынжаман қасиеттер «Күн шуақты алаңқай...» баяу музыка үнімен Көздеріңізді жұмып, 3 рет терең демалыңыздар. Сіздер Күн шуақты алаңқайда жүрсіңдер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің, қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар. Енді әркім өзінің таңдап алған гүлінің суретін салып, біздің күн шуақты алаңқайға ілеміз.- Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіңдер? Көңіл-күйлеріңіз қалай? Олай болса, әркім өзінің таңдаған гүлінің суретін салып, алдына қойған мақсат тілектерін жазып, біздің Күн шуақты алаңқайға ілейік. «Сыйлық» жаттығуыОқушыларға 3 кішкене қағаз таратылып беріледі. Адамның жақсы қасиеттері жазылады. Ол мөлдір пакетке салынады. Оқушылар бір-бірлеп қағазды алып, оқып, осы мінез-құлық қасиет кімге тән деп ойласа, сол оқушыға апарып береді. Барлық қағаз біткенше ойнала береді. Рефлексия: — Сізге өзіңіз ойламаған қасиет түсті ме?- Берілген пікір орынды ма?- Қандай сезімде болдыңыз?«Мен өзіме тілейтінім...»Қазір өзіңе тілейтін тілектеріңді жазуға болады, бірақ «қазіргі уақытқа» емес, «болашаққа» бағыттайсыздар. Бұл хаттарды дауыстап өз қалаулары бойынша оқытылады.Әрқайсыңыз бір-бір үйдің, отбасының жайқалып өсіп келе жатқан гүлісіздер. Олай болса, сіздердің осы өмірде өз орындарыңызды тауып, дұрыс жолды таңдап одан әрі жайқалып өсе беріңіздер. Данышпан философ Фалес айтқандай, Дүниедегі ең үлкен нәрсе-Кеңістік, Бәрінен жүйрік-ой, Бәрінен дана-уақыт, Бәрінен жеңіл-басқаға ақыл айту, Бәрінен қиыны-өзіңді-өзің тану. Қортынды: біз өзімізді, өз іс-әрекеттерімізді, істеген ісіміз бен ойлаған ойымызды үнемі бақылап отыруымыз керек. Өздеріңе дұрыс баға бере алатын адамдар, өздерінің дұрыс бет бейнесін білетіндер. Әр адам өз өзін тануға, білуге ұмтылуы керек, сол кезде ғана ол өз ішкі дүниесінің әміршісі бола алады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141188

Теги: tlepova, aliya
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар