Өз іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу туралы рефлективтік ойлар жазылған есеп

1 сәуір 2014 - Админ
Өз іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу туралы рефлективтік ойлар жазылған есеп

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі»ММ

бастауыш сынып мұғалімі

 Аяпбергенова  А.Б.

  Өз іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу туралы рефлективтік ойлар жазылған есеп

Жиырма бірінші  ғасыр –жоғары технологиялар, жаһанды өзгерістер, білім ғасыры. Осы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін  қандай да салада білімді, жаңалыққа дайын, құзыретті мамандар қажет.

     Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  үш айлық  курстарының бағдарламасы мұғалімнің оқыту үдерісіне, оқушыға, тіпті мұғалімнің өзінің рөлі мен көзқарасының түбегейлі өзгеруіне  бағытталған. Осы бағдарлама  бойынша оқудың бірінші кезеңінде жаңа оқыту әдістері мен ғалымдар еңбектері жайлы теориялық білім алып, оқу әдістерін өзіміз арқылы өткізіп, жеті модульдің негізгі идеяларымен  таныстық.

 Осы модульдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, сонымен қатар олар бір- бірімен тығыз байланысты. Жеті модульге негіз болған идеялар үш негізгі тарауға бөлінеді: ойлау жолдары, әдістер мен тәсілдер, жұмыс құралдары (ҚР ПҚБАК Бағдарламасы екінші деңгей, үшінші басылым,

23 бет ). Мектепке тәжірибеге келген кезімде мен жаңа идеяларға толы, білім қорым кеңейген, зерттеуге, іс –әрекетке құштарлығы, қызығушылығы  мол мұғалім болып келдім. Мектеп қабырғасында жиырма  жылдай қызмет етіп, жаңа бағдарламаның әдістемесін меңгергеннен кейін, мен өзімнің өткен іс – тәжірибеме талдау жасай отырып, өзгеруім керек екенін ұғындым. Осыған дейін біздің өткізген дәстүрлі сабақтарымыз оқушылардың ойлау, даму деңгейін ескермей, оқушының ой- пікірімен санаспай  «орташа» оқушыға бағытталған сабақ болды. Оның  мақсаттары  оқушыға емес, мұғалімге  арналып жазылды. Әр сабақта  « Қандай  нәтижеге  қол жетеміз?» -  деген сұрақтар туындаған  жоқ. Сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды. Қазіргі таңда енгізілген өзгерістер: сабаққа  жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған  мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін  оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін өзгерту. Осы бағдарлама аясында екінші деңгейлік курста оқып жүрген өз мектебімде биология пәнінен сабақ беретін Е. А.  әңгімелестім.А.Т. өзінің көзқарасын білдіріп, екуміз ой бөлістік. «Өз тәжірибеңде нені өзгерткің келеді?» деген сұраққа А.Т. оқушылардаң пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтергісі келетінін, сабақ үдерісін жаңа технологиялар бойынша өткізгісі келетінін, әсіресе орта буында ойын түрлерін кіргізе отырып өткізсе, өз тәжәрибесінде биология пәні бойынша оқушылар бойында қызығушылықтарын оятып, жаңа әдіс- тәсілдерді кіргізсе, ХХІ ғасыр талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда өз үлесін қосатынын айта келді. «Өзгеріс енгізу үшін не істеуің керек?» деген сұраққа мен ең алдымен перспективалық жоспар керектігін, белгілі бір нәтижеге, жетістікке жету үшін, сабақ барысында өз іс- тәжірибесінде қолдану керектігін, кездескен кемшіліктермен жұмыс жасау керек екенін айтып өттім әріптесіме.

   Мектеп әкімшілігімен және әріптестермен кездесу мен үшін жаңа серпіліс әкелгендей болды, өйткені мен сабақтарымды жаңаша ұйымдастырамын, оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтыламын, оқушылардың білім- түсініктерін жетілдіріп, жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргіземін деген сенім туды.

  Үшінші деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтиженің оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету болса, мен өзім оқушы бойынан ынталы, сенімді, сыни көзқарасы дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын қасиеттер көремін және іс- тәжірибемнің бәрінде ойлаған ойымның бәрі, жұмысты жақсартуға ықпал етеді деген үміт пен сенім жарқ ете түсті.

Аталған өзгерістерді мен таңдап  алған 2 сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе отырып, сабақтар  жүргіздім.

Осы курс барысында өз тәжірибемде үлкен, айқын өзгерістерге қадам бастым, әрине, ол өзгерістер жеті модуль идеяларына қатысты. Тек тәжірибем ғана емес, көзқарасым, ұстанымым, құндылықтарым, жалпы өзім өзгердім.     Менің ойым бірнеше жылдар бойы ұстаздық етіп  қалыптасқан, нақтыланған, жан-жақты зерттелген деген нық сенімді оймен қолданып келген дәстүрлі әдісіміз маған тиімді де, ешқашан  өзгермейтін сабақ үлгісіндей болып кеткен еді. Ешқашан мен осы ойымды өзгертем деп ойланып көрмеппін. Сол кездегі тиімді деп  өткізіп келген дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен  салыстырсам айырмашылықтары айқын  көрініп отырғандығы байқалады. Дәстүрлі әдіс бойынша  45 минут бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, барымды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап,   суреттер, кесте арқылы көрсететін тұстарым болатын. Өзім сабақ беретін  сыныбында қалай оқитындығы,қай оқушының берген білімді қандай дәрежеде қалай   қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген тапрсырмалар да баланың ойлау қабылеттерін ескере отырып беруге тырысатынмын. Бұрынғы дайын білім беретін «дәстүрлі»стильмен оқытып үйреніп қалған мен сияқты мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау қабылеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру  үшін өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабылеттерімді дамыта отырып, жаңашыл  идеяларға көп көңіл бөлу керектігін түсіндім. Осы курс барысында  7 модуль идеясын алғаш тыңдағанда менде үлкен қарама-қайшы пікірлер туындады, бұларды біз бұрыннан да білеміз, қолданып жүрміз деген секілді. Ал әрбір модулді жеке-жеке саралап талдаған кезде, менің пікіріме түбегейлі өзгеріс енді.Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың  бұрынғы алған білімдері  мен немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы  әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен  әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. “Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы” орта білім берудің мақсаты — жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұгалімнің педагогикалық шеберлігімен білімділігін, әдіскер шығармашылығын талап етеді. Сонымен қатар, менің оқытудың екінші кезеңінде, оқу Бағдарламасындағы жеті модульді қамтитындай сабақтар ұйымдастыру керек еді. Сонда  модульдердің біразын осы топтық жұмыстар арқылы оқыту  тиімді болып келді. Атап айтсам, талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау барысында, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін тану барысында, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау  модулімен жұмыс жасау кезінде осы топтық жұмыстар арқылы осы модульдермен жұмыс жасау оңайға түсті. Жалпы осы кезеңде, яғни  екінші   оқытудың  кезеңінде, барлық сабақтарымды топтық оқыту әдісімен жүргізідім, бірақ араларында оқушыларыдың өздігенен  орындайтын, сонымен қатар жұппен орындайтын тапсырмалар болды. Сабақтарымда мұндай әдісті пайдалану кезінде, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянғанын байқадым, кейбір оқушылар, әсіресе, тұйық мінезді оқушылар, тапсырмаларды сыныптастарымен бірлесіп істеу кезінде, өздерін басқа қырынан ашты. Ал бұрынғы сабақтарда баяулық танытатын Жұлдызай, Аружан, Мирас есімді оқушыларда  топтық тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып отырды.Сонымен қатар, топтық жұмыстардың арқасында сыныптың ішінде ынтымақтастық атмосферасы болды, оқушылар бірлестікте жұмыс жасауға және де бір-бірін тыңдауға, өз ойын білдіруге, жасаған жұмыстарына қорытынды шығара білуге үйренді. Қорыта айтар болсам, топтық оқыту әдісін пайдаланып, сабақтарды жүргізу үшін, алдымен, бұл әдісті  пайдаланудың  мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар бұл әдіс  болсын, жалпы басқа әдістер болсын, сабақтың тиімдіілігін арттыру керек деп ойлаймын. Мен өз тарапыма келер болсам, топтық оқу әдісін пайдаланып өткізу барысында:

    - оқушылардың пәнге деген қызығушылқтырын арттырдым.

    - сыныптың ынтыамақтастық атмосферасын нығайттым.

    - оқу Бағдарламасындағы жеті модульді іске асырдым.

    - оқушылардың бойындағы қабілеттерін танытуға мүмкіндік бердім.

    сабақтарымның тиімділігін арттырды. Осы стратегияны қолдағанда мен өзімді тек бағыттаушы ретінде сезіндім. Топпен жұмыс істеуде оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, бірлесе жазуға, өз ойларын ортаға салуға үйренді. Әр бала өздерінің пікірлерінің бағаланатынын сезіне алды. Сонымен бірге олар бір-бірімен пікір алмастырғанда балалар бірінің білмейтінін екіншісі толықтырып отырды және өзіне сенімі аздау балалар өзге балалардың айтқандарын есіне сақтауға, олармен қосылып кішкентай болса да жазғандарын оқып беруге ынталанды. Топпен жұмыс кезінде бір баланың ойына келесі баланың ойы қосылады да, ол кеңейтілген түрде жауап болады және оның айтқан жауабын өзге оқушылар тыңдап, өз ойларын қосуға мүмкіндік алады. Бұрын тәжіриебемде көрініс таппаған   топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың  бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Баланың ойын дамыта отырып, өзімнің де ойымның дамығанын осы модул негізімен түсіндіріп бере аламын. Сонымен бірге, оқытудың үшінші «Бетпе бет» кезеңіне келгенде сабақтарда өткізген топтық жұмыстарымызды талқыға салып, бір-біріміздің жұмыстарымызбен салыстырып, жасаған жұмыстарымызға пікірлерімізді білдік. Сонда байқағаным, барлығымыздың жұмыстарымызда  ұқсастықтар мен осы әдісті пайдаланудағы  тәжірибемізге тигізген әсері бірдей болды.  Сол себептен, әлі де болашақта, осы бағытта жұмыс істеймін деп жоспарлап отырмын. Қорытындылай келе, топтық жұмыс кезінде балалар өз ойларын ашық айтуға, бір-бірін тыңдап, сыйлай бастады, белсенділіктері артты. Топ мүшелері барлығының пікірінің құнды екенін ескерді. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім» деп айтылған (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 48 бет). Сыни ойлауға қалыптасып, өзін-өзі реттеуге үйренді. Алдағы сабақтарымда бағдарламаның аталған әдістерін кеңінен енгізетін және әріптестеріме ұсынамын деп ойлаймын.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  әр сабағымда тиімді де ұтымды пайдалана білдім, себебі балалардың да пәнге деген қызығушылығымен қатар  сын көзбен қарай білгені еді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету тапсырмаларды орындау негізінде баланың ойының ұшқырлығын, ойын ашық айта алуын, болжам жасай алатындығын  анық көзімді жеткізе алдым.   Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелеуші сұрақтар қою арқылы зейіндерін сабаққа бағыттай білдім.Бізді қоршап тұрған не? Адам ауаны неге ластамау керек? Жауаптарында  оқушылар бұрыннан білетін білімдерін зерделеп ұтымды пікірлерін айтып жатты. Сыни ойлауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қою мақсатым, сыни көзқараспен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және өз бетімен ізденуге, өз бетімен түйін шығарып, дағдылануға үйрету еді.        Бұл модуль менің тәжірибемде баланың ойын еркін айт алуына, сыни тұрғыдан ойлауға тапсырмаларды бере отырып баланы сыни ойлаттыруға мүмкіндік беруіме, соның нәтижесінде  сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді бола алды, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдай алды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолдана алды; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып,   жаңашыл идеялар мен келешегі жарқын  ашық бола алды. Тәжірибемдегі осындай өзгерістердің негізінде, мұғалім бірінші өзі сыни тұрғыдан ойлай алса, оқушыларына да сыни тұрғыдан ойлаттыруға мүмкіндік береді .     Осы модульді басшылыққа алып, оқу үдерісіне енгізген жағдайымда сынып оқушыларымның оқуда белсенділігі артып, қызығушылығы оянып, ең соңында  тұлға ретінде дамуына септігін тигезеді ме деп ойлаймын. Сынып оқушыларының  өзгеруі,  мектеп өміріне де өзгерістер енгізеді деп үміттенемін, себебі осы оқушылар мектептің қоғамдық жұмыстарына  белсенді аралысады, зияткерлік сайыстар мен ойындарға қатысып мектеп мәртебесін одан әрі арттырады. Әрине, бір айлық практика аралығында  үлкен   нәтижелерге  қол жету мүмкін емес. Бірақ та осы жетістіктерге жету жолында алғашқы қадамдар жасалып, іс-әрекеттер басталуда.     Менің ойымша, оқушылардың білім алу әрекеті ой қозғаудан басталады. Ойлану барысында адам әр нәрсеге өзінің көзқарасын білдіреді. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру және оны тәжірибе жағынан пайдалану өте маңызды үдеріс деп есептеймін. Осы тұрғыда  Глейзер (1941 ) сын тұрғысынан ойлау  «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табаңды күш жұмсауды  қамтиды»,- деп пайымдайды.    Сабақ барысында оқушылар орындаған тапсырмалардың әдеттегі тапсырмалардан айырмашылығы  — оқушылардың сабақ үдерісіне белсенді қатысуы. Жаңа білімді өз бетінше игеріп, ойларын  құрбы-құрдастармен талқылап, қорытынды шығарып, оны қорғап дәлелдейді. Оқушы рөлі орындаушыдан баяндаушы, бақылаушы және де бағалаушыға ауысып отырады. Сабақ оқушылардан тәртіптілік пен таңдауды талап етеді. Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ мектеп суы жоқ диірменмен бірдей” деп айтқан. Тәртіпті сақтауда оқу материалын қызықты және байыпты мазмұндаудың маңызы зор. К.Д.Ушинский „сабақта күлкі мен әзіл болуы керек, бірақ сабақты әзілге айналдыруға болмайды” деп ескертті. Сәбиді тәртіпті болуға бастауыш сыныптарда алғашқы сабақтардан бастап үйретудің маңызы зор.Сабақ беру барысында мұғалім оқушымен бірге ізденіп, көп жұмыстар жасалу керек.Жаңа әдістеме бойынша жүргізілген сабақтарда  жаңа  ресурстар қолдандым, олар А3 форматындағы қағаздар, маркерлер, кері байланыс парақтары. Бұл ресурстарды пайдаланған себебім, бірінші  «Бетпе-бет» кезенінде осы ресурстарды өзіміз қолданып  жұмыс жасадық. Олардың маңыздылығын түсініп, өзімнің тәжірибеме енгіздім. Слайдтар, флипчарттар, сондай-ақ интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятады, және мұғалімдердің көрнекілік мәселесін шешіп берді. Бұдан басқа, сабаққа қажетті кестелер, дидактикалық материалдар, топтық бағалау, критериалды бағалау парақтары, рефлексия жазғызу парақтары жай сөзбен емес, электронды жазылған түрінде беріліп отырды.Іс-әрекетті зерттеу аясындығы өткізген сабақтарымның барлығын бейнежазбаға түсірдім. Бейнежазбаларда топ ішіндегі жұмыс, зерттеуге алынған оқушылардың іс-әрекеті, сыныппен жалпы жұмыс жазылып алынды.Әр сабақта оқушылар топтарына барып визуалды түрде бақылау жүргіздім, олардың ойларын тыңдап, бағыт бердім. Балалардың білім алғандығын анықтау үшін «ыстық орындық », «сұрақ-жауап», «дұрыс немесе бұрыс » стратегиясын қолдандым. Осындай қызуы да қызықты жұмысымызды басқарып, қазіргі оқу үрдісінің жүрісін талдап, таптаурын болған әдіс-тәсілдерге күмәнмен қаратып, сапалы оқытуды қалай ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшыныс пен тың идеяларды ұсынып тамаша көшбасшы бола білген С.К.тренирге  көрсетер құрметіміз шексіз.Міне біз күннен- күнге бағдарламаны оқи отырып, оның идеясын өн бойымызға сіңіре бастадық. Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқу модулі бойынша  сабақ беретін сыныптарым жас ерекшеліктері ескерілген, сондықтан білім беруде және кері байланыс арқылы  қиындық туындамайды. Жалпы 2-сыныптың дүниетану  пәнінің оқытылуы стандартқа сәйкесті Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқулық бойынша жүзеге асады. Оқулық мазмұны 2-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріле отырып құрастырылған. Сондықтан бағдарлама да, сабақ құрылымы да, оқушымен жасалатын іс-әрекет те, барлығы жас ерекшелікке сәйкесті болуы шарт. Бұрында жас ерекшеліктері туралы ескермесем, енді ол туралы ойланып, оның нәтижелі білім берудегі рөлі жайындағы көзқарасымды өзгерттім.Жұмыс тәжірибемде орын алған оң өзгерістерді болашақта да жүйелі түрде тәжірибеме енгіземін. Бойыма жинаған білімді және аз да болса да, бірақ құнды тәжірибемді   менімен бірге қызмет ететін мектептегі және аудан аумағындағы  әріптестермен бөлісемін деп ойлаймын.

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072355

Пікірлер (3)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар