Ғибратты ұстаз

5 наурыз 2015 - Несипкул Утебаева
Ғибратты ұстаз

Несіпкүл ӨТЕБАЕВА,

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Ғибратты ұстаз

1981жыл болатын. Ең алғаш Түркістан қаласындағы педагогикалық училищеге келіп түстік. Тобымыздағы сұңғақ бойлы, ашаң өңділеу келген орыс қызы Наталья маған ылғи күлімдеп жылы жүзбен қарайтын. Сабақ орыс тілінде жүргізілетіндіктен “Түсі жылыдан түңілме”дегендей, түсінбегенімді осы Натальядан сұрайтын едім. Ол ерінбей тәптіштеп маған сабақ түсіндіретін. Менің қиналғанымды байқап, “сен алгебрадан бәрінен жақсы есеп шығарасың” деп, көңілімді аулап қоятын. Алгебраға тіл керек емес, тақтаға бәрінен бұрын шығып есепті тарсылдатып шығарып тастайтынмын. Содан екеуміздің достығымыз нығайып әпкелі-сіңлідей қарым-қатынасқа ұласып кетті.Тағдыр екеумізді еңбекте де тоғыстырды. Міне, зымыран уақыт 34жылды артқа тастап сырғыған сынаптай өте шығыпты.

Бүгінде Смирнова Наталья Михайловна білікті педагог, кемелденген адал жар, аяулы ана, мейірімді әже атанды.Сол бір адамшылық қасиетінен еш өзгермеген жан деуге болады. Оның шексіз мейірімділігіне қызығамын. Бірде ол қақаған қыс мезгілінде алдына жылап келген мұсылман қыздың (О.) тағдырына қатты алаңдап, отағасынан рұхсат алып, оны өз үйіне кіргізіп паналатып екі ай қамқор болғаны бар.Тіпті, сол ісіне ақы да сұрамай, қайта қиналып қалмасын деп, кең пейілділігімен киімін беріп қолына ақша ұстатып жібереді. Сауапты жасаған ісін жариялап айтқан да емес. Қарапайымдылығынан таңған емес.Мен оның риясыз адал көңіліне, пәк пейіліне сан рет куә болғанмын.Осындай ізгі ниетті қазыналы досым барына шүкіршілік етемін. Ол қашан да кез-келген адамға қол ұшын беруге дайын.

Смирнова Наталья Михайловна Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда көп жылдан бері бастауыш сыныптар бойынша мұғалім қызметін атқарып келеді. Осы уақытқа дейін көптеген шәкірттерінің шамын жаққан шамшырақ-ұстаз. Әріптестері арасында беделді тұлға.Ол біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алады.Мысалы, Н.М.Смирнова мектепішілік “Масленица” мерекесін алғаш рет 2002ж. ұйымдастырды.Әрбір ісін түсіністік пен сыйластық негізінде жүргізеді. Ол өзінің жан-жақтылығымен, тәжірибесімен танылған ұстаз. Шәкірттері ылғи да алғы шепте жүреді. Оқушылары Республикалық, облыстық сайыстардың, ғылыми жоба жарыстарының, олимпиадалардың жеңімпаздары атанып жүр. Көп жылғы педагогикалық еңбек жолында Білім және Ғылым министрінің, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің, Славян орталығының Мақтау қағаздарымен марапатталған.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп, Абай атамыз жырлағандай, ізгіліктің үлгісіне айналған нағыз гуманистік көзқарастарды қалыптастыра білген, сүйіспеншілік пен мейірім төккен адал досым, әрі әріптесім – Смирнова Наталья Михайловна әрдайым өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру үрдісін жаңғыртып жалғастыра бермек. Ғибратты ұстаз шәкірттерін даналыққа жетелей берсін!

Несіпкүл ӨТЕБАЕВА,

Некрасов атындағы№9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119718

Пікірлер (3)
Нургиза Кульджина # 6 наурыз 2015 в 10:29 +2
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!- демекші тілі басқа, түрі бөтен, діні бөлек жан болғанымен үлгі тұтарлық, айтуға тұрарлық жан екен.
Айгүл Дайырқызы # 8 наурыз 2015 в 10:31 +1
Өнегемен өрілген ұстаздық жол
«Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар» деп,Жүсіп Баласағұн жырлағандай, асыл ұстаздар қатары көбейе берсін!

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!-деген өлең жолдары арқылы біз таңдаған мамандық, асыл ұстаздардың еңбегі жана берсін!
Несипкул Утебаева # 8 наурыз 2015 в 16:57 0
Рахмет,әріптестер!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар