Ұлы Жеңіске 70 жыл

20 қыркүйек 2015 - Алтынгүл Берсүгірова
Ұлы Жеңіске 70 жыл

Қармақшы ауданы, Қызылтам елді мекені

№79 негізгі мектеп

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!»

Мақсаты:Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

1 жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты салтанатты жиынымызға қош келіпсіздер!

Елінен де, өзінен де күй кетіп,

Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.

Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,

Сол әскери киімдерін сүйретіп

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам!

(маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).

Радио:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі:
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.

Әжесі:
Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.Жанымау көздей қалтаға
Топырақ салдым өзіңе

1жүргізуші.: Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

Балайым: Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.

Назерке: Жабады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайға жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.

1 жүргізуші:

Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы — қасірет әкелмеген бірде — бір отбасы болмады… Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды…

1 жүргізуші:

Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал:Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан:Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал:Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан:Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал:Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан:Құп болады жолдас генерал.

2 жүргізуші:

Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

«Майданнан хат»(үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

«Майданға хат»(үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!

2-жүргізуші:

Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» Жанайым

Нұрзат:

Ұлы жеңіс

Шүйінші, халқым, шүйінші!

Шүйіншіге сүйінші!

Шаттан, ата — анамыз,

Шаттан, аға — бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен,

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той — мереке,

Шыңғысхан:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2 жүргізуші: 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл шуақты күн таратты әнін
Елімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.

1 жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.
(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)

2 жүргізуші
Ел үшін еңіреп, жанын құрбан еткен аталарымыздың рухы мен елге сүйінші хабар әкелген ардагерлеріміздің есімі ешқашан ұмытылмайды деген ниетпен мектеп оқушылырының атынан гүл шоғын қоюға рұқсат етіңіздер.

/Соғыстан оралмаған боздақтардың ескертішіне гүл шоғын қою/

Согыстан оралмаған боздақтар: /Аты-жөнін айту/

Перизат: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала — әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды.

Гүлжайна: Шығыстың қос шынары .
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың.
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.

Анель: Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы — қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады.

Данияр: Ұйықтамай Отан
Көз ілмей таңды таңға ұрып,
Мелшиген мына танкілермен жанды үміт
Бұл жеңіс келген, он жасқа толған кезімде.
Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып

Нұрсауле:

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігітіРақымжан ҚошқарбаевЖеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Данияр: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Нұрсауле: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

Ғалия: Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,

Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.

Жеңіс тойын жақындатып әкелген

Төккен қаны, әке — аға, інінің.

Жеңіс деген шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер мен жаһан даланың.

Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,

Тыныштығың сол Жеңістен басталған

Олжас: 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

Бекзат: 70 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл – шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері 70 рет

Ашылды жеңіс күннің парақтары

70 жыл – үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.

70 жыл – жауымыздың ажал оғы

Біздің елдің үстімен ұшпағалы

Бекзат: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.

Нұрасыл: Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!

Нұржан: Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолындағы ұзын таяғын.

Денесін оқ паршаласа да,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын.

Ғалия: Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.

2 жүргізуші:

9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойының құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Науат апайға беріледі.

Келесі сөз кезегі тыл ардагері Рахымжан атаға.

Келесі сөз кезегі тыл ардагері Назира апаға.

2 жүргізуші: Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» Айгүлдің орындауында қабыл алыңыздар

2-жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.- дей отырып, Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын мектебіміздің «КӨРКЕМ» бишілер тобын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз.

Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
Ортада әскери вальс, қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:

Әсем әндей, қоныр күйдей,

Жылдан — жылға жаңғырып.

Жаса, Жеңіс – ел ерлігі

Сен жасай бер мәңгілік!

Ән: «Сарбаздар» қабыл алыңыздар.

«Қазақстан сарбаздары» әнімен Нұрсаулені ортаға шақырамыз, қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

1 жүргізуші: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.

2 жүргізуші: Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын!

Осыған ұқсас жазбалар:

Тарих"Дарабоз" зияткерлік сайысы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141078

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 23 қыркүйек 2015 в 12:57 0
Ұлы Отан соғысы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үшін таптырмас тақырыптың ең үздігі. Себебі өз аталарын, соғысқа қатысқан ардагерлерді, ҰОС батырларын өз көздерімен көріп, естіп өкендіктен оларға тартымды. Сіздің тәрбие сағатыңыздың тақырыбы да, сценарийі де жақсы.
Базаргүл Алтынбекқызы # 25 қыркүйек 2015 в 21:50 0
Елімізде бейбітшілік болсын,тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар