​ Математиканы оқытуда ББД бағалаудың нормасы

16 наурыз 2015 - Майра Нурханова
​  Математиканы оқытуда ББД бағалаудың нормасы

Математиканы оқытуда білім, білік пен дағдыларды бағалаудың нормасы

1.Оқушылардың математиканы оқудағы жазба бақылау жұмыстарын бағалау.

«5» бағаның қойылуы, егер:

-жұмыс толық орындалса,

-логикалық пайымдаулар мен шешімдерді негіздеуде қателер мен кемшіліктер болмаса,

-есептеуде математикалық қателіктер жоқ (мүмкін болмашы кемшілік, аңдаусызда жіберілген қателіктер болуы)

«4» бағаның қойылуы, мүмкін жағдайлар:

-жұмыс толық орындалғанмен, шешу қадамдарында негіздеудің жетіспеуі,

-бір қатенің жіберілуі немесе кескінде, суретте, сызбада не графикте екі-үш кемшіліктің не түзетудің болуы.

«3» бағаның қойылуы, егер

-оқушы міндетті білім деңгейін меңгерген, бірақ бір артық қате немесе кескін, сызбаларда екі-үш кемшілік жіберілуі, түзетудің болуы.

«2» бағаның қойылуы, егер

-оқушы міндетті деңгейді меңгермегенін көрсеттеін өрескел қателер жіберсе.

Мұғалім берілген сұраққа ерекше жауап берген немесе есептің ерекще жолын көрсеткен оқушының жоғары деңгейдегі математикалық дамуын дәлелдейтін аса күрделі есепті шығарғаны үшін бағаны көтеріп қоя алады.

2.Оқушылардың математиканы оқудағы ауызша жауаптарын бағалау.

Оқушы жауабы «5» бағаланады, егер

-бағдарлама мен оқулық көлемінде берілген оқу материалының мазмұнын толық ашса;

-математикалық терминология мен символиканы дәл қолдана отырып, белгілі логикалық тізбек бойынша материалды сауатты түрде жеткізсе;

-жауап берумен бірге сурет, сызба, графикті дұрыс орындаса;

-теорияны ашатын мысалдар келтіріп, практикалық тапсырманы жаңа жағдайға қолдана алса;

-алдыңғы байланысты тақырыптардан алған теориялық білімін көрсете алса;

-мұғалімнің жетелеуінсіз, өздігінен жауап берсе;

-қосалқы сұрақтарға жауап беруде бір-екі кемшілік жібергенмен, мұғалімнің ескертуінен кейін оларды оңай түзете алса.

Оқушы жауабы «4» бағаланады, егер негізінде жауап «5» бағасының талаптарына сай болса, сонымен бірге кейбір кемшіліктердің болуы:

-ауызша жауап беруде жауаптың мазмұнын бұзбайтын кейбір қателіктердің болуы;

-жауаптың негізгі мазмұнын ашуда бір-екі кемшіліктің болуы және оларды мұғалімнің ескертуінен кейін оңай түзетуі;

-қосалқы сұрақтарға жауап беруде бір-екі кемшілік жібергенмен, оларды мұғалімнің ескертуінен кейін оңай түзетуі.

Келесі жағдайларда жауапқа «3» баға қойылады:

-материал мазмұны толық ашылмауы (ретін сақтамай, үзінді түрде жеткізуі), сұрақты жалпы түсініп, бағдарламалық материалдың игерілмегендігін көрсететін біліктілік байқалса;

-математикалық терминология мен символиканы қолдануда қателер жіберілсе және мұғалімнің сілтемелерінен кейін тақырыптың міндетті деңгейінің тапсырмасы орындалса.

-тапсырманың міндетті деңгейі орындалып, бірақ оның практикалық тапсырмасын жаңа жағдайда қолдана алмаса;

-теориялық материалды біле отырып, теорияның қолдануын көрсететін негізгі білім, дағдылардың қалыптасуы жеткіліксіз болса.

Келесі жағдайларда жауапқа «2» баға қойылады:

-оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаса;

-ұғымдар анықтамасында математикалық терминдерді қолдануда, кескіндерде қателер жіберілсе және олар мұғалімнің сілтемелерінен кейін түзетілмесе.

3.

4.Қателердің жалпы классификациясы.

Оқушылардың білім, білік және дағдысын бағалауда барлық қателерді ескеру қажет.

Өрескел қателер:

-негізгі түсініктердің анықтамасын, заңдарын, ережелерін, теорияның негізгі қағидаларын, формулаларын, шамалардың жалпы қабылданған белгіленуін, шамалардың өлшем бірліктерін білмеу;

-өлшем бірліктерінің атауын білмеу;

-есеп шешу алгоритмі мен есеп шығару біліктілігін қолдана білмеу;

-қорытындылау мен жалпылау жасай алмауы;

-графикті оқи және сала білмеуі;

-түпдерек, оқулық пен анықтамалықты қолдана білмеу;

-теңдеудің түбірін жоғалтуы немесе бөгде түбірді қалдыру;

-еш түсіндірмесіз бір түбірді алып тастау;

-оларға бірмәнді қателер;

-есептеулердегі қателер;

-логикалық қателер

Өрескел емес қателер:

-анықтама, түсінік, теориядағы негізгі ұғымдардың қасиеттерінің толық болмауы немесе осы бір-екі белгісінің қосалқы белгілермен ауысуы;

-графиктің дәл болмауы;

-есепті тиімді емес әдіспен шешуі немесе жауаптың жеткілікті түрде ойластырылмаған шешімі (логиканың сақталмауы, жекеленген сұрақтардың қосалқы сұрақтармен ауысуы)

-есепті дұрыс шығармауы, тапсырманы жалпы түрде шеше алмауы.

Кемшіліктер:

-есептеуде, түрлендіруде тиімді әдісті қолданбау;

-сызба, кескін, графикті дәл, әрі ұқыпты орындамау.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышӘдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

Ұстаздарға«Samsung SMART class» жазба жұмыстардағы тиімділігі

Әдіс бірлестіктерОқушылардың жазба жұмыстар мен жұмыс дәптерлеріне талаптар

Ұстаз үніБАҒАЛАУ. ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

ҰстаздарғаОқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1109994

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар