«Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі»

8 сәуір 2014 - Айгуль Куанова
«Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі»

 

Куанова Айгуль Каребаевна

ШҚО Көкпекті ауданы Биғаш ауылы

«Маяковский атындағы орта мектебі»КММ

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Сабақтың түрі: сыныптан тыс іс — шара

Тақырыбы: «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі» кешінің сценариі

 

Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру, ұлттық салт-дәстүр түрлерін айта отырып, рухани жан-дүниелеріне әсер ету. Салт-дәстүрді сыйлауға, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шарлар, ленталар, шаңырақ.

1-Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, әріптестер және балалар! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ата-бабамыздың сөзімен айтқанда, бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн! Наурыз мейрамы құтты болсын !

2- жүргізуші: Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1-жүргізуші:      Армысыңдар ағайын!

                                               Наурыз тойын жұп жазбай,

                                               Қошеметпен қарсы алайық!

                                               Досқа құшақ ашайық,

                                               Өлең-жырға басайық.

                                               Қазақтың бір салты деп,

                                               Тойға шашу шашайық!

Шашу шашылады.

2-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры С.С.Калиевқа беріледі.

                             Келіңіздер, Наурыз күнін

                             Қарсы алайық, билейік.

                             Жыр жырлайық, ән салайық.

Ән:  «Қош келдің, Наурыз!»  Адылханова Күміс

 Енді осы жерде отырған Әр бір сынып

1. өз ауылдарының аттарымен  таныстырып өтсе

2. Салт-дәстүр

3. Өнер көрсетсе

1-жүргізуші:

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз.

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды.

Қарсы алайық Наурызды.

 Сымбат:

Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды

Төгілтіп ән-күй жырды,

Мейрамдайық бұл күнді

Тіршіліктің бастауы

Наурыз айы-мен болам.               

2-жүргізуші:

Ұлыс келді!

Ұлыспенен жеріме тыныс келді,

Ақ боз аттың уығы күмістелді.

Торғай біткен топырлап шұқынып жүр,

Бітіре алмай жүргендей бір істерді.

Ауылымыздың бар жасы игі іс бастап

Бұлақ көзін ашқанды дұрыс көрді.

Олар еккен жас ағаш жайқалғанда,

Жібергендей билетіп алып жерді.

 

7-8 сыныптың оқушыларының орындауында  «Қазақ биін» қабыл алыңыздар

Наурыз – Сымбат

Балалар қандай Наурыз белгілерін білесіңдер?

Наурыз күнгі тағам – «Наурызкөже»

Наурыз күнгі айтылатын ән – «Жарапазан»

Наурыз күнгі жауған қар – «Наурызша»

Наурыз күнгі тілекті қабыл ететін қария – Қыдыр ата.

 /Наурызды дастарғанға жайғастыру/

2-жүргізуші

Мұсылман ұғымы бойынша 21 – наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнгі кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен. Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.

Қыдыр ата:                — Ау, аманба, жараңдар!

                                               Алтын таңға қараңдар

Ерте жайнап атты таң

                                               Естіліп тұр шаттық ән

Жұрағатым қуанып

                                               Рақатын тапты жан

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдайық мұны біз

Жас балаша нұрланып

Жадырасын күніміз

1-жүргізуші:                Саулық айтқан қауымға

Той таусылмас қазына

                                               Наурыз күні бас қосқан

Той басталар ауылда

2-жүргізуші:      Оу, ағайын тұрмайық!

Шаттықтан құр қалмайық

Тойдың сәнін келтірер

Әншілерді тыңдайық

 

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дәстүрі бар халық еш сөнбейді,

Ол қайта дараланып көкке өрлейді.

Қазағымның тәрбиесі саналатын,

Біліп жүргін, бүлдіршін дәстүріңді-демекші, ортаға ауылдардың дәстүрді насихаттауы.

(әр ауыл өзі дайындап келген дәстүрін көрсетсін)

1. Тойбастар

2. Кіндік кесер

3. Ат қою

 біз ортаға осы  1 сынып «Жорға биін» билейтін оқушыларымызды шақырайық.

4. Бесікке салу

5. Қырқыннан шығару

6. Тұсау кесу

7. Құлақ тесу

4 сынып оқушыларының КТК әзілдерін тамашалалайық

1-жүргізуші:

Тойымыз өте көңілді өтіп жатыр. Наурызда тек қана өлең айтып, би билеп қана қоймай, ұлттық ойындар ойнаған ғой. Ендеше, қазір «Арқан тартыс» ойыны.
— Ауылдарымыз келесі кезеңге дайындалғанша біз бір ойын ойнайық. Бұл ойын қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі «Арқан тартыс».

Ойын шарты: Ортаға тең болып ойыншылар шығады, арқанды ұстайды, белгі берілген уақытта арқанды тартады. Егер көрсетілген сызықтан асып кетсе, онда күші басым топтың жеңгені.

Өнер- деген әр адамда бар қасиет,

Оныда біліп жүрген бір ғанибет.

Дүйім елге көрсетсең өнеріңді,

Шаттанып қол соғады бір бағалап.

/Қалған номерлер кетеді/

2-жүргізуші:

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар!

Қыдыр атадан бата алса,

Сонда ол жылы жол болар!

Аумин!

Қыдыр ата батасын береді:

Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім — өнер серік болсын!
Амансыз ба,
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлігі ақты болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

1-жүргізуші:

Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға арнап, біз бүгін
Әннен шашу шашайық.

Күмістің орындауында «Асыл досым»

2 жүргізуші

Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсіреді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы...

 «Қорытынды:»

Жарыс деген аты болмаса, міне, көріп отырсыздар татулық білік, ынтымақ болса, ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық болатыны сөзсіз. ҚР Президентінің әр жыл сайын Қазақстан Халқына жолдайтын Жолдауында басын ашып айта кететін басты мәселесі татулық пен достық. Екі ауыл тату болса, тұтас бір мемелекет тату деген сөз. Әрқашанда тату болайық, дос болайық деген Елбасының алдына қойған бір мақсаты болса, ол мақсатты жүзеге асыратын мына сіз бен біз. Мерекелірің құтты болсын, ағайын. Сәбидің жүрегінен шыққан сөз орындалады. Қазақта сәби айтты бітті, ол орындалуы керек деп есептелген. Ендеше осы наурыз мерекесіне арнап әр ауыл өз тілектерін айтсын.

Анара

Ақ мол болсын!

Әділет

Наурыз оң болсын!

Аяулым

Қайда барсаң жол болсын!

Ақжол

Наурыз ақты болсын!

Адина

Балдырған балалар бақытты болсын!

Балауса

Ел іргесі тыныш болсын!

Бекзат

Кетпейтін бақ-ырыс болсын!

Медина

Келген жыл молшылық әкелсін!

Ерасыл

Елімізде тоқшылық болсын!

Шынарай

Бақытты, бейбітшілік заман болсын.

Хор: Әумин!

Осымен «Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі» атты мерекелік іс-шарамыз  аяқталды. Барлық отбасыға көктемдей жылылықты, Наурыз қарындай тазалықпен шынайылықты тілеймін. Ел іргесі аман, бейбітшілік болсын. Мереке мерекеге ұлассын, елімізде әрқашан той, қызық думан болсын.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150766

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар