"Сүйемін туған тілімді"

6 қазан 2015 - Құралай Орманова

Алматы облысы, Райымбек ауданы,

Сарыжаз орта мектебі.

Шағын орталық тәрбиешісі

Орманова Куралай Халеловна

Тіл мәселесі бүгінгі күннің басты тақырыбы деп білеміз. Тек апталықта ғана емес әр күнде біз ана тілге деген құрметті жоғары қоюды бала санасына сіңіруіміз қажет.

Орта топтағы тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Сүйемін, туған тілімді»


Мақсаты: Балаларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әдеби монтаж, жұмбақ ойыны, мақал-мәтелдер, полиглот, жатқа оқу т. б. Көрнекілігі: қанатты сөздер, буклеттер

/1 -тәрбиеші: Құралай

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім.

2 -тәрбиеші Жанат . М. Мақатаев

Ең бірінші бақытым-тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей — кезде өмірдін түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім

Тәрбиеші

22 -қыркүйек күні Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлаймыз.

Біздің ата мекеніміз – Қазақстан Республикасы.

Қазақстан – достықтың киелі мекені.

Республикамызда 130- дан астам ұлт өкілдері мекендейді

Бүгінгі мереке Қазақстанда тұратын барша халық тілдерінің мерекесі.

Ендеше, ортақ мереке құтты болсын, ағайын.

Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.

Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.

Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,

Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.

**

Тәрбие сағатына ата-аналар да қатысып отырды.

1 ата-ана

Тәуелсіздігіміздің ең басты белгісі – оның ана тілі. Өзінің ана тілі жоқ ел –мемлекет болып өмір сүре алмайды

2-ата-ана

Дүниедегі барлық халық, ана тілін сақтап қалуға ұмтылады. Кез — келген мемлекет өзінің, ана тілін айрықша қорғайды.

3-ата-ана

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.4-ата-ана

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі

ХОР: «АНАНЫҢ ТІЛІ»

Тәрбиеші:

Міне, осының бәрін ескере отырып, 1997 жылы шілденің 11- күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

Тәрбиеші

Бүгінгі күні қазақ тілі қауіпті жағдайда тұр. Ана тілдің қаймағын бұзбай ұстап тұрған ауылдағы ағайындар десек артық болмайды.

Біздің балалар ана тіліне деген қызығушылықты қайдан алады?

Заңғар Нарузбайды тыңдап көрелік.

Әр баланың анасы

Туған тілге жауапты

Ана қалай сөйлесе

Бала солай сөйлейді

Бар мықтысын қазақтың

Ана тілі танытқан

Мен намысты қазақпын

Туған мықты халықтан.

Міне, осылай ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыра отырып, балалардың ана тіліне деген көзқарасын қалыптастырамыз.

Олай болса әдеби-монтажға кезек берейік.

Ана тілім – асылым да, ардағым

Өркендей бер, ұмытылып қалмағын

Қуанар ем, шаттанар ем сен үшін

Ана тілде сайрап тұрса әр қазағым

Исламнур.

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым, шаттығым.

БЕРЕКЕ

Қадіріңді ұғынса екен ұрпағың

Өзіңменен бірге атады әр таңым

Биіктесе өсіп сенің мәртебең

Сол ғой менің өмірдегі арманым.

АЗАМАТ

Тілім менің тірегім,

Қорғап оны жүремін

Тілім барда күлемін,

Сол үшін өмір сүремін.

ТАҢАТ

Өз тілімді сүйемін,

Өзге тілді білемін

Тілім жоғалса өмірден

Не боларын білемін

Ана тілім – тірегім

Сен деп соғар жүрегім

Ана тілді өтейікші қастерлеп

Осы менің тілегім.

Аяжан М

Ойымды ана тілмен оюлаймын

Жүректе, ана тілсіз қоюлар мұң

Құдіретті тілімнің арқасында

Ешқашан жер бетінен жойылмаймын

Исатай

Ана тілді бойыма

Ана сүті дарытқан

Ана тілін сақтаған

Айналайын халқымнан

Азиза

Сүйсен өз тіліңді

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақта тіліңді

Гүлім

Бала бақша ойнатты

Ойнатты да ойлатты

Ана тілі сырына

Тереңірек бойлатты

Заңғар Нарузбай

Ана тіл-біздің туған анамыз

Анамыздай сылап, бағып қағамыз

Ана тілін кім аялай білмесе

«Анасынан безен ұл» деп санаңыз

Бақдәулет

Ана тілің біліп қой

Еркіндігің теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың елдігің

Айна

Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның

Заңғар Мұрат

Өсірген ой-білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Береке

Ана тілін жырлар өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған алау бар

Әліби

Ана тілің арың бұл

Ұяты боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Ақереке

Ана тілім ұраным

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім

ІНЖУ

Ең ащы-тіл, Ең тәтті-тіл. Ең қатты -тіл. Ең жұмсақ-тіл

Дамир

Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін

Бағдәулет

Балалардың тілі тәтті, өзі де

Күлме олардың боямасыз сөзіне

Бұлтиып ап, бұртиып ап, бұйырып

Айтқан сөзін жасатады өзіңе

Каусар О

Саша, Паша, Машалар

Тек орысша сөйлейді

Біздің елде жұрсе де

Қазақ тілін білмейді

Біздің қазақ баласы

Неге орысша сайрайды

Туған тілі қайда оның?

Соған қаным қайнайды

Қасабек Айым

Атам менен анамның

Айтқан тілін аламын

Үлкен кісі жұмсаса

Қайда болса барамын

ДАМИР

Ана тілім, туған тілім ардақты

Сенен білім, тәлім алам жан-жақты

Туған тілім алтын қазық деймін мен

Сенің сөзің қорғасындай салмақты

ІНЖУ

Атам маған өмірде

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

Мәлікен Аяжан

Ана тілін білмгн

Ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас

ОРШАН ЗАҢҒАР

Қазақ тілі — бұл менің азат тілім

Көгімде талмай самғар қанат тілім

Жыры-қуат, сөзі- ана уызындай

Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім

ГҮЛІМ

Қазақпын мен, қзақтың бөлшегімін

Қажеті не басқша өлшеміңнің

Қазақ деген Ұлы ұлт мен боламын

Бүгін міне жетеді көкке үнім

МАРАТ ЗАҢҒАР

Барлық тілді үйренерсің сен әлі

Жігіт болып саналы

Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа

Өз еліңнің туын көтер жоғары.


Бала — бақыт, бала — базар, бала -өмір

Балалықтың шат үнімен, бал -өмір

Баласы бар үйдің бәрі бақытты

Баламенен қызығрақ бұл өмір.

Екіншіден күнделікті өмірде қоршаған заттарды тұспалдап, жасырамыз, сипаттаймыз. Жұмбақ мағынасын түсінген соң өздері де жұмбақ құрастыруға талпынады… Олай болса

ЖҰМБАҚ ШЕШЕЙІК

Ең ащы не? Ең тәтті не?

Ең қатты не?, Ең тәтті не?

Аяжан.Мәл

Қалқиған екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады

НАЗ

4 аяғы бар, жұрмейді

Мирас.С

Екі көрші, бірін — бірі көрмейді.

АҚНИЕТ:

Ертемен күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір-ыласың

Тап-таза боласың.

МИРАС С

Аяғы бар, етігі жоқ

Қалпағы бар басы жоқ

НҰРЫМ
Кішкене ғана басы бар

Арқалаған тасы бар

**

Айдалада ақ отау

Аузы-мұрны жоқ отау

Исатай

Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді қорғаған

Ысқырығы күшті адам

Әбділ Аяжан

Өзі -қу, жүрген жері шу

Халқымыздың өлмес, дана сөздері мақал-мәтел түрінде бізге де жеткен. Бала, тілін дамыта отырып, тәрбие алады.

Мақалдар

Ана тілде ата-баба сыры бар

Ана тілсіз оның қандай құны бар

Айша

Ананың сүті-бал

Баланың тілі -бал

Айым

Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады

Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Мереке. Оқу инемен құдық қазғандай.

**

Өнер-ағып жатқан бұлақ

Білім- жанып тұрған шырақ

**НАЗ Басқа пәле-тілден

Сөз ұйқасын табу бала тілін дамытудың таптырмас әдісі. Балалармен бірлесе отырып өзіміз құрастырдық

ҰЙҚАСЫН ТАП:::

Аяқ-нога,

Подкова-таға*

М: ЗАҢҒАР:

Голова-бас

Камень-тас

**Н.Заңғар

Глаза-көз

Слова-сөз

**С. МИРАС

Ухо-құлақ

Родничок-бұлақ

**

ӘЛІБИ

Рука-қол

Дорога-жол

**

ГҮЛІМ

Рот-ауыз

Жевачка-сағыз

**

Зуб-тіс

Дело-іс

**

ДАМИР

Дверь-есік

Дыра-тесік

**

БЕРЕКЕ
Окно-терезе

Стена-кереге

О.ЗАҢҒАР

Нога-аяқ

Палка-таяқ

**

НУРАЛИ

Волосы-шаш

Беги-қаш

**

ИСАТАЙ
Мұрын-нос

Друг-дос

**

Одежда-киім

Копейка-тиын

АЗАМАТ

Садик-бақша

Деньги-ақша

**

Степь-дала

Город-қала

**

Звезды-жұлдыз

Ондатра-құндыз

**

О.КАУСАР

Тетрадь-дәптер

Голубь-кептер

*

Хлеб-нан

Ячмень-дән

**

Заяц-қоян

Мушкетер-ноян

**

Солнце-күн

Ночь-түн

**

Баран-қой

Праздник-той

**

Тәрбие сағатымызды ән тыңдай отырып, аяқтайық.

Бүгінгі жиынға, келдіңіз бәріңіз. Рахмет сіздерге айтамыз бәріміз

Ана тілде шырқайық

Хор. Ұлдар. «Ел қорғауға әзірміз»

Хор. Қыздар «Біздің әсем аулада»

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084919

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 9 қазан 2015 в 11:44 0
Тіл туралы өлеңдер, сөз ұйқасын табу қатты ұнады. Үлгі алуға болатын тәрбие сағаты.
Құралай Орманова # 13 қазан 2015 в 21:15 0
Наргиза, пікіріңізге көп рахмет. Менің балаларым сондай алғыр, көп нәрсенің шешімін өздері көрсетіп отырады. мамандығым қатты ұнайды.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар