Іс - шараны талдаудың дәстүрден тыс формасы

29 мамыр 2014 - Серік Ұзақбайұлы

Тәтті жемістің бір бөлігі – Мандарин

Бал жинаған – Ара

Еңбектенген – Құмырсқа

Уақытты көрсетер – Сағат

Бүтін жеміс – Алма

Жылдамдықтың символы – Тұлпар

Аялы алақандағы үй — Ынтымақ

Тәтті торт – Нан

Бірлік символы – Алақан

Алды жарық болашақ бейнесі – Жол

Еңбеқтің жемісі — Егіс

Биіктіктің белгісі – Тау

Жайнаған жасыл – Тал

Өткен мен бүгін — Іздер

Іс — шараны талдаудың дәстүрден тыс формасы

Мақсаты:

Семинардың тақырыбына сай дәстүрден тыс сабақтарды талдаудың дәстүрден тыс формасын көрсету арқылы қатысушылардың пікірлерін жан-жақты, еркін жеткізулеріне психологиялық тұрғыда ықпал ету.

Көрнекілігі:

Интербелсенді тақта.

Нұсқау:

Экраннан көріп отырған тыныс белгілері өмірдегі өз қызметтерін бұл жерде атқарады. Мысалы: Сұрақ белгісінде — Тәтті жемістің бір бөлігі – Мандарин.

Бал жинаған – Ара.

Еңбектенген – Құмырысқа, т.б.сөздер берілген.

Ал, леп белгісінде –Алды жарық болашақ бейнесі – Жол.

Еңбектің жемісі — Егіс.

Биіктік белгісі – Тау.

Барысы: Енді сіздер осы заттардың ерекшелігіне қарай сипаттама бере отырып, семинардан алған әсерлеріңізді байланыстырып айту арқылы пікірлеріңізді білдіресіздер. Мысалы, мандарин – тәтті жемістің бір бөлігі, демек, ол – дәрумені мол, адам ағзасына пайдалы, шырынды жеміс. Олай болса, бүгінгі семинардың да берері мол болды, біз дәстүрден тыс сабақтардың тиімділігі төңірегінде әріптестерімізбен кең ауқымда тәжірибе алмастық. Енді үлестірмелі материалдарға назар аударыңыздар. Мұнда экрандағы көрнекілікте берілген сөздер жазылған. Сұрақ белгісінде берілген сөздердің бас әріптерін қосып оқысаңыз МАҚСАТЫНА деген сөз, ал леп белгісінде ЖЕТТІ деген сөз шығады. Мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай, тыныс белгілерінің өз қызметін атқаратындығын көрсетеді. Демек, сұрақ белгісі «мақсатына жетті ме?» деген ойды білдірсе, леп белгісі «жетті!» деген мағынаны білдіреді.(Қатысушыларға көрсетілген нұсқау бойынша пікірлерін айту ұсынылады.)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084891

Пікірлер (1)
Айдана # 17 қазан 2014 в 09:45 0
Өте керемет,маған ұнады,өз іс-тәжірибемде қолданамын

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар