Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем!

8 қараша 2015 - Bibigul Sabitaeva
Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем!


Ұстазым- ұлағатым,үлгі— өнегем!

Ұстазым- ұлағатым, үлгі- өнегем! 03.10.2015ж

( Ашық тәрбие сағаты) 5 «ә» сынып

Мақсаты: Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, ғылым, тәрбие

беретін устаздарын құрметтеуге, аялауға үйрету; оларды

төл мерекесімен құттықтай отырып оларға арнап

өздерінің ыстық лебіздерін білдіре отырып кеш өткізу;

құттықтау.

Көрнекіліктер: слайд, суреттер, плакаттар, ұстаздарға арналған керемет сөздер.

Сәлемдесу:

Сынып жетекші: Сабытаева Бибигул: — Сәламатсыздарма аяулы мектеп ұстаздары, ата- аналар, оқушылар!!! Бүгін біздің 5 «Ә» кеңейтілген сынып оқушыларының өздерінің аяулы ұстаздарының төл мерекесіне орай ұйымдастырған «Ұстазым ұлағатым, үлгі-өнегем!!!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Құрметті ұжымдастар бүгінгі мерекелеріңіз қутты болсын! Жұмыс тарыңыздаыңызда шығармашылық табыс, жанұяңызға береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілей отырып, біздің сынып оқушыларының дайындаған кешін тамашалайық! Қош келдіңіздер ұстаздар қауымы! Ата- аналар! Оқушылар!

1 жүргізуші: — Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар!!! Сіздердің бугінгі төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызығы мен қиыны мол жұмыстарыңызда толағай табыс тілейміз. Шәкірттеріңіз тек ғана биіктерден көрініп сіздерді қуантып жүреберсін деп, сіздерга арналған кешімізді ашыпберуің мектеп әдіскері — Сатенова Сара Ақылбекқызына сөз кезегі беріледі.

- — «Құрметті 5 «ә» кеңейтілген сынып оқушылары, ата- аналар! Құрметті әріптестер!… ( Сара апайдың құттықтау сөздері)

Ж-і: Рахмет апай! Мерекелерін құтты болсын! Амиров Аманғалидың орындауында «Анама» әнән қабыл алыңыздар!

2- жүргізуші: — Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Біліммен суарған шәкірттерін

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

1-жүргізуші: — Әл-Фараби: «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек»- деген.

Енді сынып оқушыларының орындауында «Қамажай» қазақ биін қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші: Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,

Жана берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көрініз ағыныздан!, дей келе созді мектебіміздің МЖО: Едигеева Дина апайга сөз кезегі беріледі

1-жүргізуші : Әр адамға құрметпенен қараған,

Өз ойынан мол ізгілік тараған.

Талап пенен тәртіпті тек ту етіп

Осы өмірге мұғалім боп жаралған. Тәрбие жөніндегі орынбасары Алчораева Гулнар апайларға беріледі.

2-жүргізуші: Ғылым иесі- ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруада, көкті шарлаған ғарышкер де- бәрі –бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

Ұстаздарға арналған өлең шумақтары орындайтын: Айнур Тынымбаева, Жандос Утешов, Сабит Жұлдыз

1-жүргізуші:Ұстаз- әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз- ана, ол шәкірт туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз –жолдас. Ол әрқашанда шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз- дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.

Келіңіздер бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары ата- аналар: Дауитгүл апа мен Гүлнар апалардың лебіздерін тыңдайық.

2-жүргізуші: Ұстаздарға арналған таппақтар, орындайтын- Алтыншаш, Алтынбек, Айдана, Әділет.

1-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген- анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сенде одан адам болып жаралдың.

2-жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып журдік ән кылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

5 «Ә» сынып оқушыларының орындауында заманауи би « Флешмоб» бийін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Салембердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамызда.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқанызда дей отырып мектептің ардагер ұстаздары Зина апай мен Дамет апайға сөз кезегңн береміз.

2-жүргізуші:Ұстаздар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекен қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп

Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

«Құтты болсын мерекең» әні орындайтын Арсен мен Аида

1-Жүргізуші: Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Әр қашан аман болып жүрсен дерек

«Ұстазым менің » әнін қабыл алыңыздар, орындайтын Аманғали мен Әсемай

2-жүргізуші: Көңілің болсын ақ қардай,

Жарқылдап көзді тартқандай.

Ел жұртың сені ардақтап,

Жүре берсін Апайлар!

Деп сөз кезегін ата- ана Мариям мен Мөлдір апаларға береміз.

1-жүргізуші:Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген!

Айтыңдаршы, адам барма Өмірде,

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?

Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын тойларына тарту етем,

Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

Ән: «Құтты болсын төл мейрам» орындайтын сынып хоры

2-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген тәрбиешілердің еңбегі зор.

Сынып қыздарының орындауында орыс «Катюша» биін қабыл алыңыздар!

1--жүргізушілер: Ұстаз сөзін айтып журдік ән кылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

Дей отырып «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар, орындайтын 5 «Ә» сынып оқушылары

2-Жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары, біздің 5 «Ә» кеңйтілген сынып оқушыларының Ұстаздар мерекесіне орай дайындаған «Ұстазым- ұлағатым, үлгі- өнегем!» атты кешіде өз мәресіне жетті. Кешіміз аяктағалы тур.

    1-Жүргуші: Құрметті ата-аналар! Аяулы ұстаздар! Алтын уақыттарыңызды бөліп, кешімізге катысұандарыңызға коп-коп рахметімізді айтамыз! Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!!!

    1-2 жүргізушілер: Қош сау болыңыздар!!!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119729

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар