"Тілім, дінім, ұлтым қайда көгерген Елбасымыз Нұрағаңның бастауы"

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Тілім, дінім, ұлтым қайда көгерген  Елбасымыз Нұрағаңның бастауы» 


Мақсаты:1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру 
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
3.Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. 
Көрнекілігі: слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев 

Жүргізуші:  Мемлекетіміз тәуелсіз ел, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.
Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларымыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін тыңдайық. 
Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты. 
 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
 Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды. 

1- оқушы  Дилназ
Туған жердің жайқалған алқабы егін, 
Биік сенің мәртебең, дарқан елім. 
Пейіліндей қазақтың байтақ далам, 
Сен не деген кең едің, шалқар едің. 
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары, 
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары. 
Анасындай туған ел қамқор болыербетеді құшақтап ұл-қыздарын 
Әсем сазы басталған таза ағыстан, 
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан. 
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты айқын 
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 
2- оқушы Аружан 
Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін! 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған. 
Бұл далаға жылап келіп, уанғам, 
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! 
3- оқушы Жанел 
Кең байтақ қой Қазақстан картасы, 
Астанамен айшықталған ортасы. 
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, 
Бұның бәрі Елбасының арқасы. 
 Шықты тарап ой-данадан, 
Бері қарап жұлдыз беті. 
Өзі қалап сайлап алған, 
Елімнің бар Президенті п, ы дамыдақыт желі ескендей жайлап алған. 
Президентім бар менің елі түгел, 

Ақ киізге көтеріп сайлап алған. 

4-оқушы:  Ермахан
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың, 
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. 
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері, 
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың. 
5-оқушы:  Аружан
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр, 
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдаржыр, 
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа, 
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр. 

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. 
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген. 
6-оқушы:   Аружан  Даниярова
Жесірге пана,қашанда қамқор боп жүрсің жетімге, 
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде. 
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға, 
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде... 
 
Оқушы Монологы «Менің Президентім».  Шырайлым
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлер.
7- оқушы.  Жансая 
Қасиетті Қазақстаным, мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім, 
Болашағым, өнер- білім, өркенім. 
8- оқушы.   Ақжол
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным, 
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым. 
Сен менің арым, бағым, барымсың, 
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның! 
9- оқушы.  Айдар
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, 
Қазағымның өркендеді елдігі. Ағалардың ұмытылмас ерлігі. 
10- оқушы.  Айбол
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған, 
Өмір жолы болған қиын бұралаң. 
Қазағымды жарқын жолға бастады 
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам. 

  11- оқушы.  Ақмарал 
Естімейік енді елдің жылағанын, 
Қайта құлап, бостандық сұрағанын. 
Абылайдың жолымен алға басқан, 
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның. 
12- оқушы.  Мадияр 
Биіктей бер, Нұр аға, 
Қыран қанат талмасын. 
Қадірлемей тұра ма, 
Халық сіздей тұлғасын. 
13- оқушы.   Ерсін
Гүлдене бер, Отаным, 
Көтерген туын Нұр ағам! 
Көбейткен достың қатарын, 
Нұр аға – біздің ұлы адам. 
14- оқушы.  Рахат
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар, 
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар. 
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
  Жүргізуші:   Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ. 

 Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетілді:
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. 
 
      Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. 

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздыжүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 

15- оқушы. Айқын
 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту,Әнұран бекітілді. 
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. 
 Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр 

16- оқушы.  Айбол

Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

17-  оқушы.   Ақмарал
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. 
   18 — оқушы.  Дильназ
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп. 
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет. 
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген. 
Өз туы, елтаңба,әнұраны бар 
Айтындаршы, енді елім кем деген.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жанарып қалам, жасарып далам! 
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым. 
Арыстан жүрек, айбынды елім
Ауыр күнді артымызға тастауы – 
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. 
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы 


Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов) 
 Қорытынды. Мұғалім сөзі: 
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҚалмақ ертегісі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068761

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru