"Тәрбие тағылымы-тәртіп пен талаптан" әссе

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды»

Б.Момышұлы.

Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген.

Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн дейді. Білім алғанның бәрі жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен, тәртіппен және талаппен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды.Ата-ана мен аға буындардың ақылын алып, солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса, жас жеткіншектерге тәлім -тәрбие мүлдем қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан әсер ететін тәлім- тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн.Сондықтанда оларға дұрыс үлгі көрсете білу қажет.

Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау – өмір заңы.

Ал баланы дұрыс жолға бағыттау үшін ең алдымен тәртіп пен талап керек.Талап пен тәртіп болмаған жерде белгілі бір нәтижеге жету қиын.Тәртіп, баланы салауатты тепе-теңділікпен өмір сүруге үйретеді. Тәртіп баланың дұрыс және терісті, халал мен харамды айыру, өзін бақылау, адамгершілік қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы жаманды айыра алатын тағы сол сияқты сана-сезімдерін қуаттандырады.Тәртіптілік қоғам дамысына да жақсы әсерін тигізетіндігі дамыған ислам елдерінің тәжірибесінен байқалып отыр.

Талапқа келетін болсақ ол тәрбиедегі ең басты фактор деп те айтуға болады. Өйткені балаға талап қоя білмесек, ол баланың тәрбиесінің өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Баланың әрекетіне талап қоя отырып тәрбиелеуге бола ма? Бұл сұрақтан асып ешқайда бара алмаймыз.Талап деген сөздің мазмұны «қатты» және «жұмсақ» деңгейге бағытталады. Әрбір халықтың өзіндік бір тәрбиелеу талаптары бар, яғни балаға нені шектеуге, неге рұқсат етуге болады.

Қазіргі педагогикада талап деген түсінік кең мағынада қолданылады. Соның ішінде отбасындағы талаптың ең бір тиімді әдісі ол күн тәртібі. Оған уақытты дұрыс жұмсау ережелері тағы сол сияқтыларды атап өтуге болады.

Күн тәртібі баланы белгілі үйреншікті тәртіпке, қатаңдыққа тәрбиелейді. Балалар үлкендердің қойған талабы мен өздерінің міндеттерін орындауға ұстамды болуға үйренеді.

Сол себептен тәрбиеге ең жақсы сабақ болатын ол тәртіп пен талап.

Тәртіп пен талап бар жерде тәрбиемізде жақсы жолға түседі деп кәміл сенемін

Сондықтан жастарды тәрбиелеу үшін ата бабадан бері жалғасып келе жатқан наным-сенім, ырым, салт-дәстүр мен ата дініміздің тәрбиелік маңызын ерекше пайдаланғаны жөн.

Қорыта келе, отбасының басты қазығы, алтын тіреуі, діңгегі – бала, ал баланы тәрбиелеу отбасынан басталады.Ендеше, егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетін, қазақ ғылымын дамытып, дүниежүзілік аренаға көтере білетін терең білімді жігіттер мен қыздарды тәрбиелей білгеніміз жөн.

Бастауыш сынып мұғалімі: Атраубаева Бибігүл Қожашқызы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150707

Пікірлер (1)
Болат # 22 қыркүйек 2016 в 10:19 0
Осы эссеге басындағы эпиграф дұрыс емес. Тәртіп емес тәрбие туралы айтылған сөз аз емес ғой.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар