​Тәуелсіз Қазақстан күніне орай ашық сабақ

30 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева


Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі Марина Керимбайқызы Мыржықбаева өмірден озған. Біз оны мәңгі есте сақтаймыз.Ол туралы осы мақала жарияланған болатын. Соны қайталап беріп отырмын.Жаны жайсаң Марина апайымыздың еңбегі өте зор болатын. Өмірін мектепке арнады десе де болады. Зейнеткерлікке 2013 жылдың қаңтарында шыққан болатын. Өкінішке орай, осы жылдың ақпан айында дүниеден озды.Мектепте жүріп, ауырып қайтыс болды. Бір тынбай жұмыс істеуші еді, ол туралы кітап жазуға да болады… Естелік үшін мақаланы беріп отырмын...

Тәуелсіз Қазақстан күніне орай ашық сабақ

«Мылқау өмірге үн, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар, ал барды гүлді, көрікті қылатын, бізді асыға аяқ бастырып тәңірмен тілдестіретін сол – фантазия» деп, М. Жұмабаев айтқандай, шығармашылық қиялмен сабақты жандандырып жүргізетін білікті мамандар қайнаған мектеп тыныс- тіршілігінің бел ортасында жүр.Фантазия дегеніміз– педагогикалық шығармашылық актінің құрамдас бөлігі. Осы тұрғыда, кәсібі биіктерге бағытталған мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің құрылымы бойынша акмеологиялық бағыттың шыңында тұрған, рухани, тұлғалық сапалардың иегері ол – ұстаздардың ұстазы, Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі Марина Керимбайқызы Мыржықбаева.Ол – педагогикалық әрекетте шеберлікке жеткен ұстаз. Тәжірибесін бақылай және талдай алатын, туындаған нақты жағдайға байланысты аса бір педагогикалық сезімталдықпен жылдам да тапқыр,әрі дәл шешімдер қабылдай білетін жан.Ол қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық ролін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі М.К.Мыржықбаеваны қаламыздағы көзі қарақты, көкірегі ояу жандарға тәптіштеп таныстырудың өзі артық. Себебі, ол- сан қырлы шығармашылық еңбегімен еленген елге танымал тұлға.

М.К.Мыржықбаева «Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығына – 20 ашық сабақ» атты игілікті іс-шараны қызу бастап, яғни мектепте ашық есік күнін ұйымдастырды.

«Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады» демекші, педагогикалық ойдың туындауынан жарқ еткен Марина апайдың бір күнде өткізген үш ашық сабағына қатысқан мұғалімдер ерекше көңіл күйге бөлене әсер алып, сезім мен толғанысқа кенелгені анық. Мектептегі өз ісін ләззаттана атқаратын Марина апайдың шығармашылық шеберханасында қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс фазаларын іске қоса отырып, мәселені көре білу, шешімнің болжамын жасау, оны дәлелдеу және қорытындылау біліктері қолданылды. 9 «Г» сыныбында «Жапония.Фукусима.Бізге экологиялық апат төніп тұр ма?»тақырыбында конференция – сабақ өткізілді.Осы тақырыптың сұрағына жауап беру мақсатында «Ия» және «Жоқ» деген екі топқа бөлінген оқушылар өз ара пікір сайысын өрбітті. Ақпарат көздерінен мәлімет алған А.Дайрабаев, Г.Усманова, Ф.Тураханов, Ш.Рахматуллаева сынды оқушылар өз баяндамаларында «ия» деп, әлемге экологиялық апат төніп тұрғанын дәлелдеп, мысалдар келтірді.Ал, осыған қарсы жауап айтып шыққан топ: КҚуанышова, Ш.Абдулганиев, Д.Юлдашева, С.Юлдашев, Н.Рахымжанова, С.Базаров сынды оқушылар болды.Олар интернет жүйесінен алған материалдарын тілге тиек етіп, экологиялық апат жоқ екенін таратып айтып жеткізді.Сабақ барысында,қазылар алқасының мүшесі физика пәнінің мұғалімі М.Б.Қосановаға оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.Оқушы ортаға «Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдайсыз ба?» деген сұрақ тастады. Физика пәнінің мұғалімі М.Б.Косанова эмпирикалық интуицияны ашатын тетіктерді іске қосып, сұрақтарға өте орынды жауап берді.Сабаққа қатысқан мұғалімдер жалпы «Семей, Арал, Чернобыль, Хиросима, Фукусима» жайында, экологиялық апаттың алдын-алу жөнінде өз пікірлерін ашық айтып, қалаған топтарына таңдау жасап, дауыс берді.Физика пәнінің мұғалімі М.Б.Косанова,өзін-өзі танудың мұғалімі К.В. Веркашенцева, биология пәнінің мұғалімі Ғ.О.Елюбаева, тарих пәнінің мұғаліміА.К.Казуровалар «ия» тобын жақтайтындарын айтып, дауыстарын берді, ал химия пәнінің мұғалімі Ә.Б.Құрлысбаев болса, «жоқ» тобына дауыс берді.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, көп дауыс жинаған «ия» тобы жеңіске жетті.

М.К.Мыржықбаева анатомия пәнінен: «Стенка на стенку» тақырыбында 8 «Б, В, Г, Д» сынып оқушылары арасында ашық сабақ берді. Педагогикалық импровизациясы жоғары деңгейдегі Марина апай асқан шеберлікпен оқушыларға бағыт-бағдар беріп сабақты жүргізіп отырды.Үш топқа бөлінген сайыскерлер білімдерін анатомия пәні бойынша көрсетті.Ақтық мәреде «Жүрек» тобы жеңіске жетті.Оқушылардың құзырлылықтарындағы негізгі компоненттер: пікірді ашық айту, сынамау, шыдамдылық, бірлесе ойланып, бірігіп шешім қабылдау т.б. болды.

Үшінші сабағы олимпиада жүйесінің жұмысы бойынша 8 «Б»,9 «В»,10 «Б», 11«Б»сынып оқушыларының ең үздіктерінен құралды. «Гонка за лидером» атты үлгілі ашық сабақ өте қызықты өтті.1кезеңде ой шақыру үшін 6-шы сынып оқушысы Меруерт Молдабаева (М.К.Мыржықбаеваның немересі) жоғарыда аталған сынып оқушыларына логикалық сұрақтарды қойды.Оқушылар сұрақтың шешімін тапқандай болды. Мұғалім кіріспе сөзінде, біздің мектебіміздің түлегі, алтын белгінің иегері Малдыбекова Әселдің жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Әсел бүгінде Алматы қаласында КазГу-де магистратураны да қызыл дипломға бітірді.Мектеп қабырғасында жүргенінде математика пәнінен облыс бойынша І-орын алған болатын.Оның жетістігінің басты сыры – мұғалімдердің айтқанын екі етпей орындауы және «Оқу – инемен құдық қазғандай» дегендей, білімге деген құштарлығы болатын» деп, айтқан М.К.Мыржықбаева оқушыларды білімділікке шақырды. Сондай-ақ, әр оқушының мінезін психологиялық тұрғыда анықтау үшін геометриялық фигуралар (шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек,қисық сызық) арқылы психологиялық зерттеу жасап, геометриялық фигураларды таңдағандары бойынша мінездерін биология пәнінің мұғалімі Ғ.О.Елюбаева болжап, меңзеп, айтып берді. Оқушылар тігілген ұпай бойынша сауалдарға жауап берді. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады»дегендей, оқушылардың білімдерін сабаққа қатысқан директордың орынбасарлары Г.А.Михайлина мен Г.О.Божбанбаевалар талдап, сараптады.

Берілген үлгілі ашық сабақтардың өн бойында креативтік тренинг оқушылардың ынтымақтасу дағдысын қалыптастырды.Әсіресе, пікірталас әдісінде, түйткілді мәселе жайлы еркін пікір алмасты. М.К.Мыржықбаева сабақ барысында сынып ішінде дұрыс, жағымды, іскерлік ахуал орната білді.Ол қысқа-нұсқа сөйлеу, айтылған ойды сынға алмау,әзілге айналдырмау, тақырыптан ауытқымау, адал, әділ ой айту, басқаларды тыңдай білу сияқты қарапайым ережелерді қамтамасыз етті.Қорытынды бөлімде М.К.Мыржықбаева Омар Хаям және президентіміз Н.Назарбаевтың сөздерін тілге тиек етіп, сабақты өте сәтті аяқтай білді.

Кәсіптік мәртебесі жоғары деңгейдегі М.К.Мыржықбаеваның шәкірттері де ылғи алғы шептен көрінеді. Мысалы, осы оқу жылы бойынша қалалық олимпиада бойынша биология пәнінен: Г.Алчьинбаева (11«б»), Д.Дадашев(10«б»), У.Исмаилова, (8«в») Н.Нарзуллаевтар (9«в») І-орындарды иеленген.Облыстық олимпиададан оқушысы У.Исмаилова ІІІ-орын алған, Г. Алчьинбаева алғыс хатпен марапатталған.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»дегендей, беделді жан иесі – Марина Керимбайқызына адамгершілік құндылығыңыз бен ақыл-парасатыңыз ешуақытта сарқылмасын дегім келеді.Отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық пен бақыт, өзіңізге зор денсаулық тілеймін!

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115502

Пікірлер (1)
Базаргул Агимбекова # 28 маусым 2015 в 23:16 0
Керемет ақылшы, білімді ұстаз болған екен, олай болса осындай ұстаздар біздерге керек-ақ еді.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар