Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі.

 Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбекқызы

Жангелдин ауданы

 Қ.Қойдосов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі  

 

Ақпараттық – коммуникациялық  технологияны  қолданудың   тиімділігі.

 

  Қазақстан  Республикасының   қазіргі  білім  жүйесінің  стратегиялық  мақсаты  жоғары  білімді  бәсекелестік  қабілеті  мол  шығармашыл  тұлға  қалыптастыру  үшін  қолайлы  жағдайлар жасау болып  табылады.  Қазіргі  талап  білім  сапасы оқушының алған  білімінің  жеке  басының  әрі  қарай  дамуына, тұлға  ретінде  қоғамның  өркендеуіне  пайдалана  білуімен  өлшенеді  деп  тұжырымдалады. ҚР білім беруді дамытудың бағдарламасында:  «Білімді, білік, дағдыларды  механикалық  түрде  беру  емес, ақпараттық  зияткерлік  ресурстарды  өз  бетінше  тауып,  талдап  және  пайдалана  білетін, идеялардың   қуат  көзі  болатын, жедел  өзгеріп  отыратын  әлем  жайында  дамитын  және  өзін – өзі  ашып  көрсете  алатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  басымдық   болып  табылады»  -  делінген. Демек  бұл  тұжырым  білім  берудің  басты философиясы  болмақ.  Заман  талабына  сай  жаңа технологиялармен  жұмыс  жүргізу  алдымызда  отырған  бала  тәрбиесіне  зор  ықпал  ететіні   белгілі.  Оқу  үрдісіне  жаңа әдіс – тәсілдерді, оқытудың  жаңа технологияларын  енгізіп, оқушылардың  жалпы  дамуын  қамтамасыз ету   керек. Бала  жаны  жаңалыққа  құмар, білмегенін  білгісі  келіп, белгісіз  нәрсені  ашуға  тырысатын   болғандықтан, әр  мұғалім   олардың  талпынысын  дамытуға  көңіл  бөлуі  тиіс.  Ақпараттық   оқыту технологиялардың    көмегімен  оқушының  білімді  игеру  дәрежесінің  қаншалықты  жоғары  екендігін  байқауға  болады.Оқушы  оқу  мазмұнының  элементтерін  өз  бетінше,өзіне тән қарқынмен, жылдамдықпен, тереңдікпен  меңгереді. Заман  ағымына  сай  күнделікті  сабақта,  электронды  оқулықтарды, компьютерлік  бағдарламалар, интерактивті  тақта, мәтіндік, графикалық, дыбыстық  және бейне ақпараттар, виртуалды  зертханалық  тәжірибелер, интернет және  т.б. көрнекі  материалдарды  пайдалану  айтарлықтай  нәтиже береді. Елбасының  «Болашақтың  берік  іргесін  бірге қалаймыз»  атты  жолдауында  «Әлеуметтік  саясат  деген  айдармен  айқындалып,өмір  бойы  білім  алу  әрбір  қазақстандықтың   жеке  кредосына  айналуы  тиіс» — деп  жазылған. Бастауыш  білім – үздіксіз  білім  берудің  алғашқы  басқышы. Осы  орайда  өзім  сабақ  беретін  сыныптағы  оқушыларды  оқытуда  ақпараттық   технологияларды  қолданамын.Сабақ  өткізудегі  нақты  үш  кезеңіне  тоқталып  кетейін, сабақ  жоспарын, мақсатын  компьютерлік  модельмен  құру.Мақсатқа  сай  материалдарды  жинақтау, бастапқы  материалдармен  қосымша  мәліметтермен  қамтамасыз  ету.Компьютерді   қолданып, сабақ  өткізген  кезде   уақытты  үнемдеуге,  материалды  қысқаша  безендіруге, кез  келген  уақытта  таныс  материалдарға   қайта оралуға, өз  бетімен  оқуға  мүмкіндік  жасауға, проблемалық   сабақтастықты  тереңдетуге  көңіл  аударуға   тиімді.

Қазіргі  уақытта   бастауыш  сынып  оқушыларына  білім  беруде  сабақ  барысында  интерактивті  құралдардың  көмегімен  мұғалімнің, оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жол  ашылып  отыр. Алдын  ала  дайындалған  оқу  материалдары, презентациялар, мәтіндік, графикалық, ақпараттық  объектілер  сабақтың  жақсы өтуін  және  барлық  ақпарат  түрлерін  қолдануды  қамтамасыз  етеді.Іс- тәжірибемде  интерактивті  құрылғылардың  барлық  мүмкіндіктерін   пайдалана  отырып, оқушылардың  шығармашылық  даралықтарын  қалыптастыру  үшін  сабақта  төмендегідей  іс-шараларда  қолданудың  маңызының  зор  екенін  байқадым.  Интерактивті тақтаны қолданудың  тиімділігі  шексіз.Жаңа  тәсілдермен оқытуда  оқушы  белсенді рөл  атқарушы  ғана  емес, жетекші  бағытты  ұстанады.Әлемді  тануға, белгісіздікті  анықтауға  жауапты  интернет  браузерлерден  табуды  үйретіп, өзіндік  ізденіске  жетелеуге  болады.Оқушы  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  дағдыланады. Оқушы  өзінің  іздеп  тапқан  материалын   слайд  түрінде  қорғауға  дайындалады.Жетістікке  жетуді  үйренген  адам  одан  кейін  жетістіктен  қол  үзбейтін  болады.Ең  бастысы, жетістікке жетуді  үйренуге  болатынын  біліп, алғашқы  қадам  жасай  алуы  керек. Бұл  қадамды  аттай  алған  адамның  өмірде  үлкен  оң өзгерістер  көрері  шүбәсіз. Демек, жетістікке жету  жолдарының  бірі- оны үйрену. Қорытындылай  келе, қазіргі  таңда  кез келген  пәнді  оқыту  барысында  заман  талабына  сай  интерактивті  технологияны  қолдану- білім  сапасының  артуына  көмектесетіні  айқын.        

 

         

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103623

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар