Ақпараттық технологиялар негізінде өзіндік жұмыстар ұйымдастыру

21 қаңтар 2015 - Гулшарат Кусаиновна

Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат- тек сапалы білім берумен шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру болу керек. Қазіргі білім жүйесінің де ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай,өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.Жаңа технологияларды оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік береді. Педагогтар алдында тұрған міндет – бұл түрлі ағымдағы ақпараттарды сапалы түрде қолдана білуге үйрету.

ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар мен ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Ғылым мен техниканың жедел қарқынмен дамуы жылдан-жылға оқыту технологияларының жаңа, жаңа озық түрлерін ұсынуда. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.

Қоғамды ақпараттандыру –экономиканың, ғылымның, мәдинеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Оқулықтағы мәліметтен басқа Интернет, электронды және қағаз бетіндегі ақпарат көздері де қолданылады. Интернеттен алған ақпарат көздерін біріктіре отырып ,өз жобаларын таныстырып және қорғай алады. Осылайша әртүрлі тақырыптағы танымдық хабарламалар, -атақты тұлғалар мен оқиғалар туралы мәнжазбалар, шығармалар, қабырға газеттерін, — тапқырлар, жобалар туралы мәнжазбалар, -көрмелер, қабырға газеттері, байқаулар ұйымдастыру; спорттық жарыстар, ойындар жиынтығын, жаттығулар топтамасы; т. б.мәліметтерді ақпарат көздерінен қажетіне қарай ала алады. Қай жағдайда болмасын Интернетпен жұмыс жасағанда, оған мұғалімнің ақыл кеңесі өте маңызды. Мұндай жұмыс түрлерін жеке, топпен және жұппен жүргізуге болады.

Ақпараттық технология әрбір білім алушының ынтасын арттырады. Ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу үрдісін икемді басқара отырып, білім алушының іс-әрекетін бақылауды сапалық жағынан өзгертуге болады. Ақпараттық технологияның артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады,қосымша материалдарды молынан алады. Оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- білім алушының өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік жұмыстың негізгі ерекшелігі – білім алушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім білім алушының іскерлік дағдысын, бақылай білу қабілетін, ойлауын, тапсырманы орындау жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді.

Өзіндік жұмыстың қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыдай білім алушының пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде, білім алушының жалпы психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуде де орны ерекше

«Өзіндік білім- нағыз білім» деп орыс сыншысы Д. Писарев айтқандай білім алушының алған білімдерін іс- жүзінде қолданып және өмір бойы жадында сақталатын нағыз білімге айналдыруы үшін өзіндік жұмыстарды сауатты ұйымдастырып, жүйелі түрде беріп отыру қажет. Сондықтан білім алушының білімдерін жетілдіруге бағытталған өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда ақпараттық және инновациялық технологияларды дұрыс пайдалану арқылы тапсырмалар топтамасын құрастыруға болады.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайда болуымен және білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

ТехнологияШи тоқу өнері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152348

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар