Білім сапасын арттыруда бағалаудың тиімділігі

15 ақпан 2015 - Админ

Мұғалімніңп ТАӘ және жұмыс орны

Мұғалімнің аты-жөні: Сембаева Рая Конысбаевна

Жұмыс өтілі:29 жыл

Жұмыс орны: «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

Қызметі: математика пәнінің мұғалімі

Санаты: жоғары

Сабақтың тақырыбы:

Білім сапасын арттыруда бағалаудың тиімділігі

Жалпы мақсаттар:

Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының қызығушылығы мен белсенділігін көтермелеу арқылы білім сапасын жақсарту мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру

Күтілетін нәтиже:

  • Балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген қызығышылығын оятады, оқушылардың сенімділігін арттырады.
  • Сапалы білім алуына жетелейді.

Кіріспе бөлім

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

3 минут

Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)«Дейін-шейін»

Ұйымдастыру сәті

Мұғалімдер өлең жолдары жазылған парақшалар бойынша

3 топқа бөлінеді… Сәлеметсіздерме, әріптестер! Бүгінгі «Білім сапасын арттыруда бағалаудың тиімділігі» атты шебер сыныпқа қош келдіңіздер! Қолдарыңызда таңдаған өлең жолдарыңыз бойынша үш топқа бөліндіңіздер. Енді сабағымызды бастайық!

Топ мүшелері сол құраған әндерін қосылып айтып, орындарына жайғасуы сұралады.

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.

— Ойымызды жинақтау мақсатында:

Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін формативті бағалау үшін не білетінін жазуды тапсырамын. ұғымына топтау стратегиясын орындайық!

.

Топ мүшелері сол құраған әндерін қосылып айтып, орындарына жайғасады.

Әр қатысушы өзің таныстырып, өз бойындағы жақсы қасиетін айтады.

Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына формативті бағалау туралы не білетінін жазады.

Негізгі бөлім

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

Слайд бойынша түсіндіру.

10 минут

«Бағдаршам» тәсілі

1 минут

І. Ойлан, бөліс, жұптас!

5 минут

Қорғау

7 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

2 минут

ІІ. Түсін де, қолдан!

ІІІ. Талда, талқыла. (заманауи қажеттілігі)

Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға-Бағалау-Сандық баға деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді.

Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;

Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс;

Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады.

Бағалау:

  1. Диагностикалық
  2. Формативтік
  3. Суммативтік

Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы)

мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын.

Мұғалімдердің нақты мысал негізінде теорияны түсінуін мақсат ету.

Оқыту үшін бағалау неге мұғалімдер үшін маңызды?

Мұғалімдердің жауабын тыңдап, негізгі фактілерді мысалмен дәлелдеймін.

  1. Оқытудың қиындықтарын анықтау;
  2. Кері байланыс;
  3. Уәж мәжбүрлеу емес, ынталандыру, әрекет

етуге итермелеу;

  1. Болжау мен сұрыптау яғни оқушының білімін бағалау арқылы біз оның болашағы

дамуын болжаймыз.

Мақсаты: жекеленген жұмыс жасау. Әр тыңдаушының шығармашылық деңгейін білу

Әр топтан бір-бір адамнан алып, «мінсіз бақылаушы» сайлау…

Бүгінгі тақырыптың қажеттілігі жайлы ой-қозғау.

Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады.

Қызыл түсі- түсінбедім

Сары түс- әлі сұрақтарым бар

Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті

Стикердің біреуін көтереді.

Үш топ өзіне берілген тақырыптар

бойынша ойларын тұжырымдап, постерьге түсіреді.Өз жұмыстарын қорғай отырып, басқа топ мүшелеріне өз тапсырмаларын ұсынады.

Бір топ екінші топтың жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды

І топ: «Көктем» тақырыбына сурет салу.

ІІ топ: «Көктем" тақырыбына шығарма жазу.

ІІІ топ: «Көктем» тақырыбына өлең құрау.

«Мінсіз бақылаушылар» өздері бақылаған топтарының жұмысына қалыптастырушы бағалау жасайды.

Топтар бүгінгі тақырыптың қазіргі кезеңге қажеттілігі жайлы талдай отырып, өз тәжірибесінде қолдана біледі.

Сергіту сәті

2 минут

Т.Төралі «Болшы жанымда»өлеңі

Еркін би

Қорытынды бөлім

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

5 минут

Қортынды сөз айтуға 4 минут

Алған білімді жинақтау, қорытындылау мақсатында әр топ өз шығармашылық жұмыстарына дескриптор құрастыру.

Тыңдаушылардың өз ойларын тыңдау. «Ия, жоқ» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.

Топ мүшелері өз жұмыстарына дескриптор құрастырады және өз жұмыстарын сол дескрипторлары бойынша бағалайды.

Әр топтың көшбасшылары өз тобының мүшелеріне қалыптастырушы бағалау жасайды.

Кері байланыс

2 минут

Кері байланыс.

«Білдім, білемін, білгім келеді»

Тыңдаушылар кері байланыстарын ауызша да, жазбаша түрде де ұсына алады.

Ұсыныс, тілектері жазылған стикерлерді табыс ағашына іледі.

Үй тапсырмасы

2 минут

Үйге тапсырма беру.

Осы бағалау түрін пайдалана отырып, жаңа форматтағы өткізген сабақтарынызды наурыз айының 15-іне дейін менің поштама жіберу.

Үй тапсырмасы:

Жаңа форматтағы сабақ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062379

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар