Ақпараттық және коммуникациялық технология» оқу бағдарламасы

3 қыркүйек 2014 - Админ

Жоба

Ақпараттық және коммуникациялық технология»

оқу бағдарламасы

(Білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

Бастауыш мектеп (1-5 сынып)

Желтоқсан 2013

Бұл оқу бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА және бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп құрастырылған

Мазмұны

1.Оқу бағдарламасындағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің маңыздылығы 4

2. «АКТ» пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты… 5

3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру… 6

4.АКТ пәнің оқыту үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар… 6

5.АКТ пәнің оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс — тәсілдер… 8

6. Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру… 10

7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы құзыреттілік… 11

8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту… 12

9. «АКТ» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері… 13

10. «АКТ» пәні бағдарламасындағы бөлімдердің мазмұны, ұйымдастырылуы және жүйелілігі 15

1.Оқу бағдарламасындағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің маңыздылығы

Қоғамның ақпараттандыру үдерісі қарқынды дамуымен байланысты соңғы онжылдықта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар екпінді өсуде. Қоғамның ақпараттандыруы деген жаңа есептеу технологиялар мен ақпараттарды жіберу құралдары негізінде ақпаратты жіберу, алу, жинақтау, өндеу және сақтау әдістерін жаппай ендірілуі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық салаларына енуімен қоса біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.

Бірнеше елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың бұл құзіреттілікті меңгеруі бір жағынан уақыт талабына сай болса, екінші жағынан басқа білім беру салаларының ресурстары мен техникалық құралдарының кіріктілуін ұсыну мақсатында оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа құрал ретінде пайдаланылады.

Ақпарат көлемінің екпінді өсуі мен ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты ақпараттың алып тасқынында оқушыларға бағыт бағдар беретін дағдыларын қалыптастыруына бағытталған саланы құру, сонымен қоса күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі кәсіби еңбегінде әртүрлі мәселелерді шешу мақсатында жаңа технологияларды тиімді пайдалану көкейкесті мәселе болып табылады. Ағымдағы ақпараттық технологиялар ғасыры адамзат қарым-қатынастарына кең мүмкіндіктер ұсына отырып, адамдардың өзара сөйлесуінде, тәжірибе алмасуда, жаңа идеяларды талқылауда «адамдар арасындағы ара қашықтық» ұғымын пайдаланудан тыс шығарды.

«АКТ» пәнінің теориялық және практикалық базасы бай. Курс абстракция және модельдеу жолдары арқылы АҚТ құралдарын пайдалана отырып, басқа білім беру салаларынан және өмірден алынған міндеттерді шешу үшін оқу үдерісінде практикалық дағдыларын дамытуға көп уақыт беруді көздейді.

Үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу мақсатында аталған пәнді оқыту оқушылардың логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сыни бағалау тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруына және дамыуына ықпал етеді. Сонымен қатар, пән бойынша академиялық тілін және ұғымдар аппаратын біртіндеп дамыту маңызды рөл атқарады.

Оқыту үдерісін тиімді ұйыдастыру мақсатында бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектептің базалық курсын меңгеруіне ықпал ете отырып, пропедевтика міндеттерін шешетіні сөзсіз.

2. «АКТ» пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты

«Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру, қолдану және талдау, сонымен қатар, басқа да оқу пәндерін оқыту үшін ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық білімменқамтамасыз ету. Бағдарлама оқушылардың қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласында АКТ құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

«АКТ» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-рекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталған.

«АКТ» пәнін оқыту барысында оқушылар төмендегі дағдыларға ие болады:

-компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу;

-ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әртүрлі формаларда жіберуді іске асыру;

-әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, наұты жүйелер мен оқиғалардың моделін өндеу, талдау және түрлендіру, сонымен қатар өз ойларын іске асыру;

-пән бойынша түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

-бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;

-авторлық құқықтарды сыйлау.

3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік (тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

«АКТ» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.

Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «АКТ» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:

«АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім), мұғалімнің, пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.

«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім), мұғалімдердің, пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.

«АКТ» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері» бөлімінде (9-бөлім) бағалау тілі белгіленген.

4.АКТ пәнің оқыту үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Сыныптар бойынша оқу жүктемесі

Сынып

Апталық сағат саны

Оқу жылындағы барлық сағат саны

1

1

33

2

1

34

3

1

34

4

1

34

5

1

34

Сыныптағы жиһаздар топтық, жұппен, жеке жұмыстар мен семинарлар және оқытудың тағы басқа да әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруына қарай қолайлыорналасуы қажет. Мұғалімнің жұмыс үстелі, проекциялық жүйе/интерактивті тақта және материалдарды баспадан шығару құрылғылары болуы тиіс.

«АКТ» пәнін оқытудағы негізгі талаптарының бірі компьютерлік жүйелерге қол жетімділік болып табылады. АКТ кабинетіне болуға тиісті қажетті жабдықтардың тізімі:

·Жабдықталған гарнитуралары бар дербес компьютерлер (микрофондары бар наушниктер);

·Құрылғылар мен коммуникациялар, мұғалімдер мен оқушылардың арасында мәліметтерді алмасуды қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы ашық қолжетімді желі;

·Қосымша құрылғылар: принтерлер, сканерлер, көшірме техникалары;

·Барлық қосымшалар үшін ашық бастапқы коды бар программалық қамтамасыз етуді мүмкіндігінше пайдалануы.

Сыныптағы компьютерлер Интернет желісіне қосылуы қажет және әр оқушы жеке компьютер немесе мобильдік құрылғылармен қамтамасыз етілуін ұсынады.

5.АКТ пәнің оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс — тәсілдер

Қазіргі заманда оқушылардың «оқып үйрену» және өздігімен жұмыс істеуі, қызығушылығы бар, сенімді, жауапты және зияткерлі тұлға болу қағидасы білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мұғалімдер оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында төмендегі қасиеттерді тәрбиелеуі және дамытуы күтіледі:

·оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;

·оқушыларды тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;

·оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және есептердің шешімін табу мысалдарымен сүйемелдеу;

·оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;

·есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;

· оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

·оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу іс-әрекеттерін ұйымдастыруды қамтиды.

«АКТ» пәнін оқытудың педагогикалық тәсілдері:

·Топпен жұмыс, мұнда оқушылар (үш, төрт оқушы) жалпы жобаны жүзеге асырады. «АКТ» пәнінде бірлесіп жұмыс жасаудың алатын орны маңызды, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен білімдеріне сәйкес жалпы жобаға өз үлестерін қосады.

·Абстакция негізінде модельдеу, міндеттерді шешу. Модельдеу «АКТ» пәнінің маңызды саласының бірі, сондықтан оқушылардың оқу үрдісі бір қатар тәсілдер негізінде жүргізіледі, оларға физикалық, графикалық және математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді.

·Қосымша программалардың бірінде істеген дағдыларын екінші ұқсас программалық қосымшаларда пайдалана отырып, іске асырған оқушыларды марапаттау, мысалы, импортталған объектілерді редакциялау Шығармашылық ойлауды және интерпретацияны талап ететін ашық тапсырмалар.

·Басқа білім салаларымен кіріктірілген міндеттерді шешу үшін «АКТ» пәнінің қолданбалы сипатын көрсету.

6. Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет көрсетуі тұлғалық, тұлғаралық және мәдениаралық құзіреттіліктердіңбар болуын талап етеді.Тиісті мінез-құлық қырларын дамыту адамдарға әлеуметтік және кәсіби өмірде, сондай-ақ өсіп келе жатқан көп мәдениетті қоғамдастықтарда тиімді түрде қатысуға мүмкіндік береді. АКТ пәнінің оқу бағдарламасы мыналарды қамтитын болады:

«Телекоммуникация» тарауында:

·плагиаттың этикалық аспектілері, авторлық құқық және мәліметтерге қол жетімділік, сондай-ақ жеке азаматтарға ықпал ету;

·мәдениаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктері және басқа мәдениеттерді ауқымды желінің көмегімен танып білу;

·компьютердің жеке тұлғаға, денсаулығына әсері, қауіпсіздік және веб-қауіпсіздік мәселелері қамтылады.

Басқа тарауларда:

·интерфейс жобалауында әртүрлі мәдениет пен тілді сыйлауды сақтайтын қағидаларын қолдану;

·басқа оқушылар орындаған жұмысты бағалау үшін ұсыныстар беру;

·тілдердің алуан түрлілігін және әртүрлі объективті пікірлерді назарға ала отырып, мәтін мен суреттерден тұратын құжаттар әзірлеу

Жалпы бағытта:

·Қазақстан халқының наным-сенімдері туралы ақпаратты қамтитын жұмыс барынша дұрыс әрі құрметпен жүргізілуі тиіс.

7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы құзыреттілік

Сандық технологияларды пайдалану құзіреттілігі деген ол технологияларды жұмыс істеу барысында және сөйлесуде шығармашылық және екпінді пайдалану. АКТ Ол саласының базалық дағдыларында негізделген.

Оқушылар бір қатар алуан түрлі жабдықтар мен программалық қосымшаларды пайдалана отырып ақпаратты іздеу, құру және өндеу, ақпараттар мен пікірлер алмасу, сонымен қатар өз жұмыстарын бағалай отырып, іске асыру арқылы АКТ құралдарын пайдалану дағдыларын дамытады.

«АКТ» пәнінің оқу бағдарламасы:

·практикалық есептерді шешуде және мәліметтерді ұйымдастыру мен сақтауда ақпараттық технологияларды пайдаланудың шығармашылық тәсілдерін білуді;

·өз бетінше оқу және кәсіби даму дағдыларын, ойлау икемділігін;

·вирус, сандық қолтаңба мен компьютерге тәуелділік мәселелері туралы дүниетанымын, жеке құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарын дамытуды;

·белгілі бір мақсат пен аудиторияға арналған түрлі ақпарат көздерінен алынған материалдарды жинақтауды қамтитын презентациялау дағдыларын дамытуды;

·нақты өмірлік жағдайларды имитациялау үшін компьютерлік модельдерді қолдану және дамытуды, сонымен қатар бұл жағдайларды одан әрі түсінуді;

·күнделік өмірде және оқуда ақпараттың алуан түрлерін (мәтіндік, сандық, графиктік, дыбыстық, аралас)өндеу үшін программалық қамтамасыз етуді таңдау және қолдануды қамтиды.

8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

«АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі әр түрлі қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды дайындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқушы өз ойын білдіре алатындай және сенімді болатындай орта қамтамасыз етілуі қажет.

Оқыту үдерісінде «АКТ» пәнінің академиялық тілі мен ұғымдар аппаратын сауатты пайдалану негізінде әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, сыныптастар, мұғалімдер және көпшілікпен ауызша немесе жазбаша түрде сөйлесуді ынталандыру қажет.

«АКТ» пәнің оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым дағдылары іске асырылады:

·оқушылардың сабақты зейін қойып тыңдап, түсінбеген жағдайда сауатты сұрақтар қоя білуі маңызды;

·қойылып отырған міндеттерді дұрыс түсіну, қажетті ақпараттарды ажырата білуі;

·құрбыларын зейін қойып тыңдауын өтіну, дұрыстығын тексермей болжам жасамауы.

Оқушылардың айтылым дағдыларына әсер етеді, мысалы:

·көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білу. Көбінесе қорғау қорытындысының сапасы басқа оқушылардың пікірлеріне тәуелді болады.

·оқушыларды оқыту барысында оқытылым дағдылары дамиды, мысалы:

·қорғалу үдерісіне дейін барлық құжаттардың дұрыс жазылуын, пунктуациясын, грамматикасын алдын ала қарастырылу және оқылып шығу қажет.

Оқушылардың жазылым дағдыларын дамыту үшін, мысалы:

    -оқушылар, көркемдік әдебиет стилінен айрықша жалпы стильді сақтай отырып, жобаға мәтін ретінде жолдама басшылығын жазу;

    -іске асыру мақсатында элементарлы деңгейде мәтінді құрылымдарға бөлу үшін пайдаланылатын стильдердің негізгі ерекшеліктерін білу қажет.

9. «АКТ» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері

«Орыс тілі мен әдебиеті» (L1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – оқу бағдарламаларындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.

Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Критериалды бағалау жүйесі бағалаудың бірнеше түрін қамтиды: қалыптастырушы бағалау (ҚБ), ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) және сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ).

Әр сыныптағы пәндер бойынша оқу бағдарламасының мазмұны бағалаудың барлық түрлеріне арналған ақпараттарды қамтиды.

Бастауыш мектептегі «Орыс тілі мен әдебиеті» (L1) пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін жылы бойы бағалау үшін бағалаудың барлық үш түрі қолданылады:

Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) — білім беру мен оқытудың бір бөлігі ретінде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес жүргізетін мұғалімнің ағымдағы бағалауы. Оқушылардың оқу үлгерімі мен оқудағы жетістіктері оқыту мақсаттарына «талпынды» немесе «жетті» деген белгілермен тұжырымдалады.

Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) – мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін тоқсан соңындағы оқу ақпаратының бөлімін аяқтағаннан кейінгі білім және оқу дағдысының қалыптасқан деңгейін анықтайтын бағалау. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде тұжырымдалады.

Сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ) – тәуелсіз ұйымдардың бағалауы арқылы жүргізілетін бағалау. Ол негізгі және жоғары мектепті аяқтаған кездегі білім мен оқу дағдысының қалыптасқан деңгейін Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкестігін анықтайды. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде тұжырымдалады.

Оқушылардың оқу нәтижелері төмендегідей түрде ұсынылады:

·Тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.

·Қорытынды баға – қалыптастырушы және төрт тоқсандағы ішкі жиынтық бағалау нәтижелері білгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға.

Бағалау түрінің аралық үлес салмағы:

Бағалау көрсеткіштері

Қалыптастырушы

бағалау

Ішкі жиынтық бағалау

Тоқсандық баға

30%

70%

Қорытынды баға

30%

70%

Бағалау тілі оқыту тілі болып саналады. 1-2 сыныпта бірінші тілде (қазақ тілі/орыс тілі), ал 3,4,5 сыныпта орыс тілінде.

10. «АКТ» пәні бағдарламасындағы бөлімдердің мазмұны, ұйымдастырылуы және жүйелілігі

«АКТ» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, яғни дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды. Оқыту мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыны бағалауға, сонымен қатар олардың әрі қарай оқыту кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік беред.

Бөлімдер

Бөлімшелер

1

Компьютер – ақпаратты өндеу құрылы ретінде

Аппараттық қамтамасыз ету

Программалық қамтамасыз ету

Денсаулық және қауіпсіздік

2

Ақпараттық процестер

Ақпаратты ұсыну

Ақапаратты алу, өндеу, сақтау және жіберу

Модельдеу

3

Алгоритмдер және орындаушылар

Алгоритмдер

Орындаушылар

4

Телекоммуникациялар

Компьютерлік желілер

Компьютерлікқауіпсіздікжәнеавторлыққұқық

Оқу бағдарламаның оқу мақсаттары

«АКТ» пәні

1.Компьютер ақпарат өндеу құралы ретінде

Оқушылар орындай алуылары тиіс...

1 — сынып

2 — сынып

3 — сынып

4 — сынып

5 — сынып

Акпараттық қамтамасыз ету

компьютердің негізгі құрылғыларын білу (мысалы: пернетақта, тышқан, жүйелік блок, монитор)

енгізу (мысалы: тышқан пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы: монитор мен принтер) білу

сыртқы ақпарат тасымалдаушылардың түрлерін ажырата білу

білу мен оларды ажырату және қарапайым деңгейде компьютердің ішкі компоненттерін өз сөздерімен түсіндіру (мысалы: процессор, жады, қатты диск және т.б.)

адамзат іс-әрекетінің әр-түрлі саласындакомпьютер қолдануын талдау

Программалық қамтамасыз ету

қарапайым деңгейде файлдарды ашу, редакциялау және қолданбалы программаларда сақтау

файл және бума ұғымын білу

бумаларды құру, көшіруөшіру және бумалар арасында файылдардың орнын ауыстыру

бумалар иерархиясы туралы түсінік беру

кеңейтілуі бойынша файл типтерін тану және олармен жұмыс істеуге қажетті қолданбалы программаларды анықтау

компьютерлік техниканы пайдалану үшін программалық қамтамасыз етудің қажетті екенің түсіндіру

қарапайым қолданбалы программалардың міндетін білу

қолданбалы программалардың міндеттері бойынша топтастыру

қолданбалы программалардан басқа программалардың (мұрағаттау, вирусқа қарсы) міндетін анықтау

операциялық жүйе пайдаланушымен компьютердің өзара әрекеттесуін және барлық басқа программалардың орындауын қамтамасыз ететінің түсіну

редактордың негізгі құралдарын пайдалану

терезе элементтерінің міндетін түсіндіру

бас және контекстік мәзірлердің міндеттеріне қарай қолдану

программа интерфейсі ұғымын өз сөздерімен түсіндіру

Денсаулық және қауіпсіздік

компьютермен жұмыс істеуде техника қауіпсіздік ережесін білу

компьютермен жұмыс істеуде техника қауіпсізд ережесін сақтау маңызды екенін түсіну

компьютермен жұмыс істеу барысында уақытқа шектеу қойылатын қажеттілігін түсіндіру

компьютер мен жұмыс стеу барысында санитарлық гигиеналық нормаларды сақтануды бағалау

компьютермен жұмыс істеуде өз уақытын дұрыс қоя білуіне сыни тұрғыдан бағалау

«АКТ» пәні

4.Ақпараттық процестер

Оқушылар орындай алулары тиіс...

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

5-сынып

Ақпаратты ұсыну

ақпарат әртүрлі формаларда ұсынылуы мүмкін екенін білу

сан, мәтін, сурет және дыбыс ақпарат ұсыну түрлерін ажырата білу

ақпаратты әр түрлі формада ұсыну

компьютердегі кез келген ақпарат сандық түрде ұсынылатынын түсінуі

өз ойларын ұсыну мақсатында ақпараттың әр түрлерін біріктіру (топтастыру)

амдар, қимылдар, символдар – ақпаратты кодтау тәсілі екенін түсіну

мәтіндік ақпараттарды кодтау және кодтан шығару (морзе әліппесі, жалашалы)

ақпараттың өлшем бірлігін беру

мәліметтерді өндеу және оларды компьютерде сақтау үшін олар екілік кодқа түрлендіретінің түсіну

Ақпаратты алу, өндеу, сақтау және жіберу

объектілерді жалпы қасиеттері бойынша тану және жинақтау

объектілерді топтарға бөлуге болатының түсіну

әр түрлі дерек көздерден схема және сызба түрде алынған ақпаратты (мысалы, құрал-жабдықтардан, бақылаудан алынған мәліметтер) ұйымдастыру

жинақталған мәліметтерге алғашқы талдау жасау

жинақталған мәліметтерге қорытынды жасау

ақпаратты қабылдаушы және ақпарат көздеріне мысалдар келтіру

ақпаратты жіберу ортаны ажырату

ақпаратты жіберу каналын, ақпарат көзін және ақпарат қабылдаушын анықтау

редакторда сөзді теруді іске асыру

мәтінде түрлі түстерді пайдалану

редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді іске асыру

символдарды пішімдеу

мәтін үзінділерін мәтін ішінде және басқа да әртүрлі құжаттар арасында көшіру және орнын ауыстыруды орындау

құжаттағы фразалар немесе сөзді ауыстыру және іздеу командасын пайдалану

абзацтарды пішімдеу

мәтінді теру ережесін пайдалану

маркерленген және нөмірленген тізімдерді пайдалану

құжаттарды рәсімдеуде қажетті талаптарды салыстыра отырып, айту

құжат ішінде кесетелер құру

графиктік редакторда қарабайым деңгейде бейнелерді редакциялау

құралдар тақтасының фигуралар тіркесін пайдалана отырып, бейнелер құру

бейне өлшемін өзгерту, бұру

экран суретін және оның үзіндісін алу

өмірдегі жағдайларда сандық бейнелерді пайдалану туралы пікір айту

бір тұтас сурет құру үшін бірнеше бейнелерді біріктіру және араластыру

бейне кеңейтілімі мен пиксель байланысын түсіндіру

компьютерлік жабдықтама арқылы дыбыс және видеоны жазу

редакторда кірістірілген объектілер негізінде үлкен емес анимациялық роликтер құру

редакторда кірістірілген объектілер негізінде үлкен емес 3d-анимациялық роликтер құру

өз сценариі бойынша роликтер әзірлеу

Модельдеу

нақты объектілерді сөздік және графиктік түрде ұсыну

нақты объектілерді олардың шартты белгілерімен сәйкестіру

разрабатывать модели простых объектов и ситуаций реального мира

жеке объектілерден бүтін модель құрастыру

абстрактілі объектілердің моделін құру

«АКТ» пәні

3.Алгоритмдер және орындаушылар

Оқушылар орындай алулары тиіс…

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

5-сынып

Алгоритмдер

күтілетін нәтижеге жеткізетін командалар тізбегі алгоритм екенін білу

бір нақты жағдайға бірнеше алгоритм құру

«егер, не» деген сұраққа жауап беретін нақты жағдайларға алгоритм құру

нақты бір мақсатқа жету үшін қайталанатын командалар тізбегін пайдаланып, алгоритм құру

абстрактілі орындаушылар үшін сызықты және тармақталу алгоритмдерін құрастыру

әрекеттерді логикалық тізбегінде реттеу

алгоритмді сызықтық блок-схема ретінде ұсыну

тармақталу алгоритмді нұсқау тізімі және блок-схема түрінде ұсыну

циклдік алгоритмді нұсқау тізімі және блок-схема түрінде ұсыну

орындаушының программалау тіліне алгоритмді аудару

Орындаушылар

адамдарға қарағанда орындаушыларға ерекше нұсқау қажет екенің білу

нақты орындаушының командалар жүйесін пайдалану

әртүрлі орындаушыларға өзіннің командалар жүйесі қажет екенің түсіну

бар командалар жүйесі негізінде нақты орындаушылар үшін мәселелерді шешуді ұсыну

абстрактілі орындаушының командалар жүйесін пайдалану

орындаушы команданы формалды түрде, оның тиімділігі, мақсаты және нәтижесі туралы ойланбайтынына көз жеткізу, қорытындылау

«АКТ» пәні

4.Телекоммуникациялар

Оқушылар орындай алулары тиіс…

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

5-сынып

Компьютерлік желілер

интернет үлкен көлемді ақпараттардан тұратының білу

компьютерлік желіні ақпаратты алу және жіберу үшін пайдалану

құжатпен бірігіп жұмыс істеуде және сөйлесуде желілік ресурстарды пайдалану

жергілікті және ауқымды желілер арасында айырмашылықты түсіну

файлдық жүйенің міндетін түсіндіру

гиперсілтемелерді пайдалана отырып, веб-беттер арасында өту

іздеу жүйесін және негізгі сөзді пайдалану арқылы интернеттен ақпарат табу

әртүрлі интернет қызметтеріне мысалдар келтіру және олардың міндетін түсіндіру

интернеттен тиімді ақпараттарды іздеу үшін маскалар құрастыру

Компьютерлік қауіпсіздік және авторлық құқық

кез келген ақпараттын өз авторы болатының білу

желідегі кез келген ақпарат нақты және қажетті бола бермейтінің түсіну

сенміді парольдің талаптарын ажырата білу

зиянды программалардың қауіпті екенің түсіндіру

желідегі қажетті емес контактілер қауіпті екенің элементар түрде түсетінің көрсету

интернеттегі веб-беттердің өз құқықтары бар екенің түсіну

ақпараттар авторларына сілтеме жасауды

желідегі орналасқан ақпараттар қауіпі туралы элементарлы түрде түсіну

желідегі этикалық және құқықтық бұзушылықтар зардаптарын қарастыру

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151055

Пікірлер (1)
Kasen # 16 қазан 2014 в 15:04 0
Сайттарыңызға рахмет айтамын. Жақсы жасалған. Өмірі ұзақ болсын!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар