Елбасы жолдауда қағазбастылық жайын да айтты

20 қыркүйек 2013 - Админ
Елбасы жолдауда қағазбастылық жайын да айтты

«Біз әкімшілік реформаны жүргізудеміз. Бұл қажет емес қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналмауы тиіс». Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті.

«Біз әкімшілік реформаны жүргізудеміз. Бұл қажет емес қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналмауы тиіс. Бүгінде әкім жұмысын бағалау миллиондаған құжатқа айналды. Мен Білім және ғылым мен Денсаулық сақтау министрліктерінде қанша құжат айналымы болып жатқандығы туралы айтқан болатынмын. Осы мәселені қараңдар да, бұл қағаздың барлығын жойыңдар. Осы қағаздардың ар жағында кабинеттерді иеленіп отырған адамдар отыр. Үкімет аппараты Президент аппаратымен бірге осы бағытта жұмыс істеуі қажет», – деді Президент. Сонымен қатар Елбасы жергілікті жерлердегі басқару органдарына дербестікті көбірек беру керектігін атап өтті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірге биылғы 1 шілдеге дейін аталған мәселелер бойынша ұсыныстар кешенін ұсынуды жүктеді. Бұл тапсырма қағаздан көз ашпайтын мемлекеттік қызметкерлер үшін де жағымды жаңалық болды деуге негіз бар. Өз есімін айтуды қаламаған мемлекеттік қызметкер өз ойын былайша жеткізді: «Қағазбастылық мәселесі осы уақытқа дейін де айтылып келген болатын. Дегемен, Елбасының бүгінгі тапсырмасынан кейін мықтап қолға алынатындығына сенемін. Мектептерде мұғалім сабақ береді ме, әлде компьютерде отырып қағаз тереді ме? Өкінішке орай екіншісіне көп уақыт жұмсайды. Расында қағазбастылықтан арылатын уақыт жетті деп есептеймін»-, деді.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147904

Пікірлер (1)
молдир # 11 қаңтар 2015 в 21:52 0
Дұрыс айтады мектептерге бақылау департаменті келіп тексереді. Мұғалім қағаз жаза ма қағаз жаза ма бұл мәселе әлі ауылдарда тоқталған жоқ. неге осы мәселені іске асырмайды.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар