Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын физика сабағында қолданудың тиімділігі

13 ақпан 2015 - Жадыра Аққалиева
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын физика сабағында қолданудың тиімділігі

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп — балабақшасы

Тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын физика сабағында қолданудың тиімділігі.

Физика пәнінің мұғалімі: Аққалиева Жадыра Ақылбекқызы

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту, тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі.

Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Физика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Есептерді өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу
мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануы тиіс. Соның бірі «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын. Нәтижесінде:

— сабақтың мазмұны, сапасы артады;

— жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады;

— оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады;

— пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақ сыни тұрғысынан ойлау (СТО) – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады:

-оқушыларды ойландыруға;

-өз ойларын ашық айтуға;

-пікір таластыруға /дебат/;

-дұрыс сөйлей білуге;

-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге;

-оқушылар шығармашылығын дамытуға;

Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту

II. Мағынаны тану

III. Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде – мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады.

Мағынаны тану кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып, өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді.

Ой толғаныс кезеңінде -оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды.

Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 – нен асады.

Енді осы технологияның әдіс – тәсілдері бойынша өткізген сабақтарымның бірнешеуін ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы (7 — сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:Заттың тығыздық ұғымын, өлшем бірлігін, есептеу формуласын енгізу және оны есептеп таба білуге, әртүрлі заттардың тығыздығын анықтауды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: жеке тұлғаны дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру, білімділікке, шапшаң ойлауға, ойларын қорыта білуге үйрету.

Тәрбиелілік мақсаты: өзіне сын көзімен қарай білуге, ұжыммен жұмыс
істеуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, магниттік тақта, семантикалық карта,қатты денелер: сабын, ағаш, темір, таразы, сызғыш.

Пәнаралық байланыс: математика.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны физика пәнін оқытуда қолдану.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.Топтармен таныстыру.

І.Қызығушылықты ояту.

Сөзжұмбақ /осы сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпқа өтеміз, яғни әр топқа таратылады, оқушылар ұжымдасып шешеді, сосын слайдтан тексеріліп шыққан сөз бүгінгі жаңа тақырып екені айтылады. Ал сөз жұмбақты шешу барысында үй тапсырмасы қорытындыланады/.

ІІ. Мағынаны ажырату.

1.Бізді қоршаған орта неден тұрады?

2.Оған қандай сипаттама бересің?

3.Тығыздық ұғымын қалай түсінесің?

Нәтижесінде: — Бірдей заттан жасалған денелердің көлемі мен массалары әр
түрлі болғанда тығыздығы бірдей болады.

-Әр түрлі заттан жасалған массасы мен көлемі әртүрлі денелердің тығыздығы да әр түрлі болады.

Оқушылар кітаппен /топпен/ жұмыс жасай отырып
анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін өздері әр топтан бір оқушы
презентациялап қорғайды.

Ш.Ой толғанысы. Семантикалық картамен жұмыс.

Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту мақсатында «Өзін — өзі тексеру» семантикалық картаны толтырып және өзін-өзі бағалайды.

Экспериментік тапсырма: 3 топқа катты денелер беріледі, оқушылар тығыздығын табады. Сосын оны қалай тапқанын әр топтан бір оқушы презентациялап қорғайды.

Сабақты қортындылау барысында оқушыларға шығу парағы таратылады

/оқушылар сұраққа жауап береді/

1.Не білдің?

2.Жаңа тақырып бойынша қандай сұрағың бар?

3.Бүгінгі тығыздық ұғымын күнделікті өмірде пайдаланамыз ба?

Бағалау: сабаққа қатысқан барлық оқушыларға баға қойылады, яғни бағалау парақшалары арқылы өз – өздерін бағалап парақтарын тапсырады.

Үйге тапсырма.

§32. 12-жаттығу. №3,4. 4.2 эксперименттік тапсырма.

/бөлменің тығыздығын анықта/

Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары (10- сынып)

Сабақтың мақсаты: өтілген тақырыпты қайталай отырып, алған білімдерін жинақтау, пысықтау. Бүгінгі өмір талабына сәйкес оқушылардың газ заңдары тақырыбын білу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақматериалдарын оқушылардың өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстары арқылы меңгерту.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі: Дөңгелек үстел, ассоциация әдісі, «Венн» диаграммасы, «Ой толғау» әдісі және «Еркін жазу» стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Физик – ғалымдардың суреттері, слайд, сызба – нұсқа, кестелер, білім деңгейлері жазылған плакат.

Сабақтың барысы: «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сабақ жоспары үш кезеңнен тұрады.

«Қызығушылықты ояту» кезеңі. Сабақтың бұл кезінде ассоциация әдісі негізінде «Газ заңдары» тақырыбы бойынша ассоциациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырылады.

Бұл кезде оқушылар өздерін шығармашылық жұмыспен айналысатын зерттеуші ретінде сезінуі керек. Зерттеу тақырыбы «Газ заңдары». Осыған орай өз ойларын жекелей, жұптық, топтық шаралар арқылы жеткізе білулері шарт.

Ассоциациялық карта арқылы әр топтан бір спикердің жауабы тыңдалады. (Бұл әдіс бойынша сыныптағы барлық оқушы өз ойларын мүмкіндіктеріне қарап қағаз бетіне түсіреді).

Келесі тапсырма «Газ заңдары» тақырыбын еске түсіре отырып, оны сипаттайтын шамалармен танысу, осы шамалар туралы мәліметтер жинақтау. Ол үшін дөңгелек үстел әдісін қолданамыз. Үш топ бойынша төмендегідей тақырыптар беріледі. І топ – «Изотермиялық», ІІ топ – «Изохоралық», ІІІ топ – «Изобаралық». Тақырыптарға байланысты ойларын қағазға түсіреді, зерттеу уақыттарына 3 минут бөлінеді. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша жұмыс жүргізу шарттары мынадай болады.

    1.Әрбір топ жазуларын бөлек түспен толтырулары қажет.

    2.«Талқылау аяқталды» командасынан кейін жазуды аяқтап, сағат тілінің жүрісі бойынша әрбір топ келесі топқа жазған беттерін беру керек, әрбір топ оқушылары жазған материалдармен танысып, толықтырулар мен түзетулер енгізіп, қайтаруы керек (түзету мен толықтырулар топтардың таңдаған түстерімен жазылуы қажет).

    Белгіленген уақыттан кейін әрбір топтан спикерлер сөз алып, өз тақырыптары бойынша қорғау жұмыстарын жүргізеді. Осы уақытта топтың басқа мүшелері өз тақырыптарына байланысты физик – ғалымдардың суреттерін және сызбаларын тауып тақтаға іледі.

    Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде өткен материалмен байланыстыра отырып, жаңа материалды меңгерту жүзеге асады. Әр топ өз аттарына сәйкес тақырыптарын түсіндіре келіп, күнделікті өмірде қолдана білу қажеттігіне тоқталып өтеді.

    «Ой толғаныс» кезеңі – сабақты бекіту кезңінде «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптардың ерекшеліктерін салыстырады.

    Топ оқушылары процестерге берілген есептерді тақтаға орындайды, дәптермен жұмыс жүргізіледі.

    Сабаққа қатысқан оқушылардың барлығы бағаланады. Оқушылардың ауызша жауаптары, есептер шығаруы, шығармашылық жұмыстары басшылыққа алына отырып бағаланады.

    Үйге «Еркін жазу» әдісі бойынша алған білімдерін, әсерлерін, түсінгендігін, әлі де болса нені білгісі келетіндерін қағаз бетіне түсіріп келу тапсырылады.

Қорытынды: осы технологияның страгегияларын пайдалану барысында сабақта мүлдем ауыз ашпайтын оқушының ойын айтқанын, ізденгенін, топқа өз үлесін қосуға тырысатынын, өзінен кеткен қателіктерін мойындайтынына көзім жетті. Жыл сайынғы жинақталып келе жатқан тәжірибеге қоса, оқытудың жаңа технологиясы сапалы білімге көрсеткіш болмақ.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керекдеп сөзімді аяқтағым келеді.

Ұсыныстар:
1.«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиясын сабақта тиімді қолдану.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашу.

3. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084933

Пікірлер (1)
нуртуган # 5 мамыр 2015 в 19:19 0
курсабой жумыс

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар