«Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҰБТ-ге дайындық барысында оқушылардың белсенділігін арттыру »

 

                          Дуйсенғалиева Гүлмира Жұмажанқызы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

Қарасу ауылы

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

 

«Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҰБТ-ге дайындық барысында

оқушылардың белсенділігін арттыру »

  Ұлттық бірыңғай тестілеу-орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.

                                                     (ҚР-ның «Білім туралы» заңынан)

      ҰБТ-ны енгізу білім беру сапасының жоғары болуын, оны дамыту мен басқаруда белгілі бір үрдістерді, бәсекелестік элементтерін енгізуді, мекеме жұмысының тиімділігін талдаудың тәсілдерін қамтамасыз ететін оқу нәтижелерін бірыңғай ережелер бойынша сыртқы және ішкі тәуелсіз бағалау жүйесін құруды көздеді. Жалпы орта білім беретін ұйымдар ҰБТ қорытындыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың нәтижелері деп таныды.

    Педагогикалық ортада оқушылардың ҰБТ-ге арнайы даярлау қажет және ол ұдайы жүріп отыруы тиіс.

     Тест түріндегі бақылау материалдарын оқушылар білімін қорытынды және ағымдық тексеруді объективті ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар оқып-үйретуші дидактикалық материал ретінде өзін-өзі бақылау мен жекелей оқыту жүйесін құруды ұйымдастыруда да пайдалануға болады. Тесттің аз уақыт ішінде білім мазмұнын айтарлықтай жедел түзеуге, сабақ беру әдістерін жетілдіруге мүмкіндік беретіні мәлім. Бұл тестілеудің үш бірдей, яғни оқытып-үйрету, бақылау және тәрбиелеу қызметін атқаратынын көрсетеді. Соңғы қызмет оқушының білмейтінін біле түсіп, алға жылжуын байқап-бақылауға және түзеуге мүмкіндік береді.

       Әр мектеп қорытынды аттестаттауға оқушыларын пәндер бойынша даярлауда өз тәжірбиелерін жинақтады. Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің де пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлеу барысында өз тәсілдерін жүзеге асырып келеді. Соның ішінде мектепке оқушылар қазақ әдебиеті пәнін таңдау пәні ретінде жыл сайын таңдап отыр.

       Ғалым Төлеутай Ақшолақов «Әдебиет-өнер туындысы,әдебиет сабағы-өнер сабағы» дегендей әдебиет пәні мұғалімдері алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне ,әсіресе сөздік қорының бай болуына, сондай –ақ жас ұрпақтың бойына халықтыңсалт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізетіні белгілі.  Әдебиет пәні-жан –жақты ойлантудың, терең пікірдің пәні. Осындай күрделілігіне қарамастан оқушылар қазақ әдебиетін таңдауда.

       Биылғы оқу жылында 11-сыныптағы қазақ әдебиетінен екі мұғалім сабақ беруде.екеуі же екінші санатты.пән мұғалімдерінің ҰБТ-гедаярлаудағы мақсаты:

а) оқушылардың ҰБТ-ге дайындау барысында шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділігін арттыру;

ә)әдебиет сабағындағы түрлі сұрақтар жігін ажырата білуге дағдыландыру;

        Міндеттері:

а) оқушыларды ҰБТ-ге даярлау әдістемелерімен таныстыру, оларды уақытылы бағдарлай білуге және оны пайдалануға үйрету;

ә)пән бойынша тест тапсырмаларының түрлі нұсқаларын дайындау;

б) балаға дайындық тақырыптарын күндерге бөлуге көмектесу;

в) оқушыларды болашақ мамандығына бағдарлау.

         Пән мұғалімдері жыл басында мектеп әкімшілігі бекіткен жалпы іс-шара жоспары негізінде қазақ әдебиетінен жоспар құрды.Оқушылардың күнделікті қатысуын тексеру үшін журнал ашып, оны мазмұны мен толықтырылып отырды. Әзірлік бекіткен кесте бойынша

І жатрыжылдықта аптасына 3 сағат озса, ІІ жартыжылдықта 6 сағат өткізіліп отыр. Таңдап отырған оқушы саны І жартыжылдықта 8 оқушы болса, ІІ жартыжылдықта 11 оқушыға жетіп отыр.

    Алдағы екі жылмен салыстыратын болсақ, 2008-2009 оқу жылы 94, пайызды көрсетіп, 1 оқушы Елемесова Қатима грант иегері атанып,қазіргі уақытта БҚМУ –да оқып жатыр. Ал 2009-2010 оқу жылы 100 пайызды көрсетіп, 1 оқушы Салахият Бірсұлтан грант иегері болды. 2010-2011 оқу жылында қазіргі кезде 45пайызды көрсетіп отыр.

    2010-2011 оқу жылында 4 рет аудандық, 5 рет мектепішілік тест сынағы озды. Оның көрсеткіші мынандай: аудандық №1 -0,№2-20,№3-10 көрсетсе, мектепішілік №1-38,№2-63, №3-38,№4-38,№5-37 пайызды көрсетіп отыр.

   Бұл, әрине алдыңғы жылмен салыстырғанда төмен болып отыр.

    Оқушылар сынақтар барысында жыраулар поэзиясынан ,әдеби теориялық ұғымдарды айырудан, пікірлерден, шығарма авторлары мен кейіпкерлерінен көптеген қателіктер жіберді. Бұлай  болудың себебі: оқушылардың өздіктерінен дайындалуы жеткіліксіз, ата-аналардың да үйден тексеруі қанағаттанарлықсыз. Ата-анамен байланыс дәптерлері ашылды.

        Дайындық кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлендіріпжабық тест, тіке тест, сәйкестік тест, анықтау тест секілді тест түрлерін қолданады және перфокарталармен де жұмыс жүргізіледі.

   Жалпы дайындық балаларға жеткілікті. Алайда оқушылардың ішінде қазақ әдебиетін оңай пән деп таңдап отарғандары бар.  Бұл  да ,әрине, кері әсерін тигізетіні анық.

         «ШЫҢ» кітабын, оқулықтарды, көркем әдебиеттерді дайындықта қолданады. Алда нәтижеге жету мақсатында жұмыстанады деп сенім білдіремін. 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141936

Пікірлер (2)
бітіруші түлек # 10 қараша 2014 в 16:01 0
Cәлеметсіз бе? Егер әдебиет пәнін таңдасам грантқа түсу мүмкіндігі қаншалықты және қандай мамандық иесі бола аламын?
тұмар # 28 тамыз 2015 в 18:34 0
әдебиетті таңдасаң грантқа түсу қиын. балы жоғары болады.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар