Қазақтың Сен – Сұлтанысың

26 қаңтар 2014 - jumabike
Қазақтың  Сен – Сұлтанысың

ҚазақтыңСен – Сұлтанысың

 

Қазақтың Сен – Сұлтанысың,

Ұлтанды ел –
Ұлы атаның ұрпағысың! 

Президент елдің басшысы, алдыңғы қатарда отыратын адам.Көшін бастайтын адам.Қазақ халқыныңалдынғы қатарындатұрып, көшін алға бастайтын  алғашқыкөшбасшысы Назарбаев Нурсултан Әбішұлы.   1991 жылдың 1 желтоқсанындаҚазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Н.Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап, ҚазақстанРеспубликасының Президенті болып сайланды.Сол күннен бастап  Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ЖоғарғыБасқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқада бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған Қазақмемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі.Ол елбасқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдіктәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуансалалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісінтап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымталәрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз Қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызыбар істер атқарылды.                    

Қазақстан халқынаелдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарытуралы жыл сайын арнаған жолдаулары сол маңызды істердің дәлелі болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы қазанда«Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатыныңартуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгідаму стратегиясын ұсынды. «Қазақстан­ ­– 2030» стратегиясы егемендіреспубликаның экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді дамужолын белгілеп берді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялықдаму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922Жарлығымен бекітілді. <o:p></o:p>

2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеукезеңі адамзат тарихындағы соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаhандыққаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дәл келді. 2020 жылғадейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде әлемдік немесе өңірлікдағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруғабағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді

  2011 жылғы Қазақ елінің көшбасшысыөз халқына жолдаған жолдауында:

«БОЛАШАҚТЫҢІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ» деген болатын. Өз халқымен бірге болашақтың іргесінқалап кележатқаннын 2012 жылы 14 желтоқсанында Қазақстан халқына жолдаған  «Қазақстан-2050» Стратегиясынанда байқауға болады.                       

 Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтыңтауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесінкөтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайынажазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған,ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадамбасқан қазақстандықтардың нағыз көшбастар көшбасшысына айнала білді. 

Елбасы еліміздің кемеңгері,
Қазақтың арда тұтар асыл ері.
Жаһанға танытып қазақ елін,
Көшбасшы, Қазақстан жүрегі.
Білім, ғылым іздеген жастарға,
Болашақ бағдарламасын қосқан да.
100 мектеп бағдарламасы,
Үлгі болар бастама. <o:p></o:p>

 Астанадай алып қала тұрғызған,
Нұр Отанын халыққа қамқор қылғызған.
Азияда алауын желбіретіп,
ЕХРО – 2017 көрмесін еліне бет бұрғызған.
Басшылық жасап қауіпсіздік ұйымға,
Бірлікті ту еткен бар әлемге.
Нұрсұлтан Назарбаев жасасын! 

Қазақтың Сен – Сұлтанысың,
Ұлтанды ел –
Ұлы атаның ұрпағысың!
Шапағын абат күннің шашып елге,
Арайлап атқан арай – нұр таңысың!
Арқаның қақ төрінен қала орнаттың,
Бұл – мәңгі үлгі — өнеге ұрпақ үшін!
Талмайтын жарыс десе – тұлпарысың,
Самғайтын ғарыш десе – сұңқарысың!
Астана-Қазақстаның асқар шыңы,
Ал өзің байтақ елдің бір тауысың!
Тіл — көз бен көлденеңнен
Аман — сау жүр,–
Бұдан да биіктерге шырқау үшін! 

                                                                                   Қарағанды облысы 

                                                                                  Ақтоғай ауданы 

                                                                                  Сарышаған кентінің 

                                                                                  Жалпы орта білім беретін мектебінің  

                                                                                   Ағылшынтілі пән мұғалімі: 

                                                                                  Гурленбаева Жумабике Ражабовна. <o:p>

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніЖарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124392

Теги: мақала
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар