Әдебиетті оқытуда интербелсенді оқушы даярлау жолдары

25 қараша 2014 - Ләйла Оңалбекқызы
Әдебиетті оқытуда интербелсенді оқушы даярлау жолдары

Әдебиетті оқытудағы интербелсенді оқушы даярлау жолдары
    Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба алатын іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
    Ал әдебиет пәні мұғалімдерінің алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар  төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізгені абзал. Әдебиет пәні – жан-жақты ойлантудың, терең пікірдің пәні. Бұл пәннің ерекшелігі өзіндік ойлау мен өзіндік пікірді айта білуде жатыр. Сезім, эмоция,әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді. Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда электронды оқулықтың тиімділігі» деп аталады. Қазіргі қоғамда болып жатқан күрделі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, ғылыми саладағы интеграциялық құбылыстар біз қарастырып отырған мәселеге негізгі себепші болып отыр. Бұл құбылыстар білім беру үрдісіне оң әсерін тигізіп қана қоймай және педагогикалық интеграцияның формалары, түрлері мен әр түрлі бағыттарында көрініс табады. Сонымен қатар білім берудің барлық деңгейінде  дерлік қолданылуы (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар) орын алуда. Электронды оқулықтар – техникалық құралдар (компьютер) арқылы көрсететін, көз алдына есту, көру арқылы өзіндік ой қорыта алудың бір түрі. Абай атамыз айтқандай, көріп, сезініп, тұшыну арқылы бойға алған материалды жинақтау.
    Егер бастауыш сынып оқушылары үшін көрнекіліктер үлкен рөл атқарса, орта буын үшін қызығушылықтары жан-жақты бола бастайды. Ал, оқытудың техникалық құралдары еске сақтауды қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Олар алынған білімнің жарқын, маңызды сәттерін ажырата отырып, ұғымның бекітілуіне ықпал етеді.  Оқытудың техникалық құралдары арқылы көрсетілетін ақпарат сапасы жаңа, ерекше, динамикалы, бейнелі контрастілі болғандықтан, оқушы зейінін еріксіз аударады. Компьютерлік бағдарламаны құру кезінде оны тек түсінікті ғана емес, сонымен бірге эпизодтары қызықты, монтажға, кадр композициясына күтпеген жағдайларды қиюластыру, ұлғайтып көрсететін нәрсенің аса әсерлі болуын, диктор дауысының, қатысушы кейіпкер сөздерінің және музыканың бір мезгілде әсер етуіне назар аударады, әрі материалдың еріксіз жадта сақталуына септігін тигізеді.

    Қазақтың төл әдебиетін оқытуда компьютерді, электронды оқулықтарды қолданудың тәсілдері де әр түрлі: барлық топпен де, кіші топпен де, жеке оқушылармен де жұмыс істеу қиындық келтірмейді. Бұл мұғалімнің өз шеберлігіне тікелей байланысты.
    Сондай-ақ М.Жанпейісова ұсынған модульдік оқыту технологиясы. Бұл технологияның мазмұны төмендегідей:
 
Мысалы бір блокты меңгертуде мұғалімнің жұмысы мынадай болады:
 
Модульді үш бөлімнен тұрады деп қарастыруға болады.
 
М.Жанпейісованың оқыту технологиясы жаңа талаптарға сәйкес келеді, оқушыларды өзін-өзі жетілдіруге бағыттайды.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» атты бағдарламасын Шығыс Европа және Орталық Азия үшін ұсынып отыр. Бағдарламаның мақсаты – кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарауды үйрету. Бұл технологияда сабақтар құрылымы негізінен үш кезеңге бөлінеді деуге болады.
 
Бұл технологияның «Кубизм», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу жүйесі», «Венн диаграммасы» т.б. көптеген стратегиялары бар. Осы технология бойынша оқушылар:
 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен жұмыс жасағанда әсіресе, ұжымдық жұмыс істеуде оқушылар сыйластығы артып, пікір айтуға, шығарманың идеясын табуға, өз бетімен тұжырымдар жасауға үйренеді. Мен өзім қолданғанда оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің артқандығын, жылдам шешім қабылдай алғандығын байқадым. Соның дәлелі ретінде мектепішілік «Жаңа технология сабақта» атты семинарда өткен үлгі сабағым болатын. Және сабақ өту барысында «Дебат» әдісінің тиімділігі жайында да айта кеткен жөн болар. Себебі, мұнда бір тақырыпқа екі көзқарас қалыптастыру, тиімділігі мен зияндылығы жайлы өз пікірлерін нақты дәлелдерімен (аргумент) көрсетеді. Және ізденімпаздыққа баулиды.


«Дебат»
 
«Венн диаграммасы»:

 



«Түртіп алу жүйесі»
Білемін    Сәйкес келмейді    Мен үшін жаңалық    Таңқалдым
           
Мінекей, әрбір сабақта баланы қызықтырып, оған дұрыс бағыт бере білуде, білім сапасын арттыруда, баланы ізденімпаз етуге жол сілтейтін бірден-бір әдіс – тәсілдер осылар деп білемін. Мұғалім әр сабақта оқушылар арасында,  бағалау кезінде, рейтингісін шығарып отыру керек. Бала бұл сабақта мен неге кейін қалдым деп өз қателігін түзетуге талпынады. Әрине бағыт-бағдар беруші өзіміз боламыз. Қазақ әдебиеті – ананың сүті мен күннің нұрынан жаралған пән. Демек, ана сүті мен күн нұрынан жаралған пәнді сүйе білу, төл әдебиетімізді құрметтеу жолында ерінбей етуіміз керек. 





Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 11,2004 ж
2.    «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 6 2008 ж
3.    «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы № 1,2009 ж
4.    «Ашық сабақ.Факультативті сабақтар» журналы №1,2009 ж
5.    Сарманов Е, Сапаров С. Сабақта жаңа технологияларды қолдану. Шымкент -2007 ж.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150986

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар