«Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері»

16 ақпан 2015 - Гүлнар Адреисова

В2

№ 100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Адреисова Гүлнардың

«Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері»

тақырыбына жазған есебі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі».

Мен осы мектептегі тәжірибе кезінде өзіміз оқып отырған жеті модуль бойынша сабақ өткізудің қазіргі таңда қандай пайдасы бар екендігіне көз жеткіздім. Өткізген төрт сабағымда оқушылардың алғашқы сабақтағы одан кейінгі сабақтарда қаншалықты өзгергендігін, сабаққа ынталарының қалай артқанын көрдім. Алдымен жаңаша сабақтарымды бастамас бұрын дәстүрлі сабақ өткіздім, әріптестерім модульдік сабақтармен салыстыру үшін сабақтың талдамасын жасап қойды. Сабақты бастар алдында оқушылармен пікірталас жүргіздім, психологиялық дайындық жасадым. Оқушылар тарапынан «Бұл сабақтар не үшін керек;», «Сабақты неге камераға түсіреміз», «Біреулер тексере ме» деген сұрақтары туындай бастады. Пайда болған сұрақтар бойынша сабақтардың ерекшеліктерін, пайдасын түсіндірдім және оқушыларға өз пікірлерін жазатындығын айттым. Сонымен қатар ата – аналармен кездестім, пікірлерін тыңдадым.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді деп бағдарламада айтылғандай мен де тәжірибе кезінде оқытуда «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан», бірінші – бетпе беттегі таратпа материалдардан қазақ тілін оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қарастыра бастадым.

Егер мұғалім Шульманның «3 көмекшісі» бас, қол, жүрекке сүйене отырып жұмыс жасаса оқушының сабақты өз бетімен меңгеруіне ықпал етер еді. Осындай жағдайда оқыту да жақсы болар деп есептей отырып өз сабақ жоспарларымды құрдым.

Менің тәжірибе кезіндегі үшінші сабағымның тақырыбы «Жағажайда» болды. Сабақты Блум таксономиясын қолдану тәсілімен өткіздім. Алғашқы күндерде сабақ өткізгенде оқушыларға ұйымдастыру кезеңі, сабақ барысы барлығы ерекше көрінген болатын. Бұл сабақ үшінші сабақ болғандықтан оқушылар біраз төселіп қалған екен. Сабақтың басында табиғаттың суреттерін алты бөлікке бөліп, әр оқушыға таратып бердім. Оқушылар осы қиындыларды тұтастыру үшін қалған бөліктерін іздейді, құраған суреттері бойынша топқа бөлінді. Әр топ өздеріне ат қойды.

Сабақ бастамас бұрын өздері құрған «Алтын ережені» қайталап алды. Бұл ережелерді түсініп қалыптасқанша біраз уақыт өткен болатын. Алғашқы сабақ барысы бойынша сыныпта тапсырманы орындау кезінде мұғалімнің көмегісіз, өз ойларын қағазға еркін түсіре білуі, әңгіме құрағанда тақтадағы жаңа сөздер мен мұғалімнің айтуысыз бұрын кездеспеген жаңа сөздерді аудару, сөйлемдерде сөздерді бір –бірімен байланыстыра білулері қиынға соққан еді. Сонымен қатар оқушылардың бұрынғы кездегі бұлай жұмыс істеп көрмегендігі де әсер еткен болар. Сол қиыншылықтарды негізге ала отырып осы сабаққа қалай дайындалам, қиыншылықтарды жою үшін не істеуге болады, оқушыларға жақсы, нәтижелі жұмыс жасауына қандай ой тастауға болады осының бәрін алдын – ала жоспарлап алған едім.

Жоспар жасау кезінде екінші аптаның бірінші күні жасаған SWOT талдауына сүйене отырып, дәстүрлі емес сабақтардағы күшті, әлсіз жақтарын, дәстүрлі сабақтардағы кездесетін қауіпті жақтарын қарастырдым. Осы ойларымның көмегімен келесі өткізетін сабақтарыма жоспарды дұрыс құрай білдім. Сондай –ақ барлық сабақтарымда жеті модульді де қамтуға тырыстым. Сабақта не істейтінімді, жоспарды қалай құрайтынымды ойлана бастадым.

Сабақ жоспарын жаңаша оқыту тәсілімен құру әрине оңайға соқпайтыны анық. Жоспарды дұрыс құру үшін, бірінші бетпе — беттегі таратпа материалдарды, нұсқаулықты қайта қарап шықтым және неге сүйенетінімді түсіндім. Құрған жоспарым бойынша оқушыларға керекті таратпа материалдар, тақырыпқа байланысты түрлі сұрақтар, суреттер жинадым. Осы жинаған материалдарымды сабақта оқушыларды сөйлету үшін ұтымды пайдалануды ойладым. Сабақ барысы бойынша оқушыларға таратып бердім де іс- әрекеттерін бақыладым. Сабақ аяқталған соң оқушылар қай тапсырма бойынша, қалай жұмыс жасады, қандай тапсырмалар қиыншылық тудырды, қандай тапсырмаларды орындаулары сәтті шықты қарастырып сабаққа талдау жасадым. Талдау барысында сабақтың кем тұстарын, толықтыратын жақтарын, ұтымды болған жерлерін қарастыра бастадым. Сондай –ақ сабағымда жеті модульді де қамтуға тырыстым.

Мұндағы бір байқағаным, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, диалог арқылы оқыту, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану модульдерін қолданғанда оқу үлгерімі төмен, сабаққа ынтасы жоқ, енжар балалар аса қызығушылықпен жұмыс жасады. Сабақта барлық жағынан да өздерін көрсетуге тырысып, берілген тапсырмаларды құлшыныспен орындап, үнемі бірінші бітіруге тырысып отырды.

Менің тәжірибе кезіндегі бақылауға алған оқушыларымның бірі Бондарь Анна мектепке алғашқы ауысып келгендегі көңіл — күйі, сабаққа ынтасы қалай болды, қазір көңіл – күйі, сабаққа ынтасы қандай айтарлықтай айырмашылықты байқауға болады. Осы үш апта бойы байқағаным ынтасы көтеріліп қалған, сауатты жазуға да үйреніп қалды. Бұл бала жаңаша оқыту тәсілдерінің элементерімен сабақ жүргізуімді жылдам қабылдап алды. Мұғалімнің қазақша қойған сұрақтарын түсініп, еш қысылмай дұрыс жауап беруге тырысып отырды.

Тіпті қосымша сабақтарға шақырғанда келгілері келмейтін оқушылар, осы жолы өздерінің қашан келуге болады деп сұраған сұрақтары мені қуанта бастады. Осыған қарап отырып – ақ осы балалармен келешекте қандай жұмыс жасаған дұрыс болады соған тұжырымдама жасадым. Аталған балалар болсын, басқа балалар болсын сабаққа қызығушылығын одан әрі қалай арттыруға болады, осы тәжірбие кезінде қандай модульдерді қолданғанда оқушыларға тиімді болды, соған сүйене отырып келешекте қандай жұмыс түрлерін жасаймын өзіме түйіп қойдым.

Сабақта сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың 49 беттіндегі «Сыни тұрғыдан ойлаудағы» ең оңтайлы тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Біз де балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салт туралы мысалдар жекткілікті» деген жолдарына қарап отырып, мен де сын тұрғысынан ойлауды үйретуде Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту», «Семантикалық карта», Шаталовтың « Тірек сигналдар арқылы оқыту» стратегияларын қолданудың өте тиімді екеніне көзім тағы жетті.

Мен бұл стратегияларды дәстүрлі сабақтарда қолданып жүргенімнен сәл өзгертіп көрдім. Семантикалық картамен жұмыс жасағанда үндемес балалар Комягин Михаил, Муцалов Ислам картадағы тапсырма түрлері бұрынғыдан өзгеше екендігін бірден аңғарды. Бұл балалар дәстүрлі сабақтарда да карталармен, суретпен жұмыс жасағанда ғана сабаққа араласып отыратын. Сондықтан болар картадағы өзгерісті байқап, оны айта бастады. Деңгейлеп оқытуда балаларға оқу үлгеріміне қарай қарапайымнан күрделіге тапсырманы өзім бөліп беретінмін. Оқу үлгерімі төмен балаларға қарапайым тапсырма, оқу үлгерімі орташа оқушыларға сөздерді талдау, аудару, мақал – мәтел айту, оқу үлгерімі жоғары оқушыларға мәтіннің, мақал — мәтелдердің мағынасын ашу, әңгіме жазу, жаңылтпаш айту сияқты тапсырмаларды беретінмін. Бұл жолы тапсырмаларды әдеттегідей оқушыларға кім қандай тапсырм орындайды айтқан жоқпын. Тапсырмаларды топ алдына тастадым. Оқушылар өздері таңдауға тиіс. Үйреніп қалған әдеттерімен сөз тіркесін құру, берілген сөзге морфологиялық талдау жасау тапсырмаларын топтағы әлсіз балаларға, сұрақтарға жауап беру, аударуды оқу үлгерімі орташа балаларға, эссе жазуды оқу үлгерімі жоғары балалар өздері бөліп алыпты. Сабақ соңында салыстыру үшін нәтижесін жазып қойдым. Сабаққа ынтасы жоқ енжар балалар картамен жақсы жұмыс жасады. Сабақ соңында жасаған жұмыстарына өздері риза болып, алған әсерлерімен бөлісіп отырды.

Сабақта оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып, берілген тапсырманы орындау барысында көп ойланып, талқылап, жинақтаулары да сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыратынын байқауға болады.

Сондай –ақ оқушылардың сапалы білім алуларының бірден – бір тәсілі диалог арқылы оқыту. Оқушылар диалог арқылы бір біріне сұрақ қойып, пікрталастыра отырып, бір – бірінің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасса сыни тұрғыдан ойлау арқылы тілдері дамитыны анық байқалады. Сондықтан мен диалогты бірінші сыныптан бастап қолданатынмын. Енді мектептегі тәжірибе уақытындағы сабақтарда диалог арқылы оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып диалогтың білім алудағы маңыздылығына тағы көзім жетті.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың үшінші деңгейінің 39 бетінде жазылған Выйготскийдің «Оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ» деген тұжырымдамасын негізге ала отырып бұдан былай да өзімнің әр сабағымда диалогтік оқытуды дамыта түспекпін.

Тәжірибе кезіндегі сабақтарымда диалог арқылы оқыту тәсіліне оқушының мұғаліммен, оқушының оқушымен диалогін кіргізіп отырдым. Сондай –ақ «Жағажайда» тақырыбындағы сабағымда да диалог өте сәтті өтті деп айта аламын. Менің оларға берген тапсырмаларымда әр топқа Қазақстанның облыстары бойынша өздері білетін қандай демалатын жерлер бар деп мәселе тастадым. Оқушылар өздері плакаттарға өздеріне таныс немесе естіген жерлері туралы сала бастады.

    -Суретте не байқауға болады?;

    -Әсем табиғаттан қай жер екенін байқаймыз?;

    -Жағажай қандай болады?;

    -Жағажайдың ауасы қандай болу керек?;

    -Біз немен демаламыз?;

    -Жағажай үнемі таза болу үшін не істеу керек?; деген сұрақтар жазылған. Осы сұрақтарын келесі топқа жауап беруге ұсынды. Олар жауап берген соң, екі топ сұрақ жауаптарын оқып, жақсы диалог құрды.

Қазақстанның әсем табиғатына қай топтың тілегі бар қағазға түсіріңдер дегенде:

«Адамдар, демалатын жерлерде қоқыс шашпаңдар. Ол ауаны ластайды. Біз ауамен дамаламыз. Өз жерімізді таза ұстайық. Табиғатты қоғау біздің міндетіміз. Таза ауамен демалайық, өз денсаулығымыз өзімізге байланысты. Біз демалатын жағажайлар таза болу керек» деген сөйлемдер болды. Жазып болған соң сыйлық қорабына салып, табиғатты қорғау бекетіне сыйға тартты. Мен осы жеткен жетістіктеріне риза болдым, себебі бұл топта отырған оқушылар сөйлем жазуға қиналатын, аударғанда дұрыс аудара алмай отыратын. Осы жолы өткен сабақты естеріне ала отырып осынша сұрақтар қойып, сөйлемдер жазу бұл балалар үшін үлкен жетістік. Олардың осы нәтижесіне қарап отырып мен өзіме алдағы сабақтарда не істеуге болады, қандай әрекеттер жасаймын өзім үшін қағазға белгілеп қойдым.

«Жағажайда» тақырыптары бойынша сабақтың басынан(ұйымдатыру кезеңінен бастап) аяғына дейін диалог арқылы оқыту тәсілі сәтті өтті. Бұл тақырыптарға келгенде оқушылар жаңаша оқыту тәсілдеріне әбден машықтанып қалған еді. Мен тапсырма таратқанда өздері диалог тәсілін таңдап алып, топ мүшелері бір – бірімен, одан кейін басқа топтармен диалог жүргізіп, өз жұмыстарына риза болды. Сабақтың өздері үшін сәтті өткенін олар рефлексия жасаған кезде жазды.

Бірінші бетпе – беттің үшінші аптасының үшінші күні таратылған қосымшасындағы Бразилиялық педагог Фриери, әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі.

Фриери, мұғалімнің міндеті оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогке түсу, деп санайды. Л.С.Выготский оқытуда диалогке басты рөлді беруді ұсынған; ол енгізген «жақын маңдағы даму аймағы» түсінігі мен Сократтың ұсынған «эленхос» сияқты (Abbs бойынша цитата 2003, 15 – бет) түсінігі, диалогтік әңгімеге қатысушылардың біліміндегі кемістіктерді көрсететінін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фриери осы теорияны ары қарай дамытуда, оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, осындай диалогтің мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген.

Білім алудағы тиімді әдістерінің үшінші бір тәсілі мен үшін оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болып табылды. Мұғалімге арналған нұсқаулықтың үшінші деңгейіндегі 58 бетте: «Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауы, үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді.

Ал оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады» делінген. Осы жолдарға қарай отырып мен де сабақтарымда бағалаудың түрлерін пайдаландым.

Бірінші бетпе — беттің үшінші аптасының үшінші күнгі таратпа материалында «Өзін — өзі бағалау барысында оқушылар өздерінің жұмысын бағалау кезінде қолданылатын өлшемдер мен стандарттарды дұрыс түсінуі, өлшемдердің немесе стандарттардың мәліметтеріне сәйкес өзінің жұмысы туралы пайымдауы қалыптастыруды шынайы ұғынуы тиіс, мұғалімнің түсініктемелерін ескерулері және анықталған тармақтарды алдағы уақытта пысықтаулары тиіс», «Мұғалім бағалауынан өзін – өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсінуіне сенімділігін арттырады, сондай –ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді.» деп жазылғандай, дәстүрлі сабақтарда өзімнің ғана бағалауыма үйреніп қалған оқушыларға, әрине, бастапқы кезде өздерін, топтарды бағалау қиынға соқты. Дегенмен сабақ соңында бұл әдіс — тәсілдер оларға өте ұнады. Оқушылар критерийлерге қарап отырып өздеріне әділ бағаларын қойды.

Менің таң қалғаным дәстүрлі сабақтарда менің қойған үштік бағама көңілдері толмай, өздерінің сабақта дұрыс жұмыс жасамағандығын мойындағылары келмей отыратын балалардың барлығы осы тәжірибе кезіндегі өткізген сабақтарымда өзін – өзі бағалау кезінде де өз бағаларын әділ қойып отырды.

Менің мектептегі тәжірибе кезінде бақылауға алған балаларым сабаққа ынтасы төмен Иванов Иван, Бондарь Анна екеуі де бізге басқа мектептерден келген. Алғашқы келген уақыттарында өздерімен өздері жүретін, сабаққа енжар, үнемі көңілері толмайтын. Иван сабаққа еш қызықпай, жұмыс жасағысы келмей мұғалімнің қойған бағасына қарсылық танытып, жақсы баға неге қоймайды деп селсоқ отыратын. Ал тәжірибе кезінде сабақтарда өзін – өзі бағалағанда сыныптағы барлығымызды таң қалдырып, өзіне сабақтың барлық критерийлері бойынша үштік баға қойып отырды және сол қойған бағаларына түсінік беріп, не себептен өзін осылай бағалағаны жайында түсіндіріп беріп отырды.

Оқушылар өздерін, топтарды бағалап болған соң сабақ соңында оқушыларды қойған бағаларына, сабақтағы жасаған жұмыстарына қарай өзім бағаладым. Сонда оқушылар өздеріне жақсы баға қою үшін тырысып, аса белсенділікпен жұмыс жасады.

Оқушыларға ерекше ұнағаны формативтік бағалау. Мен әр сабағымда бағалаудың әр түрін беріп отырдым. Соңында оқушылдың пікірлерін тыңдадым. Олар да келешекте де барлық сабағымызда формативті бағалауды қолдансақ деп ұсыныс айтты.

Сондай -ақ сапалы білім алып, сабақты түсініп, соңынан жақсы қорытынды шығарып отыруларының бір себебі, ақпараттық коммуникативтік технологияны дәстүрлі сабақтардағы қолданғанымыздағыға қарағанда басқаша қолдануымыздан да болады деп айтар едім.

Дәстүрлі сабақтарда интерактивті тақтаға сабаққа қажетті

материалдарды өзім дайындап, оқушылар берілген

тапсырмалармен флипчартта жұмыс істейтін. Тәжірибе

кезінде жаңаша оқыту сабақтарында интерактивті тақтада

барлық ақпараттарды оқушылар өздері дайындап отырды. Интерактивті тақтада олар слайдтар бойынша тұсаукесерлер дайындады, флипчартта басқа топтарға тапсырмалар дайындады. Сонымен қатар, тақтадан басқа ноутбук, ұялы телефон, смартфондарды пайдаланды. Әрине, мұнда барлық тапсырмаларды өздері дайындайтын болғандықтан көп ізденіп, көп ақпарат алуға тырысады. Тіпті сабақтары біткен соң келесі сабақтың тақырыбын сұрап алып, алдын – ала дайындалатын болды. Олардың бұл талпыныстарының, білуге құштарлық сезімі ұлғаюының өзі де білімдерін жетілдіруге үлкен себеп болады.

Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Дүниешаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де «парасатты экономиканың» жолына тіккен еді» деп атап көрсетті. Бұл дегеніміз – білім беру білімнің қайнар көзі ретінде аса маңызды басымдық әрі қоғамды дамытудың негізі болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан бүкіл қазақстандықтардың толыққанды білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай мәселенің шешімін табу бүкіл ел аумағындағы білім беру қызметінің құқықтық негізін жасауды қажет етеді.

Сабақ соңына қарай оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнамада оқушылар өздерінің сабақтардан алған әсерлерін жазды. Олар топтық жұмыстың ұнағанын, әр сабақтарды тапсырма түрлерін ауыстырып отырғанның жақсылығын, бүкіл сабақ бойы өздері жұмыс жасап, бір – бірімен тығыз байланыста болып отырғандары жақсы әсер қалдырғанын жазған.

Бұл сабақтарымды қорытындылай келе сабақтардың тиімді жақтырының дәстүрлі сабақтарға қарағанда басымдылығы көп екенін байқап, ендігі басқа да өзім сабақ беретін сыныптарымда сабақтарды осы түрде жүргізу жайында өз алдыма мақсат қойып отырмын. Жаңа әдіс тәсілдер арқылы мен оқушыларымның бойынан бұрын өзім танып білмеген қабілеттерін аша алдым.

Сабақ соңында қорытындылап, әріптестеріммен талқылай отырып, сабаққа енжар балалардың қаншалықты ашылғаннын байқадық, әрқайсысы өздерін бағалағанда айтарлықтай теориялық білімі бар екенін байқадық. Осы үш апта уақыт аралығында оқушыларымды қызықтыра білдім деп ойлаймын. Сонымен қатар алдағы уақытта бұл әдіс — тәсілдерді үнемі қолданып сабақ өткіземін және басқа да мұғалімдеге ашық сабақтар өткізіп отырамын деп жоспарлап отырмын.

Пайдаланған әдебиеттер:

    1.Білім туралы заң

    2.Стандарт

    3.Қазақ тілін оқыту бағдарламасы

    4.ҚР педагог қызметкерлерінің БА курсының 3 деңгейінің «Мұғалімдерге арналған нұсқаулығы»

    5.Бірінші бетпе – беттегі таратпа материалдар.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

БаяндамаҚазақтың Сен – Сұлтанысың

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151009

Пікірлер (1)
Гүлзира # 27 ақпан 2015 в 17:54 0
Жарияланған материалдар жақсы жазылған. Еңбегіңіз табысты болыңыз! Осындай ұстаздар көп болсын. Жазған мақалаңыз маған ұнады.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар