ҮШТІЛДІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

10 сәуір 2015 - Күлзия Есенқызы

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда жаңа технологиялардың қоғамның әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай.

Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жоғары деңгейде білім беруімз қажет. Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев

«Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп атап көрсеткен болатын. Үш тілде оқыту – заман талабы.Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті

мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Ғылым техниканың ұшқан құстай дамуы, адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттілігін тудыруда.

2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мектебімізде факультатив сабақтар ретінде 5-6-сыныптарда математика ағылшын тілінде оқытылып келеді. Балалардың бұл сабақтарғақызығушылықтары өте жоғары. Сабақ берген мұғалімдер математика пәні мұғаліміБерикбай Мираханжәне Джанпейсева А.К.

осы негіде қалалық «12 жылдық білім беруді қолдау және ағылщын тілін дамыту орталығының» қолдауымен талай рет қала колемінде ашық сабақтар, семинарлар откізлді.

2012-2013 оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап эксперименттік сыныптарда Физика пәнін ағылшын тілінде жүргізуенгізілді. Бұл оқушылардың табиғи-ғылыми ойларын болашақта әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. «12 жылдық білім беруді қолдау және ағылщын тілін дамыту орталығының»жас маманы Дидар Бекен қызықалалық семинарларда ашық сабақ беріп, жақсы бағаға йе болды.

    Ұсыныс:

    -Мемлекеттік стандартқа сай ағылшын тілінде математика оқулықтары болса;

    -Кадр даярлауда үздіксіз ағылшын тілі курстарына жіберіліп отырса;

    -Ағылшын тіліндегі математикалық терминдерді үйрету 3-4 сыныптардан бастап қолғаалынса;

Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай.Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы».

Ұлттық мүддемізді ту еткен, ұлттық дәстүрімізді бойына сіңірген жаңа заманда жаңа біліммен сусындаған алымды да, дарынды ұрпақтарымыз көп болсын!!!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141899

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар