12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕГІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

19 наурыз 2014 - Махмут Турумов

Қазіргі өркениет талабына сай білім беру мен ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінуі керек. Өйткені ХХІ ғасыр ғылым саласында таңғажайып жаңалықтар мен ғылыми ізденістердің заманы. Соңғы технологиялар мен ғылыми болжамдар болмайынша қоғам алға баспайды. Сондықтан бізге қазір дарынды ғылымдар мен өнертапқыштар өте керек. Елбасы Жолдауында  «Білім  беру реформасы – Қазақстанның  бәсекеге  нақты  қабілеттілігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік беретін  аса маңызды құралдардың бірі. Бізге эканомикалық  және қоғамдық жаңару  қажеттіліктеріне  сай келетін  осы заманғы  білім беру   жүйесі қажет», деп оны  12 жылдық  білім беруге баса назар  аударған еді. Енді, міне  сол тапсырма  жүзеге асырылып жатыр.

Он екі жылдық  білім беру кезінде  «Өзін –өзі тану», «Әлемдік  көркем мәдениет», «Қауіпсіздік негіздері және өмірлік дағдылар», «Технология» «Кескіндеме және сызу», тағы басқа  жаңа пәндер қосылады. Он екі жылдық  білім беру – бұл біздің  мемлекетіміз үшін  маңызды. 12 жылдық білім беруде  оқушының түпкілікті   құзыреттіліктері  айқындалады.

Бастауыш  мектепте  қажетті біліктер  мен дағдыларды   игеруге,  оқу, жазу, санау, шығармашылықпен  ойлауға  жетелейтін,  жеке бас гигиенасымен   денсаулығын   сақтау негіздерінің   болуына ықпал  ететін  оқу әрекетін  ұйымдастыру  басты мақсат болып табылады.

Екінші сатыдағы  білім мазмұны  оқушының болашақ  бағдарын саналы  таңдауына  игі ықпал ететін  дайындық кезеңі  мен ұйымдастырушылық   ұстанымдардан  тұрады.

Жалпы орта білім  берудің  соңғы кезеңі  болып табылатын  үшінші  сатының негізгі мақсаты- оқытудың  саралануы мен даралануына  бағдарланған  жалпы орта білім  беру,  оқушылардың  болашақ кәсіби  қызметін саналы да  жауапты  таңдау жасауына, жеке және өмірлік  өзін-өзі  танытуына жағдай жасау.

Бейіндік оқыту  жараталыстану-математикалық, әлеуметтік – гуманитарлық  және технологиялық  бағыттар бойынша  жүзеге асырылады.

12 жылдық оқыту жүйесіне   байланысты   айтылып   жатқан  сан  алуан пікірлерде жоқ емес. Бұл жүйеге көшуде басты артықшылық – баланың  тек қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын  мамандығына қарай алғашқы  кәсіби  бағдар   алып шығуы. Яғни, 11-12 сынып  оқушылары жоғарғы оқу орнында  алғашқы курстарда  алатын  білім негіздерімен  мектеп қабырғасында  қамтамасыз  етілетін болады. Осыған сәйкес  жоғарғы оқу орындарының білім стандарттары өзгереді.Оқыту білім  беру тәжірибесі  педагогикалық  үрдістің  сапасын үнемі арттырып отыруды  талап етеді. Сол себепті  педагогикалық  үрдісте  технологиялық  мәселесі  маңызды  болып саналады.

Қазіргі ақпараттық  қоғамда және  өндірістің  дамуының  негізгі құралы  болып ақпараттық  ресурстардың   қажеттілігі  көрінеді. Сонда  білім беру саласы да өзінің дамуы үшін  жаңа қадамдарға  баруда.  Осыған байланысты  адамға  ақпараттар  кеңістігінде   дұрыс бағытты  таңдауға  керек жағдай жасай  алатын  оқытудың  жаңа  технологиялары  пайда болуда.

Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  компьютер  керек.Біздің өмірімізге қажетті  құрылғы, компьютердің пайдасы өте зор. Сондықтан да мектептердегі  информатика пәні  компьютерді меңгеру  үшін өте маңызды  роль атқарады. Компьютер–ақпарататтық  процестерді  жүзеге  асыратын негізгі  ақпараттық  құрылғы.Алақпараттық  процестер дегініміз – ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып  табылады.  Осы ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым – информатика. Компьютердің пайдасы  өте көп

екендігі баршамызға белгілі. Алайда, ауылдық жердегі тұрғындардың ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігі шектеулі екендігін айта кету керек. Бұған көбіне кедергі жасайтын ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының төмендігі. Мысалы, бір сыныптағы 24 оқушының 5-еуінде ғана жеке компюьтері бар. Осындай келеңсіз жағдайлар білім сапасының артуына, ақпараттық технологиялардың кең көлемде етек алуына тұсау болады.

ХХІ ғасырда  ақпарат ғасыры болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық қажет. Ал, бұл  сауаттылықтың  алғашқы  баспалдағы  мектептен басталады. Мектеп  қабырғасынан  теориялық  біліммен қатар практикалық  білімнің  алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық  білімді  практикамен ұштастыру  үшін  компьютердің қажет  екендігі даусыз.

Соңғы жылдары  компьютерлік  телекоммуникациялық  технологияларды  игеру қазіргі  заманда әрбір  жеке тұлға үшін  оқу және жазу қабілеті сияқты  сапалармен  бір қатарға  және  әрбір адам  үшін  қажетті  шартқа айналды. Алынған  білім мен дағдылар  бұдан әрі  көптеген  жағдайда  қоғамның    даму  жолдарын   анықтайды.

 Оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық деңгейлерін  интенсификациялау  үшін педагогикалық  жаңа технологияларды  қолдану  қолға алынып жатыр.

Қазіргі  ақпараттандырудың  өзіне тән ерекшелігі: білім беру өрісіне  белсенді түрде кіру,  арнайы оқытатын ортаны құруға  бағытталған  оқытудың  жаңа технологиясын  пайдалану және дамыту, ақпараттық  өнімнің жаңа  тәсілдері  мен құралдарын оқу үрдісінің  заңдылықтарына  сәйкес қолдану.

Ұрпақ үшін  кітапхананың  маңызы қандай болса,  компьютерде оқушы  үшін қоршаған  әлемді танудың  табиғи құралы  болып табылады. Олай болса барлық  сабақтарды  компьютердің  қуаттануымен  жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің  кезек күттірмейтін  өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану   және математика  пәндерін оқыту  құралы  ретінде  компьютерді қолдану- оқу үрдісін  белсендіруге,  оқытуды жекешелендіруге,  оқушының өзін-өзі  бақылауына  мүмкіндік туғызады. Оқу құралдары  мен оқу әдістері   компьютердің  жұмыс  ерекшелігіне  сай жаңа  мазмұнды  болуы қажет.

Сонымен қатар,  бұл кезде  оқудың  мынадай  психологиялық  аспектісінің  маңызы  зор екендігін ескеру қажет.

-  оқушылар бірден  өзінің  әрекетінің нәтижелерін  сәйкес  талдауларымен  және  ұсыныстарымен бірге көреді.

— Компьютермен  жұмыс істеу оқушының  шығармашылық  қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің  деңгейі мен  ықыласын  көтереді.

Соңғы  білім беру аясы  жүйесінде  компьютерлік технологияны  пайдаланып белсенді түрде  жүзеге асыруда. Білім беру  жүйесіндегі  жаңа ақпараттық  технология  дегеніміз–оқу  және оқу-әдістемелік  материалдар жинағы, оқу  қызметіндегі  ес технологиялық  құралдары,  оқу үрдісіндегі   ес технологиялық  құралдарының рөлі мен орны  туралы,  ғылым, білімнің  жүйесін және  оқытушылар  мен оқушылар  еңбектерін  жүзеге асыру  үшін оларды қолдану  формалары мен  әдістері деген  анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология–білім беру мекемесі  мамандарының  жұмысын  жүзеге асырушы әдістер мен формалар  және балаға білім беруші құрал.

Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып – ғаламдасу құбылысы  жүріп жатқанда,  әр түрлі  байланыс жүйелері  сол дененің нерв, қан тамырларының  рөліне айналған  мына заманда  интернеттік  жүйені  меңгермеген ел ерте ме, кеш пе  дүние жүзінен  келетін байланыс нәрін  жоғалта бастайды,  түрлі елдерде  болып жатқан  жаңалықтармен   танысуда,  ақпараттар  ағымынан қалыспауды  интернет электронды  почта  құралдарын  пайдалануға болатыны белгілі, сонда білім беру  ақпараттың тағы бір басты  бағытының  бірі оқушының  интернет жүйесінде  жұмыс істей  білуіне  жағдай жасау. Интернет жүйесінде  жұмыс істеу  оқушыларға  әлемдік білім мен ғылым  жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне  шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану  арқылы  оқушылар өздеріне  керекті  мәліметтер алу арқылы  білімін жетілдіре  түсетіні сөзсіз.

Қазақстанның тәуелсіз  мемлекет ретінде  қалыптасуы орта білім беру  жүйесінің дамуымен  тығыз байланысты. Қай халықтың  қай ұлттың  болсын толығып өсуіне,  рухани әрі мәдени  дамуына басты ықпал  жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектебінің  білім деңгейін  көтеру және  онда ақпараттық  технологияны  пайдалану арқылы оқу-тәрбие  процесін  тиісті  деңгейге  көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымының жүйелі  басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.

«Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты  әлемдік  стандартқа сай мүдделі  жаңа білім  беру өте-мөте қажет», деп Елбасы атап көрсеткендей  жас ұрпаққа  білім беру жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  ынталандыру  мен тиімділігін  арттыруының маңызы зор.

Қорыта келгенде мен өз ойымды төмендегіше ұсынамын.

-           Ерте жастан компюьтерлік сауатты арттыру мақсатында мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған оқыту ойын сабақтары түрінде қазақ тіліндегі бағдарламалар жасалса.

-           Қазіргі таңда ауылдық жерлерде компюьтерлік сауаттылық әліде болса төмен, интернет желісін пайдаланушылар аз. Осылардың пайыздық көрсеткішін арттыру үшін 12 жылдық білім беруге көшпес бұрын, алдын ала дайындық ретінде 3-6 сыныптарда интернет желісін пайдалануды үйрететін бағдарламалар дайындап, мектеп сабақтарына апталық жүктемесі 1сағат ретінде қосуды ұсынамын.

Сонымен, 12 жылдық білім беру  еліміздің  білім беру  саласын көркейтуге үлкен үлес қосады,  қазақ мектебінің  болашағын айқындайды  деген сенімдеміз. Ортақ ісіміз абыройлы, жемісті нәтижесін көрсетсін деп тілейік.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Ақиқат ұлттық қоғамдық – саяси журналы №5 2011

Информатика негіздері №4 2006

 

12 жылдық білім  №4  2006

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаДарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Өзін өзі тану​Өзін-өзі тану пәнінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру

БаяндамаОқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

БаяндамаҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119672

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар