Ана-ананың өнегелі тәрбиесі- баланың бақытты болу кепілі

16 сәуір 2014 - Админ

Опашова Жанагул Жалеловна

№162 орта мектеп.

Қожамберді ауылы.

Жаңақорған ауданы


Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек бар ма? «Бала адамның бауыр еті, қолқа жүрегі». Баланың өмірге келгенінен бастап, арсалаңдап еркелегені, апыл – тапыл адымы, ойнақтаған қылығы, былдырлаған тілі- бәрі де жаныңа жақын, жүрегіңе жылы. Ержетіп есейе бастаған оның әрбір жетістігі мен қуаныш, қысқасы бала бақыты болса, ата — ана да бақыты. Ал енді сол баланың бақытты болуы, жақсы азамат болғаны, ең алдымен, ата — анаға байланысты. Бала мектепте 5-6 сағат болса, қалған уақытында және сенбі, жексенбі үйде, ата- анасымен бірге болады. Сондықтан жұмыстан кейін уақыт тауып немесе демалыс күндері кейбір әкелер баласын ертіп таза ауада серуендеп, балаларын табиғатты қорғауға үйретіп жатса, аналар ас үйде қыздарымен асты бірге әзірлеп, арасында ән салып, сырласып жатады. Осындай ата — анадан баласы үлгі алып әрленбей ме? Бірақ бес саусақ бірдей емес демекші, ата — аналар ішінен де бала тәрбиесіне көңіл қойып, мән бермейтін кездесіп жатады. Бала тәрбиесіне ұсақ — түйек деп қарап, уақытым жоқ деген сылтаумен, бұл істі жалғыз ананың еншісіне қалдыратын әкелер: «Бала деген өз өспей ме, тамағы тоқ, киімімін бүтін етсек болды емес пе, не тәрбие керек, өзіміз де солай өскен едік» дейтіндер де кездеседі.

Кейін келе баласы жалқау, сотқар, тілазар болып өссе, бұл қалай болды, қайдан үйренді деп таңданады. Өкінішке орай, өткенді орнына келтіруге мүмкін емес. Ержеткен бала қайта сәби болмайды. «Азаматтың жақсысы әкенің ақылымен, жаманы әкенің ақшасымен ер жетеді» деген қанатты сөздер де бекер айтылмаған шығар.

Баланы ұрмай –соқпай, әуел бастан –ақ жақсы мен жаманды, оң мен солды бала тілімен үйрете білген ұтады. Баланы еркін ұстаған дұрыс, бірақ шектен шығып бара жатқанын білдіріп қоймаса болмайды. Сондықтан баланың бойынан көрінген кішігірім кемшіліктерді кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңызы үлкен. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алмаса, соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні сөзсіз. «Еменді и иілетін кезінде, балаңды тый тыйылатын кезінде» деп, баланы жастан тәрбиелеу керек.

Бала өздігінен бала болмайды. Сол үшін баланың санасын оятып, жүрегіне әсер ететін сөзбен ұқтыру керек. Сондықтан балаңыздың жасына, өзіңіздің шарашап отырғаныңызға қарамай, балаңыздың сабағы немесе өз жұмысыңыз туралы әңгімелесіңіз. Бала әрқашан оны жақсы көретіні, естігісі, меірімді көздерді көргісі келеді. Ал қымбат заттар ешқашанда балаға деген махаббатымыздың орнын толтыра алмайды. Әңгіме кезінде балаңызды тым болмаса бір рет маңдайынан, қолынан сипап өтуге тырысыңыз.

Баланың адам ретіндегі қалыптастыруда, ержетіп, азамат болуына, олардың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын дінгегі-әке- шешесі. Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір — бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда.

Болашағымыз осы біліммен қарауланған- білімді ұрпақ қолында. Ол болашақ бүгінгі тәрбиелеп отырған сіздер мен біздердің балаларымыз. Жақсы, нәтижелі білімге жету үшін, ең алдымен, балаға тәрбие берілуі шарт.

Барлық ата — ананың үлкен мақсаты- балаларын үлкен әріппен жазылатын азамат етіп тәрбиелеу. Осы істе табысқа жету үшін баланы өз ісіне есеп беруге, заңды сыйлауға, өз құқығын қорғай білуге, соңында өзін — өзі тәрбиелеу білуге үйретуіміз керек. Осындай мақсатты өмірлік ісі деп түсінетін ата — аналар балаларын қоршаған ортамен, айналадағы қоғамдық құбылыстармен, тарихпен, ерінбей еңбек етуге үйретіп, сыпайы қарым — қатынас жасап, күнделікті өмірінде дос, сырлас бола біледі.

Бала тәрбиесіне байыппен қарап, баса назар аударайық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103520

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар