Білімді ұрпақ- ұлт мақтанышы

16 сәуір 2014 - Админ
Білімді ұрпақ- ұлт  мақтанышы

Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары :

Опашова Жанагул Жалеловна

Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы

№162 орта мектеп


Бүгінгі білім берудің жаңа жүйесінде білім беретін мектептерде пәндерді технологиялық ғылыми- теориялық негізде оқыту мақсаты алға қойылды. Сондықтан егемен еліміздің белсенді ізденіс үстінде ұстаздар жан- жақты жұмыстарды жүзеген асыруда. Бүгінгі таңда ұлттық негізде білім беретін мектептің мәні, қызметі, құрылымы мен құрамы, басқару стилі ерекше, өзіндік құндылықтары мен ұстанымдары бар. Сол себепті де тәрбие мен оқыту ұлттық педагогика негізінде қалыптасуы керек.

Оқыту ісінде ақпараттық технологияны қолдану оқу үрдісін едәуір тиімді, сапалы ете түскені, тәрбиенің жаңа құралдарына қол жеткізгені, педагог пен шәкірт байланысы жетілгені белгілі.

Біз өмір сүріп отырған әлем жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда қарым- қатынастық және ақпараттық технологиялардың кірігуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгереді, қазіргі маман ақпараттық және қарым- қатынастық технологияны пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.

Қаңтар айының 15-16 жұлдызында 2013ж Астана қаласында өткен Республикалық компьютерлік графика және дизайн» атты конкурсына мектептен 9 сынып тың үздік оқушысы: Молдахметов Қуаныш, 10 сыныптың үздік оқушысы :Қабланов Аязби және 11 сыныптың үздік оқушысы Әлібеков Әкімбек мектептің информатика пән мұғалімі жас маман Бәкілбеков Кенжебектің жетекшілігімен қатысып, Астана қаласында компьютермен өздерінің шығармашылық жұмыстарын қорғап қайтты. Жас маман Бәкілбеков Кенжебек мектепте барлық компьютерлерді WIFI жүйесімен 17 компьютер интернетке қосылып, оқушылар мен мұғалімдер өздеріне қажетті мәліметтер мен жұмыстарын дер кезінде тауып, мультимедиа кабинетінде жұмыс жасауға жағдай жасалған. Оқушыларының компьютерлік гарфика жұмыстарын интернет арқылы конкурсқа жолдап, қатысуға рұқсат қағаздарын алды. Өзінің шәкірттерімен Астана қаласында шығармашылық жұмыстарын қорғап, республикалық конкурстың сертификаттарын алып қайтты. Жас маман болса да, ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде пайдаланудың тиімділігін арттыруда Бәкілбеков Кенжебек үнемі ізденіс үстінде еңбек етіп келеді. Өз түлектерін нарық пен қатаң бәсекелестік жағдайда дәрменсіз қалмайтындай, қоғамда жүріп жатқан реформаға сай дамыта жетілдіріп, күн көрерлік кәсіпке баулу үшін оқушылардың шығармашылық жұмыстарына жан- жақты көңіл бөліп келеді. Компьютерлік технология арқылы шәкірттерінің ой- өрісін, қиялын арттыру үлкен маңызды іс деп санайды. Әр адамның интеллектуалдық ой- өрісі жетік, белсенді шығармашылық ізденісте болуын қалайды. Оқушының ынта- ықыласын, қызығуын күнделікті сабақ барысында арттырып отырады.

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар. Ендеше олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147881

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар