Бір мақсат , бір мүдде, бір болашақ.

10 сәуір 2014 - Админ
Бір мақсат ,  бір мүдде,  бір болашақ.

Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлы

№162 орта мектептің директоры.

      

     Елбасының  2014 жылғы қаңтар айындағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір  мүдде, бір болашақ» атты жолдауы  бірден қолданысқа енді. Соның бір айғағы, Қожамберді ауылында №162 орта мектепте  педагогикалық ұжым арасында талқыланды. Болашақ  білімді ұрпақты  тәрбиелеуде  мектеп  мұғалімдеріне   берілген тапсырмаларға  іс- жоспар жасалды. Мектептің алға қойған мақсаты  білімді, денсаулығы мықты азамат  етіп шығару. Ол үшін  сапалы бірегейлі білім беруде  мектептің басқару ұйымы  жұмысты жандандыра білу керек. Жолдауда  2020 жылға  қарай қазақстандағы  3-6 жас  аралығындағы  балаларды  мектепке дейін біліммен 100 пайыз қамтылу айтылған. Қазіргі уақытта Қожамберді ауылында «Бақберген» бала- бақшасы  40 баламен қамтылған.  Мектепалды даярлық тобында 22 бала. Мектепте замануи бағдарламалар мен  оқыту  әдістемелерін  арттыруда әдістемелік кеңес, бастауыш бірлестігі, гуманитарлық және жаратылыстану бірлестігі жұмыс жасайды.   Биылғы оқу жылында 7- сынып оқушысы Молдахметов Әлішер Қызылорда қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебіне  конкурста  үздік шығып Назарбаев мектебіне қабылданды. Бұл да  мектептің  мұғалімдерінің жетістіктері деп бағалауға тұрады. Мектептегі  оқу- тәрбие  жұмысындағы  оқыту деңгейін  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту деңгейіне  жеткізу  жөнінде  тапсырмалар берілді. Мектеп  түлектері  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  жетік  білу мақсатында  пән мұғалімдердің тәжірибесін зерттеп, біліктілігін арттыруда  жұмыс жасау керектігі айтылды.  Оқыту  нәтижесі  сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын игеруде  Кембридж бағдарламасы бойынша  үш айлық курстан өткен мұғалімдермен  тәжірибе алмасып, семинар сабақтардың  көбірек өтуі жоспарланып отыр. Үш айлық курстан біліктілігін арттырып келген мамандармен  бірлесіп  ашық сабактар мен мерекелік шаралар да өтіп жатыр.

   Елбасының жолдауында  «Жаңа Қазақстандық  патриотизмнің идеялық  негізі  осы мемлекет  құраушы, жалпыұлттық  құндылықта жатыр» деп атап өткен.  Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында ақпан айында  жоғары сынып оқушыларымен  ауған соғысының ардагері Қожаметов Жарқынбекпен кездесу кешінде  сыр сұхбат өткізілді. Оқушылар «Мәңгілік ел» жолдауына постермен жұмыс жасап, өздеріне берілген тапсырманы  жан- жақты талқылады.Ауған соғысының ардагеріне  арнау шығарды.

     «Қазақстан-2050»- Мәңгілік елге бастайтын, ең абыройлы,  қасиетті жол.  Қазақстан елін бүкіл әлем таниды.  Тәуелсіз тұғырлы болып, елдігіміз мәңгілік болсын.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110092

Пікірлер (1)
Касанова Нурсулу # 22 ақпан 2015 в 13:15 0
Ісіңізге шығармашылық табыс тілеймін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар