Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы

Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы

«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

Махмутова Гүлжазира Сиражеденқызы

Тақырыбы: Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы

Мақсаты:
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу, өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғындыру; халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасын меңгерту; өзіндік пайымдауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;

Жоспары:

І. Кіріспе

Халық ауызәдебиеті- өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы.

II. Негізгі бөлім

2.1. Халық ауыз әдебиеті – халықтың рухани асыл қазынасы

2.2. Халық ауыз әдебиетінің бала тілінде қолданыс аясын кеңейтудегі іс-тәжірибемнен.

III. Қорытынды

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік тереңмән-мазмұнымен ерекшеленеді.

Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

1.Денсаулық

2.Еңбек пен мамандық

3.Өнер

4.Имандылық пен адамгершілік

5.Патриоттық

6.Эстетикалық

7.Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Ауыз әдебиетінің түрлері:

1.Ертегілер

2.Жұмбақтар

3.Жаңылтпаштар

4.Айтыс өнері

5.Мақал-мәтелдер

6.Тыйым сөздер

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз… Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз. Халықтық ертегілер — халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Ертегігің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана — сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балар сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы, тапқырлық ой пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді. Халық ертегілерінің ішінде балалар арасына кең тарағаны- хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым-қатынастар жасаудағы айла тәсілдері балаларға ой салады. Бұл ертегілер баланың санасын оятып, мақсат-мұрасына жетуге үйретеді. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов: « Ертегілер жас баланың ой –санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді.»,-деп көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бәрін алып қарасақ та, баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі, қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар: Ертегі бәрі кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрінісін байқайды. Есту, тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екіншіден хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен тауық», т.б жатады. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып-сасуға, не нәрсені болса да, ақылға салып шешуге үйренеді. Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы-ертегі, ертегілер өте ерте заманда, тіпті, жазу, сызудың болмаған кезінде туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойылған мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлей дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсіндіру. Грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқар», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өздері қалаған кейіпкердің көңіл-күйін, мінезін беруге тырысады.Ұйымдастырылған барысында ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.
Оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады.
Енді ертегілерді әр пәнде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтаймыз. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» Көркем әдебиет оқу іс-әректінде осы ертегіні оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді қарапайым математикада осы ертегінің кейіпкерлерінің пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады.
«Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді салыстыртуға болады. Жағымсыз кейіпкер қасқыр ол нешеу?(біреу), ешкі нешеу?(біреу)
— Ендеше екеуін салыстырамыз екеуі тең.
— Лақтар нешеу? Лақтар жетеу. Олар қасқыр мен ешкіден көп.
Сонда тәрбиеші бұл суреттерді «көп» және «аз» ұғымдарын тиянақтауда қолдануға болады. Мысалға: «Не қалай дыбыстайды» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту тілдерінің дұрыс дамуына әсер етеді. Тұрмыс-салт, Хайуанаттар, Қиял –ғажайып ертегілері туралы ертегілері. Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Халық педагогикасының қайнар бұлағы, ең үлкен бір саласы-халық ауыз екі шығармашылығы. Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы. Ауыз әдебиетінің тәлім-тірбиелік мәнін кемеңгер жазушы М.Әуезовтың мына бір пікірінен аңғаруға болады: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизімді, халықтың қанатты үміті – оптимизімді, сол халықтың өткендегі өмірі, аңсау –арманы, әдеп-ғұрпын, халықтың ұжымдық тәрбиесінің жемісін көреміз»[1].Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. Қазақ ауыз әдебиеті-талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымызды танимыз. Ауыз әдебиетіндегі қиял дүниесінен туған ғажайып ертегілер, батырлар жырлары, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар, санамақтар, ұлттық ойындар-бәрі халықтық мол байлық.Сондықтан, осы мол байлықтың қайнар бұлағынан жас жеткіншектерді сусындату, оның педагогикалық дидактикалық тәрбиелік міндеттерін ұстаздар оқу-тәрбие процесінде орайластыра кеңінен пайдалана білу керек. Себебі жас жеткіншектердің дүниетанымының, адамгершілік қасиеттерімен мәдениетінің негізін қалыптастырушылардың бірі-тәрбиеші. Балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеуін, қиялын байқау үшін өздерінің білетін ертегілерін әңгімелету немесе сұрақ-жауап арқылы шәкірттің тіл байлығы қай дәрежеде екенін байқауға болады. Жұмбақ балалардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі. Бала – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.Ата-бабаларымыз күмбірлеген

[1] Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927

күміс күйімен сыбызғы сырнай үнімен, ән-жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, ертегі, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Сонымен халықтық педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы айрықша рөл атқарады… Сонымен қатар халық ауызекі шығармашылығы ол қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.Ол-жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы өмір-сүру әндері мен сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім-тәрбиелік қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа, әділдік пен мейірімділікке баулитын ырым-тиымдары. Олар арқылы халық ұл-қызын күллі жаман әдеттен тиып, ең жақын нышандарға үндеген.Қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі-ертегі, қисса. Оларда халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары

мен мінез-құлықтары, өз халқына, Отанға, туып өскен жерге, оның табиғатына сүйіспеншілігі бейнеленген. Қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орын алатын мақал-мәтелдер-адамның бүкіл тыныс-тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, түсінік-болмысынан туындаған байлаулы ой түйіндері. Балаларға мақалдарды үйрете отырып, мағыналарын ашқызу, түсіндіру талап етіледі. Мұнда балаға беретін тәрбие тілін дамытатын нәрсе терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, мағынасын ашады.Тоғыз ауыз сөздін тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді. Атапайтсақ, «Тауға кім бірінші шығады» ойыны.

1-шың «Еңбекқор»

2-шың «Достық»

3-шың «Отансүйгіштік» балаларға 1-шыңға шығу үшін еңбек туралы мақал-мәтелдер, 2-шыңға шығу үшін достық туралы мақалдар, ал3-шыңғашығуүшін Отан туралы халық мақалдары айту керектігі түсіндіріледі«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу — тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін, халқымыз ауыз әдебиеті арқылы бойларына қалыптастыра білген. Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады. Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын ролі өте зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып-терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.
Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Мақал-мәтел, нақыл сөздер-халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздер. Бұлар баланың тілін дамыту арқылы ақылды, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал-мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп, мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтуға жаттықтарымын. «Ас адамның арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп, мағыналы сөздерді ажырата білуге бейімдейді.
Экология негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: «Денсаулық-зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын көбейтіп, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың жинағында былай деп жазылған: «Бес арысымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…». Осы қағиданы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда басты мақсат етіп алдыға қойса, сонда президентіміз алға қойған бәсекелестікке сай елдің қатарына кіруге еңбек ететін ХХІ ғасырдың азаматын тәрбиелей аламыз. Жан-жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол жігіттің сұлтаны, асыл ару тәрбиелеу — халық арманы. Осы орайда қазақ балабақшаларының басты мақсаты: нағыз ел қамын, жер қамын ойлайтын ер-азамат тәрбиелеу. Бала тәрбиелегенде әрбір тәрбиеші ең алдымен өз тәжірибесін, екінші ұлт тәрбиесін қолдану керектігін Мағжан Жұмабаев айтып кеткен… Қазақта «Баланды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөз бар[2].

Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстурі есебінде жетілетіні белгілі.Қазақ халқы- сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді қастерлеп, аузынын тастамай, өнеге ретінде өлең жолдарымен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Мақал-мәтелдерді үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған. Жас ұрпақты жағымды мінез-құлыққа үйретуде мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні зор. «Ең асыл тәрбие –сөзбен тәрбиелеу» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқан. Сөз қүдіреті біздің ел үшін бағасыз қазына. Мақал-мәтелдерді оқыту, насихат ету- егеменді елдің ертеңі үшін керекті шарт. Халықтың ойлаған арманына, алға қойған мақсатына жету үшін білім, еңбек, қатан тәртіп керек екенін мақал-мәтелдерден байқаймыз. Өнерпаздық дәстүрін қыз блаларға іс, өнер үйрету, ер балаларды еңбекке баулу әрекетімен жалғастырып тәрбиелеп отырған. Жастарға үлгілі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, ойлау жүйесін дамытып, ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Мақал-мәтелдерде тілдің адам өміріндегі маңызы туралы көп айтылған. Шешендік өнерге құрмет ертеден басталған. Ой шындығының сөз арқылы бейнелеуі, сөз арқылы көрініс табуы мақал-мәтелдерде мол дүние

[2] Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958

екендігі байқалады. Қазақ халқы сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп өмірде пайдалана білген. Балабақшада бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, пікір-сайыс негізінде өнеге көрсетіліп, өсиет айтылады.
«Ойнап сөйлесенде, ойлап сөйле» аталатын ойында әзіл сұрақтар қойылады, мақалмен жауап беру қажет.
1)Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)

2)Қар жана ма? (Қалауың тапса, қар жанады)

3)Кімнің құлағы елу? (Ел құлағы елу)

4)Ер неше рет өледі? (Ер бір рет өледі)

5)Ердің қанаты бар ма? (Ер қанаты – ат)

6) Сөз көмірге, алтынға айнала ма? (Көп сөз –көмір, аз сөз – алтын)

7) Адамның қай дене мүшесі батыр, қай дене мүшесі қорқақ? (Көз -қорқақ, қол- батыр)

Халық балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындысының бірі – жұмбаққа көп мән берген. Жұмбақ қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен айтылады.«Кейде бүкіл бір ертегі жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні

болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған», – деп М.Әуезов бекер айтпаған. Қай топтағы жұмбақты алсақ та, олардың бәрі адамның логикалық ойын дамытып, ой-өрісін, білім қорын кеңейтіп, адамгершілік-эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен бірге қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды таныту құралы қызметін атқарады. Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Қиялдай білу арқылы ой-өрісі, дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа, тілін дамытуда басты құрал болып табылады. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі — жұмбақтар. Балалар фальклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді. Академик М.Ауезов жұмбақтың ерекше орынын көрсете келіп: «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен санау машық болған. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ. Жұмбақты бүлдіршіндерді тілге шешен болу мақсатымен жаттатамыз. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де, баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар»,- дейді. Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы- өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттарлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Жұмбақ балалардың ойлау қабілетін арттырумен қатар олардың білген заттарының бәріне де ой жіберіп салыстырып, қорытынды жасауға және тапқырлыққа баулиды. Қорыта келе, фольклорлық жанрдың бәрі де адамның өміріне және еңбегіне тікелей қатысы бар, өзін қоршаған ортаны, табиғатты, бар дүниенің ішкі мазмұнын жан-дүниесіне әсер етерлік көркем тілмен білдіруге, соны танытуға үйретуді көздейді. Зерттеуші Ш.Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама берген: «Жұмбақ дегеніміз — адамның қай затқа болса да поэтикалық көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбақ етіп суреттеген, халықтық жанрдың бір түрі» [3].

Зерттеу жұмысымда жұмбақтың тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тақырып мазмұны сәйкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл – ойын, логикасын, тілін даытуға мән бердік. Баланың ақыл-ойын дамытуда танымдық қабылеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады. Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі жұмбақ. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тақырыпқа баулу, мақсатында қолданады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, сурет, қоршаған ортамен таныстыру оқу-іс

әрекеттерінде жиі қолданады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды.Сондықтан бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән беремін. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлемін.
Балалар қолға ұстасам ериді, себебі, қол жылы, жылылықтан қар ериді. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады» деген жұмбақты жасырып, өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң, балалар өздері жатқа айтып, тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды. Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез-келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді. Тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс. Жұмбақ айту мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек.

Жаңылтпаш- халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай дұрыс та еркін сөйлеуіне: сөйтіп, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Бір қызығы халықтық жаңылтпаштар қаншалықты айтуға күрделі, тілге күрмелеулі, шатыстырғыш шытырман ұйқасты болып келседе, мазмұнында бір мән, халықтың тұрмыс-салтына үйлесімді ой жатады. Тез айтудың қиындығы да сол жаңылтпаш сөздерін анық айтып, ішкі мәнін аша білуде. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту, экология негіздері оқу іс-әрекеттерінде, оқу іс-әрекеттен тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре, дұрыс, тез, анық, шебер айта білу мақсатында қолданылады, тіпті қарапайым математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сандар жайлы түсініктерін толықтыруда жаңылтпаш өте тиімді. Мысалы қоршаған ортамен танысу оқу іс-әрекетінде үй жануарлары, олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, «Түйе маған шұбат

[3] Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972

береді, Шұбат маған қуат береді» жаңылтпашын жаттатумен қорытындылаймын. Ал, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға жаңылтпаштар өте тиімді, серуен кездерінде бірнеше қайталап айтсақ табысы мол. Балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен шолжан балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Сәбидің тілі шығып алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой-қиялы дамиды. Жаңылтпашты айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін ескеремін. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек Бұл жастағы балалар неғұрлым жаңылтпашты көп білсе, соғырлым олардың тілі тез ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса, сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгереді. Сонымен қатар сөздерді бұрмалап айтпау үшін ойын айқын да дәл сөйлеуге жаттықтырады. Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, оларды айналасындағы неше алуан көріністермен, өмірмен таныстырады. Балаларды жалықтырмау үшін жаңылтпаштың сөздері қызықты, күлдіргі және ұйқасты болып келеді. Балалардың жаттап айтуына оңай да жеңіл тиеді. Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен бірге дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады.Жаңылпаштарды тіл дамыту құралы десек, тәрбиешінің міндеті – оларды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес лайықты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі қазақ халқында, өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылтпаштар бар екенін жақсы білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты құралы – жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт. Тіл дамытуда жаңылтпаштарды қолданудың маңызы төмендегі міндеттерді шешуге әкеледі: жаңылтпаштарды тәрбиеші балаларға жаттатып, сабақты бекітерде, бой сергіту сәтінде қолдана білгені жөн.Шуақтаған ботамды

Суға апарып шудаладым.

Шудалаған шудасын

Суға салдым.

Суға малдым,

Судан алдым, — деп келетін жаңылтпаштардың маңызы ерекше.

Рухани-адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білу, өмірлік жағдайлар туралы түрлі әңгімелер құрастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу, оқыған мәтінді және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады. Тәрбие жұмысында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ түрлі қуыршақтарды да пайдалану тиімді.Сонымен қатар балалардың ішкі жан дүниесіне әсер ететін жүрек (көңіл-күй) тәрбиесін дамытудың жолдарын да қарастыру абзал. Ол үшін баланың мінез-құлқын және отбасы мүшелерінің көңіл-күйін бейнелейтін суреттерді алдын ала дайындаған жөн. Балаларды айналамен, табиғатпен қарым-қатынас орнатуға баули отырып, оларды өзін-өзі құрметтей және бағалай білуге баулудың мәні зор. Өйткені өзгелерді және өзін құрметтеу арқылы жауапкершілікті сезінеді. Ал бұл қасиеттер дамымаса, балалар өсе келе түрлі қиыншылықтарға тап келіп, келеңсіз жағдайларға ұрынуы мүмкін.

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы — ойын өлеңдері. Тілі шығып, сөйлей бастағаннан, кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан түрлі ойын ойналған және олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен бірге жасап, толықтырылып отырған. Алғашқыда балалар үлкендердің көмегімен, кейін біртіндеп тәртібін өзгерте келе, сөздерін өздері шығарып, айта бастаған. Бұл ретте баланың білегін, алақанын, саусақтарын ұстап, түрлі қимылдар жасап, арасында қытықтап отырудың мәні зор. Оларға: «Саусақ санау», «Бес саусақ», «Қуырмаш» т.б. Мінеки жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орны ерекше. Ойында тапқырлық, шапшаңдық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серек, көк серек», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына, сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және сұраққа толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте зор.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.

Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері — атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады. Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен-би.

Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы –балабақша. Тәрбиеленушілерді жан-жақты білімді, өзіндік пікірі бар, елін, ата-анасын, туған жерін құрметтейтін азамат болуына ықпал ету – біздің басты міндетіміз. Жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын балалар – еліміздің жарқын болашағы.Мектеп қабырғасында оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді, сараптауды үйрене бастайды. Баланың қабілетін толық ашу тек бала үшін ғана емес, ең алдымен қоғам үшін маңызды. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, өзіндік көзқарасы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде түрлі инновациялық технологиялардың алатын орны айрықша маңызды.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамығанел дегеніміз- белсенді, білімді, және денсаулығы мықты азаматтар.Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр.2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды» деген болатын.

Сондықтан балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді.Замана алға қойған

бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім

беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.

[4] «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»президент Н.Ә. Назарбаев

Қазақ ауыз әдебиеті-талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас байлық, асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік, тарихын көреміз. Халық әдебиетімен суысындағын баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, тіл байлығы мол болады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне қарай анықтап алу керек.
Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар,өмір тәжірбиесінің қысқаша қортындысы. Мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар-бәрі де балабақшада баланың тілінің дамуына әсері мол.
Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы, өтілетін оқу-іс әрекеттері мен оқу іс-әрекетінен тыс жүргізелетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді.

Балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі ұялады.

Туған өлкеге деген сүйіспеншілігі артты.

Қиялдарын қанаттандырды.

Ұлттық рухты бойларына сіңірді.

Шығармашылыққабілеттеріартты.

Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.
Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Осыдан үлгі-өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік.

Ұсыныс:

Мектеп жасына дейінгі балаларға лайықталған халық ауыз әдебиетінің топтама көрнекіліктері шығарылса

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927

2.Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958

3.Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972

4.«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»президент Н.Ә. Назарбаев

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаОқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

БаяндамаҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Баяндама12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕГІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

БаяндамаДарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062321

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар