Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу

10 мамыр 2014 - Мадина Тулешева

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылы

Е. Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі М.Е. Тулешева

,

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

“… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

Н.Ә.Назарбаев.

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі десек, оның мынадай түрлері бар, оны төмендегі кестеден көруге болады.

( 1- сызба)

Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты – жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Дарындылықты дамытудағы басты мақсат – еліміздің зияткерлік қорын құру үшін адамзаттың ең талантты тобын пайдалану, жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру. Міндеттері: оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; оқушыларды тәрбиелеуге олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету; дарынды балаларды оқыту мен дамыту; дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту.

Дарындылықты зерттей бастасақ, көп сұрақтарға жауап беруге тура келеді: «Баланың дарындылығын қалай анықтауға болады?» Осы ретте дарынды баланы анықтау проблемасы туады. Оны мына кестеден көруге болады.

( 2- сызба)

[img width=«584» height=«406» src=«file:///C:/Users/F72F~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» v:shapes="_x0000_s1042 _x0000_s1043 _x0000_s1044 _x0000_s1045 _x0000_s1046 _x0000_s1047 _x0000_s1048 _x0000_s1049 _x0000_s1050 _x0000_s1051 _x0000_s1052 _x0000_s1053 _x0000_s1054 _x0000_s1055 _x0000_s1056 _x0000_s1057 _x0000_s1058 _x0000_s1059 _x0000_s1060">

Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы: сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.

Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі, тілі жетік оқушы кез келген жерде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ал тілі дамымаған оқушы біліп тұрғанының өзін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. Оқушының мұндай қиналысқа душар болуының бір ұшы бастауыш сыныпта балалардың жылдам оқу дағдысын қалыптастыру үшін минутпен оқыту дағдысы кеңінен қолданылады. Осы бастауыш сыныптың кезеңінде баланы жылдам оқуға қалыптастырумен қатар түсініп оқуын қадағалап отыру маңызды. Себебі оқушы мәтінді түсініп оқымай, әйтеуір тез оқысам деп құрғақ оқуы үлкен қателікке соқтырады. Кейін жоғары сыныпқа өткен сайын оқушыда түсініп оқу дағдысы бірте-бірте азаяды. Осыдан келіп кей оқушы кез келген мәтіннің не әңгіменің мазмұнын айтуда жаттандылыққа ұрынады. Осы орайда «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады» дейді американдық ғалымдар.

Сондықтан жалпы бала бойындағы дарындылықты анықтауда асығыстық жасауға болмайды. Ол үшін әуелі жас жеткіншектің бойындағы ерекшелік қасиетін анықтау үшін әуелі белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданамыз. Оқушыны зерттеу мен қабілетіне қарай даралауда құпиялық сақталады. Себебі: бала көңіліне қаяу түссе, оның бойындағы бар қабілет-қарымы өспейді, керісінше өшуі мүмкін.

Мұғалімнің дәстүрлі оқу үрдісінде негізінен шығармашылыққа уақыт жете бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте сақтау және қайталау әдісі оны біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында «білімді толық игеру», яғни «сабақта өтілетін дидактикалық материалды толық білу» елесі пайда болады, үшіншіден, ол мұғалімге тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижесінде дарын сөнеді. Дарындылық сөнбеуі үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасау қажет, мұғалімге тәуелді екенін сезінбеу керек. Әр оқушы өздерінің мұғалімнің зерттеу обьектісінде тұрғанын сыныптастары бірін-бірі білмеу керек, бақылау табиғи түрде жүргізілу керек.

Мысалы: сыныпта тапсырманы орындаудағы белсенділігі; ұтқыр жауаптары, жаңа сабақты жылдам меңгеруі; үй тапсырмасын орындаудағы тиянақтылығы; қайталау сұрақтарына мүдірмеуі т.с.с бақылаулар жүйелі жүргізіліп отырылуы керек. Бұл — дарындылықты анықтаудың бастауыш сыныптағы алғы шарттарының бірі. Осылай әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін анықтап болған соң оларды дамыту жұмысы басталады.

Орта буынға келгенде дарынды балаларға арналған түрлі әдістерді қолдануға болады. Соның бірі — байқау әдісі. Ол баланың жеке бас ерекшелігіне, әрекеттеріне тікелей бақылау жүргізу арқылы анықталады.

Байқаудың әдіс-шарттары:

1. байқау үздіксіз жүргізілуі керек.

2. мақсатқа жету айқын көрсеткіштер жинақтайды.

(Мысалы: болашақта әдебиетші немесе тілші болам деген оқушы үнемі мақала, эссе, шығарма жазу сияқты жұмыстармен шұғылданып отыруы қажет, сонымен қатар мұғалім бұл оқушыны бақылап, байқап қол жеткен жетістіктеріне жүйелі қолдау көрсетіп отырса, оның бойындағы дарындылығы жүйелі дами береді).

Келесі әдіс — әңгімелесу әдісі. Мұнда алдын ала жоспарланған сұрақтармен қатар жанама сұрақтар рөлі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып отыруы қажет.

Балаға әсер ететін факторлар: ата-ана, мұғалім, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, жолдастары. Жұмыс істеу барысында осы орталармен байланысын жете бақылап отыру керек.

Баланың қызығушылықтары мен икемділігін, ептілігін анықтау – кез келген психодиагностикалық анықтау сияқты өте күрделі мәселе. Мұғалім осы әдістемені қолдану арқылы оқушының дарындылық қабілетін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік алады.

Алынған мәліметтер неғұрлым шындыққа жанасқан нақты болуы үшін олардың ата-аналарынан да алуға болады. Ол үшін алдын-ала жауап парақтарын дайындау керек. Қорытындысын да тез арада шығаруға болады. Балаларға түсінікті болу үшін:

1.жоғары сол жақ тұсына аты-жөніңізді жазыңыз… 1 нөмірлі сұраққа жауапты 1-ші тор көзге, 2-ші сұрақтың жауабын 2-ші көзге т.с.с. толтырасыз. Әр сұрақтың тұсына жауабыңызда «ұнамайды» десеңіз «-» (минус) таңбасын, «өте ұнаса» «++» таңбасын әр сұраққа сәйкес тор көздерге белгілеңіз. Егер сұраққа жауап беруге қиналсаңыз, тор көзді бос қалдырыңыз.

Ата-аналарға түсініктеме:

Сіздерге дұрыс ақыл-кеңес беру үшін өз балаңыздың икемділігін, қызығушылығын, нені жақсы көреді немесе ұнатпайды соны нақты білуіңіз керек. Сізге 35 сұрақ беріледі, әрқайсысына ойланып, артық-кем жібермей, нақты жауап беріп көріңіз. Жауап парағына аты-жөніңізді жазыңыз. Жауаптарыңызды ретіне қарай ұяшықтарға түсіріп отырыңыз. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса «++» белгілерін қойыңыз. Егер қандайда бір себептермен жауап беруге қиналсаңыз, сол жауап ұяшығын бос қалдырыңыз

Әр сұрақ «сізге ұнайма?...» деп басталады.

1) логикалық және ойлануға арналған тапсырмаларды шешу;

2) өз бетіңізбен (сізге біреу оқыса) ертегі, әңгіме, повестерді оқу;

3) ән айтып әуендету

4) дене шынықтырумен шұғылдану

5) басқа балалармен бірге ұжымдық-топтық ойындар ойнау

6) табиғат туралы әңгімелер оқу (сізге оқыса тыңдау)

7) ас бөлмесінде жұмыс істеу (ыдыс жуу, ас дайындау)

8) техникалық нобайлағышпен ойнау

9) тілді меңгеру, жаңа сөздерге қызығу мен қолдану;

10) өз бетімен сурет салу

11) спорт, қозғалыс ойындарын ойнау

12) балалар ойынын басқару

13) орманға, ен далаға шығу, өсімдік, жануар, жәндіктерді бақылау

14) дүкенге тағамдар сатып алуға бару

15) техника, машина,ғарыш кемелері және т.б туралы оқу (сізге оқыса тыңдаған)

16) жасырынған сөздерді табу ойындарын ойнау(қала, жануарлар аттарын табу)

17) өз бетіңмен оқиға, ертегі, әңгіме құрастыру

18) күн тәртібін сақтап, таңертеңгі жаттығу жасау

19) бөгде адамдармен әңгімелесу;

20) үй аквариумың, құстар, жануарлар (мысық, ит және т.б) ұстау

21) өзіңнен кейін кітап, дәптер, ойыншықтар және т.б жинастыру

22) ұшақ, кеме және т.б суреттерін салу және жобалау

23) тарихпен танысу (тарихи мұражайларға бару)

24) үлкендердің нұсқауынсыз өз бетіңмен бейнелеу өнерінің түрлерімен айналысу;

25) спорт туралы кітаптар оқу (біреу оқыса тыңдау)

26) балалар немесе үлкендерге бір нәрсе туралы түсіндіру (өз пікіріңді дәләлдеу, сөз жарыстыру, нандыру)

27) үй өсімдіктеріне қарау;

28) үлкендерге үй жинауда көмектесу (шаң сүрту, сыпыру және т.б)

29) өз бетіңмен санау, мектепте математикамен айналысу

30) қоғамдық құбылыстар мен халықаралық жаңалықтармен танысу

31) көрініс құруға қатысу

32) секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылдану

33) өзге адамдарға көмектесу

34) бақшада жұмыс істеу, өсімдіктер өсіру

35) өз бетіңмен тігу, кесте тігу, жуу немесе көмектесу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

Тор көздерге жауаптар (+ — ) жазылады

Мерзімі__________ Аты-жөні ___________

Қорытындысын анықтау.

Сұрақтар қойылу ретіне қарай 7 топқа топтастырылған.

1 – математика және техника

2 – гуманитарлық бағыт

3 – көркем шығармашылық

4 – дене шынықтыру және спорт

5 – коммуникативтік (құзырлық) қызығушылық

6 – табиғат және жаратылыстану

7 – үй шаруасы, еңбек, өз-өзіне қызмет ету.

Барлық плюстар мен минустарды тігінен санап, (плюс пен минус өзара қысқарады) қайсысы көп сол шешеді. Бұл әдістеме ата-аналармен жұмысты нығайта түседі. Өз балаларының қызығушылықтарын, икемділігін анықтап білуге көмектеседі. Бұл зерттеу әдісі ата-ана мен баланың қызығушылықтарын анықтайды. Тағы да ескеретін бір жайт, баланың отбасылық жағдайы мен ондағы қалыптасқан үрдісті назарға ала отырып, оның ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болу керек.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.

1.Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

-дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

-оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

-дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

-дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

-дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

2.Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

-өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

-қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

-жеке тұлға теориясы, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

-дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

-қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

-дарынды оқушыны оқытуы, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

-дарынды балалардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;

3.Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

-дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

-дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

-оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруы;

-дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

-оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциялды әдісін қолдана білуі;

-оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

-дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

-дарынды оқушының ғылыми – ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;

-дарынды оқушыны олимпиадалар -мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;

-дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі. (методика карта одаренности (23-28 бет) Жексенбаева У.Б метод пособие)

Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.сабақты түрлендіріп өткізу;

3.сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету;

6.ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану;

Сонымен, оқушылардың жоғары үлгерімге жетуі үшін жасалған жұмыстардан төмендегі нәтиже қорытындыланады.

Мұғалім:

-оқушының пәнге көзқарасының өзгеруіне көмектеседі;

-оқушы мен мұғалімнің байланысы, сенімі артады.

Ата-ана:

-баланың ішкі дүниесіне үңілуге көңіл аударады;

-психологиялық көңіл-күйіне көңіл бөледі;

-қалай көмектесу жолдарын іздейді.

Оқушы:

-жауапкершілігі артады;

-өзін-өзі бағалайды;

-кімнен көмек керек екенін біледі;

-не қажет екенін біледі.

Міне, осылайша жүргізілген жұмыс өз нәтижесін береді.

Бірнеше жылдар арасында балаларға тек қана білім беріп қана қоймай, үздік білім берудің жолдарын қарастырып келеміз. Осы ретте мектебімізде балалардың дарындылығын ғылыми жұмысқа арттырудан бұрын, олардың сабақ үлгерімінің жоғары болуын басты назарда ұстаудамыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Олар:

1.Мәтін ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы: 5 сынып оқушысы Кенжеғалиев Таңат «Қайырымдылық» мәтінін былай аяқтады: Шалшық суда жүрген күшікті мектептен келе жатқан Мұхтар тауып алды. Оның жағдайын көріп, аяп кетті. Оны судан жүгіріп барып алды да, үйіне алып келіп тамақ берді.

2.Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтату.

3.Мәтін бойынша мақал құрастыру.

4.Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

5.Шығарма, мәтін құрастыру

-тақырып бойынша

-жоспар бойынша

-тірек сөздер арқылы

6. Өлең құрастыру:

— дайын өлең жолдарының бір-екі жолын беру арқылы

— дайын ұйқастарды ұсыну арқылы

7. Шығармадағы әңгімеленген оқиғаларға ұқсас оқиғалар айтқызу

8. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.

9. Кейіпкерлерге мінездеме беру.

10. Шығарма бойынша сурет салу.

11. Рөлге бөліп оқыту.

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т.б.)

12. Қайталау сабақтарында оқыған мәтіндер бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.

13. Белгілі ақын, жазушылар шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т.с.с.

14. Деңгейлік тапсырмалар беру. Сөзге сөйлем құрату.

Осы жұмыстың дәлелі болса керек, бірнеше жыл ішінде мектебімізден көптеген дарынды түлектер шығып, үлкен жетістіктерге жетуде. Соның ішінде дарынды оқушым Абатова Аршат 2010 жылы Республикалық «Айгөлек» балалар журналында жарияланған ең таңдаулы оқушылар шығармашылығындағы жетістігі үшін мақтау қағазымен марапатталып, Алматы қаласында өткен «АЙГӨЛЕК достары-2010» фестиваліне қатынасып келсе, оқушым Хайредден Айнаш 2011 жылдың 3-4 наурызында БҚО жалпы білім беретін мектептердің 7 — 11-сынып оқушыларының «Жарқын болашақ» ІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне қатынасып, «Сөз шеберлері» бағыты бойынша жүлделі І орынды иемденіп, сол жылы 6-8 сәуір аралығында Астана қаласында өткен жалпы білім беретін мектептердің 7 — 11-сынып оқушыларының «Жарқын болашақ» ІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасына қатынасты.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде арнайы бағдарламалардың жеткіліксіздігі ұстаздарға, әсіресе жас мамандарға өз қызметі барысында қиындықтар туғызып отыратындығы – бүгінгі таңда толғандыратын мәселе. Қазіргі тереңдетіліп оқытылатын пәндерге арнайы бағдарламалардың қолға түсе бермеуі немесе олардың толыққанды болмауының өзі – дарынды балалардың дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу ортасы болу үшін оқу үрдісінде сараланған, жан-жақты талданған, оқушының даму деңгейіне, жас ерекшелігіне сай жасалған бағдарламалардың құрылуын талап етеді.

Уақыттың өзі мектеп ұстаздарына өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында білім беріп тәрбиелеуге, өмірде осы алған білімі мен тәрбиесін лайықты пайдалану секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек екені анық.

Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің, яғни, ұстаздар қауымының қолында.

Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуде күтілетін нәтиже – тіл байлығы мол, кез келген ақпаратты сараптай алатын және осы ақпарат бойынша өз ойын білдіріп, қорытынды жасай алатын, қандай да болмасын қиын істердің шешімін таба білетін, жұмыс үрдісі нәтижесіне қарай бағалай білетін, өз ойларын, бастамаларын тәжірибеде қолдана білетін, ойы жүйрік, таңқаларлық жаңашыл ойлар айтып, жаңалықтар ашатын сезімталдығы жоғары, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу.

Дарынды балаларға қызмет етуден жалықпайық, ұстаздар! Әріптестерімен тәжірибе алмастыру арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейіміз жоғарылай берсін демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана 2007

2. Ү.Б. Жексенбаева. Балалардың дарындылығын диагностикалау әдістемелік құрал. «РАД иАЛ» баспасы «Алматы» 2005.

3. Дарынды балалармен жұмыс//Қазақстан мектебі. -2008 №6 34-36 бет

4. Үздік білім берудің жолдары//Мектеп директоры. – 2010 №1 27-29 бет

5. Дарынды оқушымен жұмыс//Мектеп директорының орынбасары. – 2010 №1 27-29 бет

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119713

Пікірлер (2)
Нурлан # 29 ақпан 2016 в 22:59 0
Өте керемет туынды көз тиесін менім көңілімнен шықты
Айдын # 18 наурыз 2016 в 01:47 0
Бұл баяндаманы жүктеп алуға болады ма?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар