Деңгейлеп саралап оқытудағы тапсырмалар жүйесі

25 наурыз 2015 - Майра Нурханова

ҚазҰӨУ, Астана қаласы.

Нұрханова М.Х

Математика пәні мұғалімі

Деңгейлеп саралап оқытудағы тапсырмалар жүйесін жобалау

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылған. Сол себепті оқытудағы негізгі мақсат: сабақ сапасын көтеру, сабақ түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, оларың ізденуін, танымын қалыптастыру. Әр мұғалімнің негізгі міндеті оқу процесін ұйымдастыру болса, ал ұйымдастыру негізі – сабақ. Сабақтың тартымды болуы мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне, ізденуіне, шеберлігі мен интеллектуалдық деңгейіне байланысты.

К.Д.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп мұғалімдер ісіндегі жауапкершілікті орынды айтқан. Сондықтан әр сабағымызды бір ғана әдіспен шектемей, түрлендіріп отыруға тырысуымыз керек.

Қазіргі таңда педагогикалық технологиялардың түрі өте көп.Солардың бірі деңгейлеп оқыту. Әр деңгейлі оқыту оқушының ерекшелігі мен қызығушылығын, қабілеті мен танымдық қызметін ескере отырып жүзеге асырылады.

Әр деңгейдегі оқыту мақсаты:

-әрбір оқушыға өзінің даму деңгейіндегі оқу материалын меңгерту;

-жеке тұлғаның өз-өзіне сенімділігін, өзін еркін ұстай білуін қалыптастыру;

-оқушының оқу материалын меңгеру, оны шығармашылықпен қолдану жөніндегі күш-жігерін есепке алу;

-баланың тума қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру;

-білімнің базалық деңгейден төмен болмауын қамтамасыз ету. С.Пейперттің пікірінше: «оқытудың көп бөлігі қазіргі оқыту технологиясы немесе білім саласына компьютерді пайдалану арқылы берілгенімен мұның барлығы дәстүрлі оқыту әдістері мен жаңаша жаңғырту әдістерінің бірігуін көрсетеді».

Пән мұғалімі ретінде сабақтарымда деңгейлеп саралап оқыту әдісін қолданамын. Сабақ барысында міндетті үш деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаймын. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:

1.Оқушылық деңгей

1)Жаттап алуға лайықталған болуы керек;

2)Алдыңғы сабақта жаңадан берілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтап алу

3)Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек

2.Алгоритмдік деңгей

1)Өтіп кеткен материал бойынша білімді реттеуге, жүйелеуге берілген тапсырмалар. Оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

2) оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар: логикалық тапсырмалар, ребустар мен сөзжұмбақ.

3. Эвристикалық, шығармашылық деңгей

1) танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі жаңалық ашуы тиіс.Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есепке тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін жаңа әдістер іздеуі керек.

2) Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару, өмірден алынған мәліметтер, диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.

3) берілген тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау.

4) олимпиадалық есептер шығару.

Қолдану барысында үш мақсаттылықты алға қоя отырып және оны шешу үшін тақырыпты терең, әрі жан-жақты қарастырамын. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеремін. Оларға берілген тапсырмалар әр деңгейлі болуы керек, сонда ғана сабаққа ынта-ықласпен араласып, сабақ жоғары деңгейде өтеді. Деңгейлік тапсырмалар жүйелі дамыта оқыту идеясымен жүзеге асырылады.Тапсырмалардың оңайынан күрделіге қарай саралау негізгі талаптарының бірі.

Оқушының өз білімін өзі бағалау және бақылау дағдысын қалыптастыруға да көңіл бөлемін.Тақырып бойынша сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар: есеп, шығармашылық тапсырмалар ойластырамын. Өздік жұмысы, бақылау жұмысы 3 деңгейде беріледі. Мысалы геометрия пәнінен 9 сыныпта көпбұрыштар тақырыбы бойынша осы тақырыптың мазмұнын қамтитын презентация-слайд, көпжақтардың модельдерін дайындауға беріледі.Келесі жылы 10 сыныпта бұл оқушылар көпжақтардың қималарының моделін жасайды. Бұл жұмыстар бағаланып, олардың ең жақсы жұмыстары практикалық тапсырмаларды орындауда пайдаланамын. Бұл жерде көпжақтың элементтерін өлшеу жұмыстары арқылы фигуралар бүйір бетін, толық бетінің ауданын, көлемін есептеу орындалады.

Оқытуда күтілетін нәтиже:

1.Алдына қойылған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.

2.Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай оны дамытады.

3.Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашылық тұлға тәрбиелеу.

Ерекшелігі:

1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2.Оқушылардың оқуға деген ынтасы артылады.

3.Білім дәрежесі бірдей топтарды оқу ісі жеңілдейді.

Мұғалімдерге деңгейлеп оқыту технологиясын математика сабағына пайдаланған өте тиімді деп ойлаймын,әріптестеріме айтарым бірғана әдіспен шектелмей шығармашылығын танытып озық іс- тәжірибелерді пайдалана берейік.

Осыған ұқсас жазбалар:

Мектеп жоспарыМектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістін қажеттігін негіздеу

Баяндама12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕГІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Ұстаздарға«Жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы»

БаяндамаҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

БаяндамаМЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ САБАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119698

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар