Жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту

4 мамыр 2016 - Ардак Бидашова
Жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту

Қазіргі уақыттағы білім берудің негізгі мақсаты — білім алып, білік пен дағды, іскерлікке  қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

 

XXI ғасырда әлемдегі жаңа өзгерістер, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

 

Дүние жүзіндегі инновациялық процестердің барлығы кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез-келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми — техникалық процесс бүкіл әлемде «инновациялық процесс» — ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым — қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» -  деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу — оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

 

-  білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

-   білім алушы мен оқытушының белсенділігінің сәйкес болуы;

-  оқытушы мен білім алушының өзара қарым — қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б.

 

Сонымен қатар, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана өз күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр оқытушыдан оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

 

  Білім беруді ақпараттандыру- жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.

 

Ақпараттың шектен тыс өрбіген заманында тұлғаның негізгі қасиеті өздігімен үйрену мен білімді игеру болып табылатындықтан, өзіндік жұмыстың маңызы арта түсері сөзсіз.

 

Өзіндік жұмыс студенттердің пәнді жүйелі түрде меңгеру, игерілген білім, білік, дағдыларды бекіту, дәріс және тәжірибелік сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етеді.

Өзіндік жұмыстың маңыздылығы мен оның қажеттігі туралы ғалымдардың пікірлеріне тоқталатын болсақ:

А.Дистервег: «өз бетінше әрекет ету — өздігінен білім алуға жетелейтін таным  еркіндігі», — деген.

К.Д.Ушинский: «өз бетінше жұмыс – оқытуда жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы. Себебі өз бетінше жұмыс білім алушыға «мұғалімнің көмегінсіз» жаңаны табуға, білуге ұмтылуға негіз болады»,- деп көрсеткен.

Ы.Алтынсарин: «Маңыздысы-оқушының өз бетінше ойлана білуі… Оқыту әдістері – білім алушылардың жүре келе  сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол»,-дейді.

 Ғалым Асхат Әлімов: «өзіндік жұмыс студенттің оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс уақытта оқу жоспарында (силлабуста) белгіленген тапсырмаларды орындап, атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп немесе ақпарат беруі», — деп көрсеткен. 

Демек, студенттің  өзіндік жұмысы – оқытушының қажетті нұсқаулары бойынша орындалатын, оқыту жұмысының бір түрі.

Студенттердің өз бетінше жұмысы тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары ретінде ғана емес, зерттеудің нысаны ретінде де танылады.

Оқытудың түрлі технологиясын, нысандары мен әдістерін таңдау және  тәжірибелік  бағдармен оқыту ұсынылған оқу процесін бақылау, олардың негізгі нәтижелері — жалпы құзыреттілікті дамыту және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру.

Әрбір жаңа техналогия өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен, өзіндік мақсаттарымен ерекшелінеді. Дамыта оқыту технологиясы оқушының ізденісін, талпынысын, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырады.

Қорыта келгенде оқу үдерісінде өз бетінше жұмыс деп – белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз.

Өзіндік жұмыста студенттер алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды тәжірибеде қолдануға үйренеді.

Жалпы алғанда өзіндік жұмыс студенттің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, өз білімінің мазмұндық траекториясын анықтауға және қолданатын әдіс-тәсілдерді таңдауға баулиды. Бүгінгі күні мұндай біліктерді меңгеру білім алу үрдісінің басты мақсатына айналып отыр. 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062328

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар