Заман талабына сай ұстаз

                            Заман талабына сай  ұстаз

           Ұстаз! Жай ғана қарапайым сөз… Бірақ, болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуы- осы ұстаздың  қолында.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

 Халқымыздың бір тума перзенті Ш.Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа болады. Олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиежлейді», деген еді.Шәкәрімнің осы бір пікірі ұстаз туралы айтылған секілді. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны болашақ ұрпақ бойына  дамытатын да, өрбітетін де ұстаз.Ұстаз туралы айтылып келеді, айтыла да береді.Бұл- мәңгілік таусылмайтын  тақырыптардың бірі.

         Баланың бойына мінез-құлық пен әдеп, ибалық, жарасымды тағлым мен таңдау қасиетін, сөйлеу  мәдениетін қалыптастыру- қажымай, талмай еңбектенуді қажет етеді. Баланың адамгершілік сапаларын қалыптастыруда ұстаздың атқарар   жұмысы ауқымды.

       Отанға деген сүйіспеншілік- адам бойында күш-қуатын,  білімін, өмір тәжірибесін, кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббатын, кісілігін танытатын асқақ сезім. Өз отанын, өзінің туған жерін, тілін, ділін жан тәнімен сүйетін және оны көзінің қарашығындай  сақтайтын елжанды ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың алдындағы үлкен жауапкершілік. аталған қасиеттерді оқушы санасына жеткізу- адамгершілік пен елжандылық  жаршысы ұстаздардың басты мақсаты.

       Мұғалім алдынан бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі бар жүздеген шәкірт өтеді.Әрбір оқушыны тұлға етіп қалыптастыру ұстаз қаталдығымен емес,  әдепті қатынас арқылы жүзеге асуы керек.Жеткіншек  жастың жанына білім дәнін сеуіп, оны мәпелеп тәрбиелеуде ұстаздың ролі аса маңызды.Еркені райға көндіру, жалқауды еңбек етуге, еңбектенуге үйрету, ұшып-қонба жеңілтекке сабырлы болудың сырын ұқтыру бәрі-бәрі ұстаз шеберлігін талап етеді. Демек, рухани бай, гуманист  ұстаз – бала жанының  ақылды зергері.

       Оқушыларға заман талабы мен ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру   мұғалімдердің ғылыми теориялық дайындығының негізінде жүзеге асады. Бұл орайда мұғалімдердің ізденімпаздығы  басты роль атқарады.

      М.Әуезовтің: «Халықты халыкпен, адамды – адаммен  теңестіретін — білім», — деп атап көрсеткеніндей, білімді ұрпақ тәрбиелеу, терең қазыналы, білімді  ұстаздың ғана қолынан келеді. Қоршаған ортаның өмір шындығын сезе, түсіне,қабылдай білуге, халқымыздың  ұлттық өнерін қастерлеуге, әсемдігін тани білуге- сұлулық пен сусындаған эстетикалық талғамы бар ұстаз ғана  болашақ ұрпақ талғамын  арттыра  алады.

    Бала психологиясын сезіне білу – мұғалімнің педагогикалық біліктілігін көрсетеді. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын   жеке басындағы ерекшеліктерді білу мүмкін емес.Баланың жасына, жеке басының епекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасай білу  дегеніміз- оның жүрек сезіміне жол табу, тәрбиесіне ықпал жасайтын жұмыстың әдістері мен тәсілдерін табу.Сонымен бірге, баламен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылықты сақтау керек.Оқушыларға сапалы да тиянақты  білім берудің негізі-өз пәніңді тереңнен игеру. Оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойларын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану және тәжірибелі ұстаздардың еңбегін тарату.Ал озық тәжірибелі ұстаз болу жан-ақты шебер болуды мезңзейді.

       Мұғалім ұлағатты, ұстамды, сабырлы да салмақты, тапқыр да талантты, адал да ақылшы, зерек де зейінді болуы керек.

        Мұғалім өзінің білімпаздығы, кішіпейілділігі, қарапайымдылығы, сыпайылығы, ой-өрісіндегі рухани дүниенің бай болуымен  кез келген ортаның ұйытқысы бола  алатыны да сөзсіз.

        Қорытындылай келе, білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына артылар жүк жеңіл емес. Бұл-заман талабы.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141157

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар