КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ӨМІР ТАЛАБЫ.

3 наурыз 2016 - Асем Исаева

Исаева Әсем Тохтарбайқызы

Бірінші санатты арнайы пән оқытушысы

Талғар политехникалық колледжі

 

Бүгінгі  мемлекет  алдындағы  басты  міндет – білім  беру  жүйесін  жаңарту болып  отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Қазіргі  білім беру  саласында  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгермейінше  сауатты, жан-жақты   маман  болуы  мүмкін  емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған.  Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу — ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды  пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары  сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Қазіргі мұғалім:

·          Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

·          Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

·          Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

·          Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

·          Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. 

Қазіргі оқушы:

·          Дүниетаным қабілеті жоғары;

·          Дарынды, өнерпаз;

·          Ізденімпаз, талапты:

·          Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық -рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелері туындайды. Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауынсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген ақпараттарды өңдеу керек болады.Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі, сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі. Басқалармен таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың ақпараттылық құзыреттілігін дамытуда  басты құрал болып табылады. Ақпараттық құзыреттілік -сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға; логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге; өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Қызығушылықты ояту –  бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”, "Әлемді шарлау” т.б. атты  стратегиялары  жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары 60-қа жуық стратегиялардан тұрады: "Джиксо", "Еркін жазу", "Венн диаграммасы", "Кубизм", "Семантикалық карта","Ұқсастық пен даралық", "INSERT", "БҮҮ"т.б.  INSERT —  оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – "білемін”, ― — "мен үшін түсініксіз”, + — "мен үшін жаңа ақпарат”,? – "мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.  INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең”, "Венн диаграммасы”, "Еркін жазу”, "Семантикалық карта”, "Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келемін. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі.
ІІІ — ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың  нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
Біріншіден, сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды:

 

Сабақтың тақырыбы және оқытудың негізігі мақсаттары

Тақырыбы:Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері.

Мақсаты: әр металдың өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау. Сөйлеу арқылы  ойларын еркін жеткізу.  Бір-бірін толықтыра, түсіне білуге, бірі-бірінің тілін түсіне отырып қарым- қатынасқа үйренеді.

Білім беру мен оқудағы жаңа тәсіл

Диалогтік оқыту; оқушылардың қызығушылығын оятуда әр металға сипаттама беріп қасиеттерін талдап, қолданысы туралы ой пікірлерін айту, тапсырманы жеке ойлау, жұпта ойлау, оқыған ақпараттарын шағын топта талқылау арқылы топта ойлау диалогын, топта әлеуметтенген ой пікірлерін флипчартқа түсіру сыныпта ойлау, достарының қорғауын тыңдатқызып қорытынды жасау диалогын пайдаландым.

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

Қызығушылық ояту кезіңде сабақты сұрақ қою арқылы ой қозғау. Тапсырма беру, топта талдату. Топтағы ойларын бір шешімге келтіріп әлеуметтік ойға келгеннен кейін флипчартқа салдыртып сыныпта қорғату.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Өзін-өзі және достарын бағалау парағы бойынша өзінің және досының топта сөйлеп, идея айтқандығын, белсенділігін бағалату, мадақтап отыру, қолдап отыру

Ақпаратты-технологияларды қолдану

Сандық технологияларды пайдаландым(интерактивті тақта, видеокамера, фотоаппарат) слайдтар жасадым

Оқушылардың жас ерекшелігіне

Деңгейлік тапсырмалар беру. Оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалар берілді тесттер, диктант, карточкамен жұмыс және т.б.

Басқару және көшбасшылық

 

Сабақ үдірісінің жүрілуіне бақылаушылық және оқушылардың әрбір іс-әрекеттеріне мұқият бағалау жүргізу мен қатар бағыт-бағдар жасап отыру, ол менің басқаруым арқылы жүреді

 

Екіншіден, сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында — белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды; мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; бір-біріне құрметпен қарауға; бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қаланды; өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге жігерлендірді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарымда қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көзім жетті. Жалпы сын тұрғысынан ойлау  технологияның жетістіктері мынандай болып табылады:
1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.
2. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына  еркіндік беріледі
3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
7. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.
8. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.
9. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
10. Жан дүниесін тәрбиелейді.            

Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге  сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.[5] Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қаблеттілігін қажет етеді. Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

 

1.        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 2010.

2.            Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.

3.            ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту

//Білім-Образование .-2006. -№2.15-18 б.

4.         Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы:

          Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999. 
 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151011

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 11 наурыз 2016 в 23:13 0
Баяндама қазіргі өмір талабына сай жасалған. Рахмет!
Исаева Асем # 14 наурыз 2016 в 15:39 0
Менің жазған мақаламды уақыт бөліп оқығандарыңыз үшін көп рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар