Көшбасшы -мұғалім

24 қыркүйек 2014 - Тлектес Сидакова

Мен Кэмбридж бағдарламасы бойынша курстан өткеніме өте ризамын.Себебі, педагогика жаңалықтарының бірі-оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу.Бұл курстың да мақсаты-мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу.Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беру керек.Елбасының «Жас ұрпақ тағдыры –ұстаздың қолында»деген қанатты сөзі қазіргі ұстаздардың басты ұстанымы болуы тиісті.Елбасының тыңнан көтерген бұл идеясы жас ұрпақ болашағы үшін, сонымен қатар, еліміздің ұлттық құндылықтары мен тілін қалыптастырудағы өте маңызды мәселе деп ойлаймын.Мектептегі тәжірибе кезеңінде атқарған міндеттерімнің бірі: мектеп мұғалімдерінің желілік қоғамдастығын құру, басқа мектептермен желілік байланыс жасау. Мектеп ішінде жоғарғы сынып мұғалімдері мен бастауыш сыныптың мұғалімдері арасында қоғамдастық құрып, тобымыздың атын «Ұшқын» деп атадық.

Топтың мақсаты:

Бірлесе жұмыс жасай отырып, сенімділікке негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайту.

Топтың міндеті:

Қарым-қатынас орнату және білімді тарату.

Жоғарғы сыныптың мұғалімдері Фазылбаева Райхан (2-деңгей), Абаданова Алия, Аймағамбетова Нұршат (3-деңгей), ал бастауыш сыныптың мұғалімдері Саламатова Айнұр (3-деңгей) мен Сартбаева Қамажай(2-деңгей) сияқты мұғалімдердің ықпалымен көшбасшылық жақсы дамыды және желінің қызметіне мұғалімдерді қатыстырып, болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге болады деп пікір айтты.

Қамажай тәлімалушыларымен бірге

Болашақ көшбасшылар: Қамар, Сәуле, Жанар сабақ үстінде

Менің тобымдағы коуч мұғалімдер тоқсан сайын коучинг сабақтарын өткізіп, көптеген тәжірибелі мұғалімдерді құзырлы коуч пен тәлімгер болуға үйретті.Тәжірибелері мәнмәтінде болып, ақпараттары түсінікті әрі өзекті болып, мұғалімдер үйренгендерін келешекте өз сабақтарында қолданатындарын айтып кері байланыс жазған кезде өз ризашылықтарын білдірді.

Райхан мен Алия семинарда Семинарда рефлексия жасау

Курсты аяқтап мектепке келген кезде мен зерттеу тақырыбымды: «Формативті бағалауды оқу үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың ішкі уәж қабілеттерін ынталандыру»- деп алып, осы тақырыпта мен мектептің басшыларымен бірлесе отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін және бірлесе жұмыс жасауына уақыт бөле отырып мектептің даму жоспарын жасадым.Осы тақырыпты кеңінен ашып, оқушылармен Кембридждің оқыту әдістерімен оқытып,қызығушылқтарын арттырып, нәтижеге жеттік деп ойлаймын.Формативті бағалаудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, оқушылар өз-өздерін бағалауды,қасындағы көршісін бағалаудың түрлерімен танысты.Нәтижесінде мектебіміздің білім деңгейі ІІІ тоқсан бойынша үлгерім – 98,07%, ал сапа – 47,45% болды. Үздіктер саны – 123, екпінділер саны – 343, 19 оқушы үлгермеуші. ІІ тоқсанмен салыстырғанда сапа –14,08% артқан, үздіктер саны – 71-ге артқан, екпінділер саны – 65 оқушыға көбейген, ал үлгермеушілер саны – 10 оқушыға кеміп отыр.

«Білім- таусылмас кен».Менің тобым өз тәжірибелерінде оқушыларға білім беруде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын іске асыра білді.Сын тұрғысынан ойлау-сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренді.Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып,әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп қорғай білуіне мүмкіндік алды.

Ортақ тұжырым Постер қорғау

5сәуірде «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесе жасақтаған деңгейлік Бағдарламаны оқу үдерісіне енгізу облыстық семинарында Мастер клас түрінде баяндама жасадым.Тақырыбым: «Химия пәні бойынша орта және қысқа мерзімді жоспарды жасаудағы іс-тәжірибемнен»

Орта,қысқа мерзімді жоспар жасауды талқылау

Қорыта айтқанда мен көшбасшы- мұғалім болып,әріптестерімнің арасында өзара сенімділікті және түсіністікті дамыта білдім және мектепке өзгеріс енгізе отырып, оларды тарата білдім деп ойлаймын… Осындайда неміс педагогы А.Дистербегтің «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»деген қанатты сөзін естеріңізге сала кеткім келеді.Балалардың қаблетін кеңінен өрістете дамытуға тек мұғалімнің ғана қолынан келе алады деп ойлаймын.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110093

Теги: ximik
Пікірлер (2)
Айгул # 13 қазан 2014 в 03:07 0
өте керемет жазылған
Бибиш # 25 қараша 2015 в 16:30 0
Өте жақсы көп жұмыс жүргізгеніңіз көрініп тұр .Сәттілік тілеймін

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар