Мағжанның бастауыш мектепте оқыту ісіне қосқан үлесі

Мағжанның бастауыш мектепте оқыту ісіне қосқан үлесі..

Қарағанды облысы, Балқаш қаласыЛингвистикалық бағыттағы №16 орта мектеп

Ныгманова С.Т.

М.Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар зиялы қайраткер болды.Мағжан-алдымен сыршыл ақын.Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған жоқ.Ол жүректің қобызын шерте біледі.Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді.Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады.Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмаймыз.Ол табиғатты суреттей ме, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма,ұран сала ма –бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады.Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан ақын Мағжан екенінде дау жоқ.Қазақтың әрбір ұлағатты ғалымдары, ақындары Мағжанды ерекше құрметтеген. Оның еңбегінің бір тамшысын да баға бермей жерге тастамаған.Мағжан-елдің патриоты,қазақ баласы.

Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға алғаш қадам жасаушылардың бірі де-Мағжан.1923 жылы «Бастауыш мектепте ана тілі» атты еңбегін жариялайды.Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады.Мектеп үш тұрғыдан:1) Бастауыш мектептің міндеті, 2) Еңбек міндеті, 3) Төрт жылдық бастауыш мектептегі ана тілінің құралуы.Ана тілінің мақсаты мен міндеті көрсетіледі.

Мағжан Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, «Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі»-деп қарайды.Мектептің міндеті- бір жақтан хат таныту болса, екінші жақтан баланы дұрыс сөйлеуге үйрету.Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Ағартушы төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің ауданын мыны бағыттарда жүргізуді ұсынды:

оқу, жазуға үйрету.емлеге дағдыландыру.жазбаша сөзді өркендету.баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру.ұғып оқуға дағдыландыру.

Мағжан Жұмабаев өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деген өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін»,-дейді.Бұл сөзді: Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.

Өз заманының ең білімдар адамдарының бірі Мағжан елінің мүшкіл халіне ерте көңіл бөлді. Ол қазақ халқын өнер-білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен ғана шақырған жоқ. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылыққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.

Қазіргі кезеңнің өзінде психология ғылымы жаңа дамып, елімізде енді-енді жетіліп келе жатыр десек, ал Мағжанның қазақ арасында психология мәселелерін алғашқылардың бірі болып қарастыруы оның білімдарлығын байқатады. Исі қазақ М.Жұмабаевты ақын есебінде жақсы білсе, енді психология ғылымына да үлес қосқан ақын ретінде де жаңа бір қырынан тануда.

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы- халыққа білім беру, педагогика саласы. Мағжанның «Педагогика» оқулығын оқи отырып мына қорытындыға келеміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана-сезімізге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе айтатыным өткен ғасырдың басында 20-шы жылдарда педагогикалық-психологиялық трактатта айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда, әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратуға таптырылмас мұра.

Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. «Жазғы таң», "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым", т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр,– дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс-тартыс көп. Міне, Мағжанның өкініші – осылар.

Дегенмен Мағжанның ойлары мұнымен шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның «Пайғамбар», «Күншығыс», «Түркістан», От", т.б. тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана талқандамақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді.

Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары кояды

Қазақстан бүгінгі демократиясы дамыған, өркениет елдер қатарынан бағыт ұстап отыр. Еліміздің Президенті ұсынған «Қазақстан-2030» жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығару қоғамның басты парызы. Мағжан педагогикасы қазіргі заман білім беруінің кілті, негізі. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолдағанымыз жөн.

1.Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004

2.Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі.

3.К.Құнантаева, И.Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде //

4.С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға"Топтық жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу"

БастауышЧЕХИЯДА «БЕСТІК» – НАШАР БАҒА

БастауышІ. Жансүгіров «Малта» (3 сынып) (ҚМЖ)

ҰстаздарғаХалықаралық TIMSS зерттеулер аясында бастауыш сыныптың математика пәнінен ашық және жабық тест түрлерін құрастырудың тиімді жолдары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119671

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар