Мектеп жасына дейінгі балаларға мультфильмдердің әсері.

Мектеп жасына дейінгі балалар мультфильмдерге, олардың кеціпкерлері мен жағдайларына еліктей ме? Еліктеу механизмі қалай жүреді? Оны түсіну үшін алдымен ғылыми теорияларды,әр түрлі ғылымдардың көзқарастарына тоқталып өтейік.

Әлеуметтік үйрету концепциясы баланың қазіргі әлемге қалай бейімделетінін және қазіргі қоғамның әдеттері мен нормаларын қалай меңгеретінін сипаттайды.Бұл бағыттың өкілдерінің пікірі бойынша классикалық шарттандырумен және оперантты үйретумен қатар имитация, еліктеу арқылы үйрету де белгілі орын алады.

...Қай заманда да балаларға айтып беретін ертегілерде, метафизикалық (мейірімділік пен зұлымдық категорияларына байланысты)күштердің тартысы ақырында мейірімділік күшінің жеңісімен аяқталатын.Қазіргі бала осы күштердің көрінісін әр түрлі әсер ету құралдардан кездестіреді: кино, театр, теледидар, видеоөнім, музыка, кітап, компьютер ойындары, көркемсурет және т.б

Валлонның айтуы бойынша ең бір үлкен өтпелі кезең, қимыл-әрекеттен ойға өтуде көрінеді және ол еліктеуге байланысты жүзеге асады. «Адамдар өз қажеттілігінен бір-бірімен жұмыс істеуіне қарым-қатынас жасауына байланысты, оларда еліктеу және басқа адамның үлгілі қимыл-әрекетіне орай ерекше қимыл әрекет дамиды».

… Еліктеу, идентификация, интроекция-кейіннен әлеуметтік ересектердің қоғамдастығына кіруге дайындайтын қажетті, ада тұратын жағдайлардың бірі болып келеді.Егер балалар «Трансформер» немесе «Наруто»сияқты қорқынышты мультфильмдердің кейіпкерлері мен жағдайларына еліктесе, ол балалар ересектердің қоғамдастығына қайтіп кірмек? Виртуалды және реалды жағдайлардың сәйкестігін таппай, шынайы өмірге оңай бейімделе ала ма?Әсіресе үлкен жастағы балалар жоғарыда атап кеткен мультфильмдерді көп қарайды.Ал отбасында басқа кіші жастағы балалар болса, ағасымен қатар отырып осы көріністерді бақылайды.

Н.Миллер мен Дж.Доллард экспериментінде лидерге еліктеудің алғашқы шарттары анықталынды.Эксперимент тышқандарға және балаларға қатар өткізілді, соңында алынған нәтижелер бірдей болып шықты.Түрткі күшті болған сайын, соғұрлым стимул мен жауап байланысын бекіту күшейетін.Түрткі болмаса,үйрету жүзеге аспайды.Егер адамның немесе жануардың мінез құлқының репертуарында тітіркенуге сәйкес келетін жауап реакциясы жоқ болса, онда бұл реакцияны үлгінің мінез құлқын бақылау кезінде меңгеруге болады.Байқап көру және қателесу жолымен болған үйрену үрдісіне ерекше мән бере отырып, Миллер мен Доллард еліктеудің көмегімен байқап көру мен қателесуді азайтып, басқа адамның мінез құлқын бақылау арқылы, дұрыс жауапқа жақындауға болатынын зерттеген...

А.Бандура-әлеуметтік үйрету концепциясының екінші ұрпағыныңедәуір белгілі теоретиктерінің бірі-Миллер мен Доллард идеясын дамытқан.Фрейд психоанализін және Скинердің бихевиоризмін сынға алған болатын.Оның пікірі бойынша адамның мінез-құлқындағы көп нәрселер, басқа адамның мінез-құлқын бақылау негізінде пайда болады.

Алдыңғы әріптестерінің көзқарастарына қарағанда, Бандура еліктеу негізінде жаңа реакцияларды меңгеруге болады, ол үшін бақылаушының қимыл әрекетінің немесе үлгі қимыл әрекетінің бекітілуі міндетті емес және еліктеу арқылы қалыптасқан мінез құлықты күшейтіп сақтап қалуда бекітудің орны маңызды.А.Бандура мен Р.Уолтерс белгіленгендей, көру арқылы зерттеу процедурасы(яғни бекітілу қолданбаған жаттықтырулар немесе бір ғана үлгінің жанама бекітілуі)жаңа әлеуметтік тәжірибенің меңгерілуі үшін тиімді болып келеді.Бұл процедурадан кейін зерттелінушілерде бұрын аз байқалған «бихевиоралды бейім тұру»реакциялары көбейе түседі.Бандураның айтуы бойынша бақылау арқылы үйретудің орны ерекше,өйткені ол арқылы авторитетті бейнелерге еліктеу мүмкіндігін бере отыра, балалардың мінез құлқын реттеуге және бағыттауға болады.Мысалы, «Алдар көсе мен шайтандар»мультфильмінен балалар Алдар көсенің, шайтандардың айтқан сөздерін ,қимыл әрекеттерін қайталап, ақылмен зұлымдықты жеңуге болатынын түсінеді, ал «Батырлар»туралы мультфильмдерге кіші мектеп жастағы балалар тез еліктейді.Орыс тіліне аударылып көрсетіп жүрген «Мадагаскар», «Сезон охоты», «Панда»сияқты мультфильмдердің балаларға әсері күшті.Балалардың көзайымына айналған «Смешариктер»көп топтамалы мультфильм қазірде ерекше орын алуда: балалар қауіпсіздік шараларын үйреніп,өмірден алынған әртүрлі құбылыстардың мәнін түсінеді және әртүрлі болуы ықтимал жағдайларды бақылауға мүмкіндік алады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130055

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар