Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін аймақтық-компоненттік мәтіндер бойынша дамыту.

Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін аймақтық-компоненттік мәтіндер бойынша дамыту.

Қазақ тілін өзге ұлттарға оқыту стандарты бойынша «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың мақсаты – коммуникативтік, тілдік, мәдени-танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу».

Ұстаздар алдындағы міндет – жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.

Жалпы білім беретін мемлекеттік стандарт бойынша оқытудың міндеттері:

-қазақ тілінде сөйлеу және жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру;

-қазақ тілінің тілдік білім негіздерінің жүйесін танып білу, яғни тілдік білікті қалыптастыру;

-қазақ халқының мекенін, тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін қалыптастыру – деп белгілейді.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсататтарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құрауға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементтерін және сабақты құрастыру технологияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: Ойын технологиялары, проблемаларды оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.

Аймақтық компонент дегеніміз — мектеп курсындағы пәндердің бағдарламасының мазмұнына тұрғылықты аймаққа байланысты материалдарды біртіндеп енгізу және оқыту. Біздің аймақ Шығыс Қазақстан облысы болғандықтан, оған өлкеміздің тарихын, мәдениетін, географиялық жағдайын, тұрғылықты халықтың ұлттық құрамын, ұлы адамдардың өмір жолдарын, халықтың тұрмыс-салтын, белгілі спортшыларын таныстыру шаралары жатады.

Аймақтық компонентті оқытудағы мақсатым:

1.Аймақтық компоненттер негізінде құрылған мәтіндер бойынша оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамыту.

2.Оқушылардың бойында туып өскен жеріне, туған жердің табиғатына, мәдени орындарына, тарихына деген құрметті арттыру.

3.Белгілі адамдарына деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлтжанды патриоттық сезімдерге бай ұрпақ тәрбиелеу.

4.Оқушылардың осы қосымша мәліметтер алуы арқылы танымды біліктіліктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу.

5.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сауаттылыққа баулу.

Аймақтық компонентті оқытудағы міндетім:

Өз еліміздің табиғаты, тарихы, пайдалы қазбалары, мәдени орындары, белгілі адамдары туралы мәліметтер жинақтау, өз еліміздің намысын қорғайтын патриоттар дайындау.

Осы мақсаттар мен міндеттердің негізінде бағдарламадан тыс мәтіндер жинағы құралды. Тілдік құралдарды ауызша, жазбаша сөйлеуде қажетіне қарай дұрыс пайдалануға жаттықтыратын тиімді диктант, мазмұндама мәтіндері, шығарма жұмысының түрлері анықталды. Мұнда тек мәтіндер ғана емес, сонымен қатар әр мәтінге тапсырмалар да берілген. Аймақтық компонентке байланысты бұл мәтіндер жинағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәніне 5-8 сыныптарға арналып құрастырылған.

Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «Мәтін – зат «лат. textum» бір тақырып

төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің, сөздердің тізбегі» – деп берілген.

Оқушы тілін дамытуда мәтіндердің атқаратын қызметі зор. Мәтін оқушыға білім береді, мәтін — оқушыны оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін, оған талаптар қойылады.

1.Мәтін оқушының жас ерекшеліктеріне, түсінігіне сәйкес болу керек.

2.Мәтіннің мазмұны әр сынып оқушысының білім деңгейіне, дүние танымына сәйкес болу қажет.

3.Мәтіннің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болу қажет. Оқушыны қызықтыратын мәтіндерді оқушы жақсы меңгереді.

4.Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиісті.

5.Мәтіндер қазақ халқының мәдениетімен, әдет – ғұрыптарымен, жетістіктерімен оқушыларды таныстыру қызметін атқаруға тиісті.

Ал, мәтінмен жұмыс дегеніміз — сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар: 1) дыбыстармен жұмыс;

2) сөздіктермен жұмыс;

3) сөздік қорларын жетілдіру;

4) тілін дамыту;

5) ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс істеу түрлері көп, оны сабақтарда жүргізу, жұмыс атқару ол мұғалімнің шеберлігінде. Мысалы мынадай түрлеріне тоқталсақ.

1.Мәтінді түгел оқу.

2.Бөлімге бөліп оқу, жоспар құру.

3.Сөйлем бойынша тізбектеп оқып, аудару.

4.Суретке байланысты үзіндіні тауып оқу.

5.Әңгіме, өлеңнің көркем жерін оқу.

6.Мақал — мәтелге сәйкес клетін бөлігін оқу.

7.Мәтіннен 3 ой жүйесін тауып оқу.

8.Роль бойынша оқу.

9.Магнитофонға жазылған мәтінді оқушыларға тыңдатып, мазмұнын айтқызу.

10.Мультимедиялық комплекс арқылы бейнесюжеттерді көріп, әңгімелеу.

11.Мынадай сөз тіркестерін тауып оқу: а) зат есім + сын есім, ә) зат есім + етістік

Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды жүмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Мәтінді оқыту түрлері көз жүгірту, танысу, көңіл қойып оқу және ізденіп оқу болып бөлінеді.

Менің қаламның тарихы

Өскемен Қазақстанның шығысында Алтай тауы Үлбі жотасының түбінде Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қалаланың іргесі 1720 жылы әскери қамал ретінде қаланып, Усть-Каменная бекінісі аталған. Ертеректе қазақтар Ұлба, Тұңғиық тұмсық, Ұара өзен деген атауларды да қолданған. Өскемен – Усть-Каменная сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшырауынан пайда болған.

1939 жылы бұл қала Шығыс Қазақстан облысының орталығына айналады.

1.Мәтінді оқы

2.Аудар

а/ Оң жағалауында

ә/ Қаланың іргесі

б/ әскер қамал

в/ бекінісі аталған

г/ атауларды қолданған

3.Берілген сұрақтарға жауап бер.

а/ Өскемен Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

ә/ Қаланың іргесі қашан қаланды?

б/ Ертеректе қалаға қандай атаулар қолданған?

в/ Өскемен атауы қалай пайда болған?

г/ Бұл қала қашан облыс орталығына айналды?

4.Берілген 2 сөйлемді аудар.

Өскемен қалаласының іргесі 1720 жылы әскери қамал ретінде қаланған.

1939 жылы бұл қала Шығыс Қазақстан облысының орталығына айналады.

5.Мәтін бойынша 3 тест сұрағын құра.

Мәтінмен жұмыстан кейінгі оқушыларды бағалау кезеңі.

Оқушының аты-жөні

Оқылым

Лексика-грамматикалық

тапсырмалар

Шығармашылық

жұмыс

Қорытынды

баға

1

Локотош М.

+

+

4

2

Очередько К.

+

+

+

5

3

Павлюк А.

+

+

+

5

4

Попов А.

+

-

-

3

5

Савкин Г.

+

+

-

4

6

Сорокин И.

+

-

-

3

7

Шелягина С.

+

+

+

5

Халықаралық стандарт талабының өлшемдері төмендегідей. Тапсырманың 100% — 80% орындалса, жұмыс 5-ке бағаланады. Тапсырманың 80% — 60% орындалса, жұмыс 4-ке бағаланады. Тапсырманың 60% — 40% орындалса, жұмыс 3-ке бағаланады. Тапсырманың 40% және одан төмен орындалса, жұмыс 2-ге бағаланады.

Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау арқылы мұғалім оқушылардың оқу, түсіну, жазу дағдыларын дамыта отырып, әр оқушының берілген тақырыпта білім деңгейін анықтап, өзіне ертеңгі жұмысына қорытынды шығара алады. Оқушылар мәтіндерді емтихан дайындығына көмекші құрал ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар мұғалімнің мәтіндерді сынақ жұмысы ретінде де пайдалануына болады. Берілген тапсырмалар мәтіннің мазмұнына сай.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147944

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар