ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

12 қазан 2014 - Лора Жандосова

                                             

 

ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Жандосова Лора Серікбайқызы

 

№ 3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

 

            Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша                                                                                    қабілетті елу елдің қатарында енуі

 үшін білімді де зерделі, жан-жақты дамыған

дарынды, қабілетті ұрпақ керек.

                                                                                      Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев

         

     Ертеңгі күннің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейін- білім. Білім беру мәселесі Елбасының жыл сайынғы Қазақстан жолдауында аталатын басты шешуші бағыттардың бірі. Елбасы жолдауында «білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсеткен болатын. Қазақстан білім беру парадигмасы Қазақстан Республикасының Конституциясы, білім беру саясаты, заңдарды терең талдау нәтижесінде қалыптасуда. Ғалымдар пікірлерін арқау ете талдау жасауда білімдік жүйе парадигманың басты мақсаты ты. Үшінші мыңжылдық жастары қандай болуы керек? Бұл бүкіл адамзатты ойландыруда. Жаңа қоғамға жаңа жеке тұлға қажетті. Мұндай тұлғалар қайдан, қалай қалыптасады? Еліміздің саяси, мәдени, экономикалық дамуына үлес қосушы, әлемдік көтерілетін мәдениетті, парасатты, дені сау азамат қалыптастыру-бүгінгі мектеп міндеті. Қабілеттсіз, білімсіз бала болмайтындығы педагогикада дәлелденген. Жеке тұлғаның дара қасиеттерін танып білуде мүмкіндігі шектеулі әдістемелерді жаңарту талабы қойылды. Білім беру парадигмалары өзгеруіне байланысты педагогикалық іс-әрекеттер де өзгерді.

  Жаңа білім беру ісіне қатысты реформаларды іске асырушы, орындаушы ұстаз қауымы.

  Білім беру парадигмасында оқу-жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдану. Мұндағы басты міндеттер:

•  Жалпы, өзіндік қабілеттер даму мүмкіндігі

•  Білім, білік, дағдыларды қалыптастыру

•  Қолдану 

  Оқыту үрдісін осылайша ұйымдастыру нәтижесі – әмбебап әрекетке дайын, дамыған тұлға болып табылады. Мектептегі оқу қызметінің бірі – оқушыны нақты өмірге даярлау. Бала «жалпыға айналған білімнен» «білім – жеке өмір азығы» үлгісіне саналы көшуді, әлемдік білім кеңістігіне өтуді қамтамасыз етеді. Білім сапалы болуы қажетті. Білімді игеруде білім нәтижелері:

• Өзіндік меңгеруі

•Өзіндік талдауы

•Өмірлік бағытта, тәжірибеде қолдануы керек.

  Бұлар жеке тұлғаның теориялық ойлауы арқылы болады. Теориялық ойлау-білім беруде пәннің сапалылығы. Бұл оқушылардағы ойлау әрекетін дамыта оқыту, ұйымдасқан іс –әрекет етуге ұмтылдырады. Оқыту барысынды кем дегенде оқушыға нені оқыту, қалай оқыту, кімді үйретуді мұғалім анық білуі қажетті. Шетел ғалымдары тұжырымында «Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтаған да, оқушы нені біледі, нені істей алады?» деген сұрақтар жауабымен аяқталады. Осыдан келіп оқыту түбінде бір нәтижелі өнімді бағытта болуы керек деп тұжырымдайды.

  Оқушыға берілетін білімді ұйымдастыруға сол арқылы саналы меңгертуде және оны қолдана алуында нәтиже беруі керек. Білім берудің жаңа жүйесіне байланысты оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру- оқытудың дидактикалық негізін құрайды

Оқушының шығармашылығы- оқулық тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады. Оқитын оқулық жаңа болса, мұғалім шеберлігі жоғары деңгейде болсада, мұғалім  оқушыда белсенділік  туғызбаса   білім нәтиже  бермейді.

Оқулық мазмұнының мақсаты оқушыға бағдар беру. Оқулық оқу жүйесінің өзгеруіне байланысты. Жаңа білім жүйесі алдыңғы орынға баланың білім дағдысы емес, тұлғалық білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Бұл үшін жаңа білім жүйесін реформалауда жаңа жобалар мен озық технологиялар енгізілуде.

 Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Адам жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Сол жан жемісін білімге теңесек, жеміс ағашын мектеп, ал мектеп жүрегі мұғалімдер емес пе?

Әр бір жеке оқушы – зерттелмеген құпия. Мұғалім оның басқаға ұқсамас қасиетін табу керек. Айтып өткендей білімнің гүл ашқан жеміс ағашына айналуын қаласақ, оқушы іс-әрекетіне білім беруде өнімділігіне қол жеткізуі қажетті.

 Бұл ретте өз тәжірибемдегі сабақ беруде Білім таксаномиялары арқылы өткізуде нәтижеге қол жеткізуге болады.

 

І кезең

А) Ұйымдастыру

«Көпір»

Тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Сұраққа жауап беріңіз:

Сұраққа жауап бере отырып, бос орынды толықтыр 1.Сөйлем дегеніміз не?

 Жауабы: Тиянақты ойды білдіретін сөздердің тобын сөйлем дейміз.

2.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Жауабы: сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздер.

ІІ кезең

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру

Теориясы  «Білу»

Мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қанадай? Не істеді? Т.с сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы  оқушылар тақырып бойынша ақпаратты меңгереді.

Бос орынга тиісті сөздерді жазып сөйлемді толықтыр.

1.Бастауыш қимыл іс-әрекеттің иесін  білдіреді.

2.Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

Жауабы. Бастауыш не? нелер? кім? Кімдер? Сұрақтарына жауап береді. 

Теориясы

«Түсіну» (неліктен? Себебі? не үшін?

Түсіндір т.с сұрақтар оқушының жоғарыда берілген жауаптарына қойылады. Сол арқылы тақырыпты терең меңгереді.

 26-жаттығу

Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жауабы: Арыстан ақырады. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Қой маңырайды. Түйе боздайды.

 

Теориясы

«Талдау»

1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы

4.Тақырыптың басты идеясын бөліп шығар деген тапсырмалар болу керек немесе 1,3 тапсырмалар Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Бастауыштарды кестеге орналастыр

 

Кім? Кімдер?

Не? Нелер?

Әке, қойшылар, ұстаз, аспазшылар, ақын, бишілер, Жанар, қыз, балалар

Доп, жұлдыздар, сағат, дәптерлер, ағаштар, машина, үй

 

Жауабы: Бастауыш зат есім сұрақтарына жауап береді.

Теориясы

«Жинақтау» (қорытынды шығаруға бағытталған анықтама бер кесте, сызба толтыр, ребус шеш т.с. сөздер тапсырма шартында болу керек)

Сызбаны толтыр

Бастауыш

 

 

Кім?        Не?           Кімдер?                      Нелер?               

 

Зат есім орнына қолданылатын сөздер.

             Теориясы

   «Қолдану»

(оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады)

29-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.

Тоғжан үйді тазалады. Терезе ашылды. Мектепке оқушылар келді.

 

Практикасы

«Баға беру»

Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.

 

Бастауыш қандай сөз табының қызметін атқарып тур.

Жауабы: Бастауыш  зат есімнің сұрақтарына жауап береді.

ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмалар орындап, балл жинау

І деңгей ( 5 б)

Теориясы

«Білу»

 Тест сұрақтары

1.Қимыл іс-әрекет иесін білдіретін сөйлем мүшесі

А) бастауыш  ә) баяндауыш   б) тұрлаусыз мүше

2.Кім? Сұрағына жауап беретін сөз

А) жер           ә) Абай          б) тоғыз

3. Нелер?  Сұрағына жауап беретін сөз

А) доп           ә)   әже         б) ойыншықтар

4. Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздер

А) қасқыр       ә) олар        б) дәмді

Қолдану

(2-кезеңнің қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

25-жаттығу

Әдемі                                   ақылды

Қызыл              не?              тәртіпті                  кім?

Дәмді                                    озат 

Жауабы: алма, оқушы

ІІ деңгей (5б +4б= 9б )

Теориясы

«Түсіну»  Неліктен? Себебі? не үшін?

Түсіндір т.с сұрақтар оқушының жоғарыда берілген жауаптарына қойылады. Сол арқылы тақырыпты терең меңгереді.

 

Сөздерді пайдаланып сұраққа жауап бер

Сол сөздерді бастауыш болатындай етіп өзгертіп сөйлем құрап, сұрақ қой.

Жерді немен жыртады?     комбайн

Егінді немен жинайды?         соқа

 

Жауабы:  Егінді комбайнмен жинайды

  Комбайншы егін жинайды.

  Жерді соқамен жыртады.

 Соқа – жер жыртатын құрал.

         Теориясы

«Талдау»

1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы

4.Тақырыптың басты идеясын бөліп шығар деген тапсырмалар болу керек немесе 1,3 тапсырмалар Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

1. Бастауыш                                Зат есім

Сұрақтары қызмет

тері бірдей

Сөз табы

Сөйлем  мүшесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Тақырыптың басты идеясын бөліп шығар..........................

 

Практикасы

«Қолдану»

Тапсырманы орында

Не туралы айтылған?

Мен ............  Сөйлемде ой несімін

Менсіз сөйлем басы жоқ серке сияқты. Кім?  Не? Деп сөйлемді мүшелей қойса мені тез табады.

Жауабы: Бастауышпын

ІІІ деңгей   5б +4б + 3б= 12балл

Теориясы

«Жинақтау» (қорытынды шығаруға бағытталған анықтама бер кесте, сызба толтыр, ребус шеш т.с. сөздер тапсырма шартында болу керек)

 

 

  Ребусты шеш

 

Жауабы: Ара гүлге қонды.

Бастауыш – ара (не?)

Практикасы

«Баға беру»

Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің? )

Зат есім сөздері бастауыш қызметін атқара ала ма?

Жауабы: зат есім де, бастауыш та сөйлемде негізгі ой иесі болады. Бірдей сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Қолданыста «теңіз терең емес, адамның жаны терең» деген тамаша сөз бар. Демек, заман ағысына орай, адам жаны да күрделенуде. Қазіргі оқушының ойлау мүмкіндіктері ерекше. Сол ерекшелікті ашу, дамыту ұстау негізінде. Жеке тұлғаға білім бере отыра Абай атамыздың қағидаларын басшылыққа аламын.

•  Бүршік атуды ойламаған ағаш отын болады.

•  Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп.

•  Өнерлі өрге жүзеді.

Абай атамыздың өнегелі өсиеттері бойынша Күніне бір рет өзіңе- өзің есеп бер және мұра етіп қадырған асыл қасиеттерін  бойынша  оқушыларға  міндет етіп аламын.

•  Талап

•  Еңбек

•  Терең ой

Абай атамыздың осы өсиеттері өзімнің тәжірибемде басты қағида етіп ұстанамын. Біліктілік еңбекпен, білімділік оқумен келеді. Исламның көрнекті өкілі Әзірет Әли.: Білім артық па, байлық артық па? дегенде білімнің артықшылығын көрсетіп берді.

•  Білім-адамзатқа тән

•  Білім -азаймас қор

•  Білім-бүлінбес мирас

•  Білім-адами қасиет

Қорыта келе, «Білекке сенген заманда-ешкімге сес бермедік, білімге сенер кезеңде, қапы қалып жүрмейік» деген көреген Абылай ханның ой тұжырымын мақсат етіп алайық.

Қазіргі уақытта еліміздің білім беру кеңістігінде көтеріліп отырған мәселелер шешуге батыл кірісуге әкеледі. Жаңа ғасырдың жаңашыл ұстаздары-өз мамандығын сүйетін білімді де білікті мамандар иесі.

 

 

Қолданған әдебиеттер:

 

•      Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

•      Образовательные технологии.  № 4  2012ж

•      Мектеп директоры орынбасары.  № 3 2013ж

•      Педагогика және оқушы психологиясы.   № 7 2012 ж

•      Әлеуметтік педагогика.  № 7 2012 ж

•      12-жылдық білім. № 5/09  2005 ж

•      Жантану мәселелер.і  № 2 2011 ж

•      Мектептегі психология.  № 4  2007 ж

•      Қазақстан тарихы: журнал  № 3  2013 ж

 

 

Түйін

 

Қазіргі педагогиканың басты мақсаты-білімді сапалы ету. Мақалада білім берудегі озық әдістер енгізілуі, тәжірибеде қолдану сөз етіледі. Оқушылардың шығармашылық, танымдық іс- әрекеттерін қалыптастыруда мұғалім инновациялық іс-әрекеттің ғылыми негіздерін де игере білуге міндетті.

 

 

                                      

Осыған ұқсас жазбалар:

Қоғамдық пәндерГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ

Баяндама12 жылдық білім берудің ерекшеліктері

Ұстаз үніҚоғамдық қатынастардың жаһандану жағдайындағы мұғалімнің жаңа мәртебесі

БаяндамаМЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ САБАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147931

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар