Отаншылдық отбасынан басталады

9 маусым 2015 - Айгүл Еcеналиева

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тоғыз стансасы

№7 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

Есеналиева Айгүл Сакипжанқызы

Кіріспе

«Адам ұрпағымен мың жасайды»,-дейді, қазақ мәтелі. Ия, ұрпақ жалғасымен адамзат баласы мың емес миллион жыл жасап келеді. Және ол өлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік.

Ең алдымен тәрбиенің барлығы әрбір отбасынан басталады. Біз адам бойына ең ізгі қасиеттер күннің көзінен, ананың ақ сүтінен дариды деп жатамыз. Демек ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ештеңемен теңестіруге болмайды. Халқымыз «Ер -елдің иесі, әйел-үйдің иесі» деп тегін айтпаса керек. Баланың бойына ана тіліміздің кәусарін сіңіру, ұлттық дәстүр, салт-санамызды дамыту әрбір ананың қасиетті борышы. Осы борышты терең сезінген ана ғана баласына дұрыс тәрбие бере алады.

Отансүйгіштік тәрбие өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үрдісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілу керектігі бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Қазақстандық патриотизм әр азамат өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде ғана қалыптасады

Халықтық тәрбиедегі отаншылдық

Қандай бір ұлт болмасын ата-бабасының салт-дәстүрі, сөзі арқылы жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге тырысады. Қазақ халқының тәрбиесіне терең көз жүрертсек, оның күрделі табиғатынан «адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, әскери-патриоттық тәрбие, имандылық, әдептілік және жыныстық тәрбие» дегендей қазіргі педагогикадаңыдай бөлінушілік байқалмайды. Халық үшін тәрбие-тұтас тәрбие. Оның мақсаты-адам тәрбиелеу. Сондықтан тәрбие адамға тән асыл қасиеттер жиынтығын бөлшектемей бала бойына тұтас беру отбасында нағыз жүреді. Ауыз әдебиетіміздің рөлі өте мағызды. Бала тіл шыққаннан бастап санамақтар, мақал-мәтелдер, өлең-жыр шумақтарын тыңдатудың үлкен маңызы бар.Мысалы, «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі», «Опасызда отан жоқ», деп жас ұрпақты елін сүюге, намысты таптатпауға насихаттайды. Әсіресе батырлар жыры, бала бойына нағыз батылдық пен ерліктің сезімін тудыратын құрал. Әсіресе, қазіргі таңдағы қала халқының тілді білмеуі баланың өз ұлтынан алшақтатады. Бұған біз тоқталмай-ақ қояйық. Себебі тіл бізде мәселе емес.

Түрлі халықтардың тәрбиесі

Эскимостар өз балаларын еркін, бетінен қақпай өсіретіндігі сонша қатерлі ойындар ойнағысы келсе де бетінен қақпаған.

Ал ацтектер балаларын жан шошырлық тәсілдермен жазалайтын болған. Мысалы, бастарын жанып жатқан оттың үстіне қақтаған. Оған керсінше Орталық Африкада, Мадагаскар, Отты жер тұрғындары мүлде жазаламайтын болған. Мануге деген үнді тайпасы сәбилерін еркелететіні сондай, төрт жастағы баласының үйді алмастырып, жұрт жаңарт деген сөзін де ата-аналары бұлжытпай орындаған екен.

Ал мына бір мысалдарға тоқталып кетсек, көне Спарта және Афиналықтар балаларын жеті жасынан бастап Отанын қорғауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеген. Яғни, өмір бойы әскер қатарында болған. Баласын соғысқа жіберіп тұрған анасы «Тек жеңіп қайт!» деп тілек айтқан. Сондай Афиналық бала көршісіндегі түлкінің баласына қызығып ұрлап, қойнына тығып алады. Сол кезде көршісі келіп қалады. Ал түлкі болса баланың ішін мүжи бастайды. Баланың шыдамдылығы сондай, ішегі түскенше шыдайды.

Отбасындағы патриоттық тәрбие

Оқушыларды патриоттық тәрбиесі ең алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік нашандарын саяси және рухани жағынан пайымдалудан басталады. Бұл жастарды азаматтық өзіндік сана-сезімге, ұлттық нышандарды ар-намысым, борышын-парызым деп құрметтеуге үйретуден бастау керек. Жалпы қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуді елдің туы, елтаңбасын қастерлеуден бастауымыз керек

Бала оны қалай сезінеді, қалай ұғынады, ол біздің берген тәрбиемізге қарай. Ең алдымен ата-ана өзі мемлекеттік нышандарды өзі қалай сезінеді. Осы ащы шындықтардың бірі. Ең алдымен ата-ананың мемлекеттік нышандар туралы білімі болуы керек. Және оның маңызын ұғыну керек. Отбасында теледидардан, бейне таспалардан мемлекеттік Гимн орындалып жатқан да, отбасында тамақтанып отырғанда да, Гимн орындалып жатқанда үйдегі алдымен баламызға үлгі-өнеге көрсетуіміз үшін тікемізден тік тұрып, аяғына дейін тыңдау қажет.Және қосылып айтып тұруымыз керек. Әрине, алғашында күлуі мүмкін. Кейіннен баланың өзі сізден сұрамай-ақ тұратын болады.

Бұл жағдайды неге айтып отырмын, себебі әлемде дамыған мемлекеттерде мемлекеттік нышандарды тәрбиеде пайдалану- ең алдымен мемлекеттің оң бейнесін жасау болып табылады екен. Ұлттық мақтаныштың мәні патроиттық сезім мен ерік-жігерді көрсетудің көрінісі ретінде қызмет етеді. Мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтарды еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім табандылықпен тәрбиелене түсетіндігі сөзсіз. Біз қандай ортада болмасын тәрбиенің озық түрі алдымен өз бойымыздан табылып тұру қажет. Гимн орындалып жатқанда жас жеткіншек Гимнді тікесінен тік тұрып қабылдап, яғни Отан алдындағы парызын, борышын орындап тұрғандай сезіндіругеуге тәрбиелеу сіз бен бізге сын.

Мысалы, олимпиадалық ойындардан кейін өз еліңнің Гимн орындалып, туы биікке көтеріліп жатса, қандай сезімді басыңыздан өткерер едіңіз. Көкірегің қуанышқа толып, сезімің асқақтап, мақтанышың жүрекке симай кетпей ме?!

Демек, отансүйгіштік тәрбие барлық салада, барлық іс-әрекетте, барлық тәрбиеде жүріп отырады екен. Оқушыларымыздың отанымызға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін, алдымен өзіміз патриот болуымыз керек екен. Ал, еліміздің патриоты болып өскен бала, болашақта толық азамат болатындығы сөзсіз. Өйткені, патриоттың — рухы биік, жігері күшті, әділ де шыншыл.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қосымша пәндер«Құпиясы жоқ болса, өнердің құрметі де жоқ»

ҰстаздарғаИмандылық-адам көркі

Ұстаз үніҰстаз бақыты

Тәрбие жоспарыТәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Ұстаз үнісындарлы оқыту теориясы мен тәрбиенің 12 бағытын ықпалдастыра отырып, адами құндылықтары дамыған оқушы тәрбиелеу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141994

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар