ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

22 сәуір 2016 - Ардак Бидашова
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ

БАЯНДАМА

БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ:

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

ОРЫНДАҒАН:

І САНАТТЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ  ОҚЫТУШЫСЫ          БИДАШОВА АРДАҚ ОРАЗХАНҚЫЗЫ

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев

 

КІРІСПЕ

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Кәсіптік білім беруде күрделі де маңызды бір мәселе оқушыны болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау.

Е-learning жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу бірінші кезекте педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық (АКТ) құзырлығын қалыптастыруды қажет етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нысаналы индикаторлары, яғни электрондық оқыту жүйесінің енгізілуі 2015 жылы – 40%, 2020 жылы – 90 пайызға жеткізілетіндігі атап көрсетілген.

Электрондық оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізу оқытушылардың жас ұрпаққа өмірлік білім беру ұстанымын қалыптастыруға, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуіне, желілік шығармашылық қоғам арқылы тәжірибе алмасуға, кәсіби қызметтерін электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретінде ахуалы. Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін қарым-қатынас, педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады.

Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі – кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі – іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі — әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.

Оқытушы – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, студенттерді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Оқытушының кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.

Педагогтардың кәсiби құзырлылығы – олардың педагогикалық қызметтi жүзеге асыруға деген теориялық және практикалық дайындығының бiрлiгi. (В.А.Сластенин)

Жаңа талаптарға бағына отырып, оқытушының кәсіби құзыреттілігінің дамуының негізгі жолдарын анықтауға болады:

1. әдістемелік бірлестіктерде, шығармашылық топтардың жұмысы

2. зерттеу, эксперименталды жұмыстар жүргізу

3. инновациялық жұмыстар: жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру

4. педагогикалық қолдау түрлерін үйрену

5. сайыстарға, мастер-класстар, форум және панорамалық сабақтарға белсенді түрде қатысу

6. педагогикалық тәжірибесін жинақтау

7. АКТ пайдалана білуі

Оқытушының кәсіби құзыры, оның бастапқы тәжірибелі біліктілігі және шеберлігі, жас ерекшеліктеріне сәйкес адамның тұлғалық дамуына байланысты белсенді, үздіксіз үйренуінде қалыптасады. Жоғары құзырлы оқытушыдан төмен құзырлы оқытушының айырмашылығы, осы педагогикалық-психологиялық компоненттерді кәсіби шеберлігімен қолдана білуінде. Педагогикалық-психологиялық компоненттердің жоғары деңгейде қалыптасуы оқытушыға, оқушыларға алдын алынған білімдерді және жаңа білімді дифференциалды, әлеуметтік, аутопсихологиялық компоненттер ретінде ұғындырып, қалыптастыруда, яғни осы білімдер олардың қабілеттілігінің дамуында «кірпіш» болуына көмектеседі.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр оқытушы, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр оқытушының борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, колледжін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Жаңа формация оқытушысы табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Нарық жағдайындағы оқытушыға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация оқытушысы — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді.

Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Білім сапасын арттыру барысында оқытушыларға мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық — дамытушылық функцияны атқарады.

Кәсіби құзыреттілік – әлеуметтік жұмыс маманының мінездемесі, мамандығының талаптарына деген оның сәйкестік дәрежесі.

Кәсіби даярлық – кәсіби бағдарлық пен кәсіби білімі, біліктілігі мен машықтарының жүйесі және кәсіби бағдарлығының қалыптасуы, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби жағдаяттар мен тапсырмалардың теориялық және практикалық шешімінің тәжірибесін меңгеру.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ.

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл — ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқытушының шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ оқытушы — қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

·        бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

·        мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

·        оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

·        коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

·        ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

·        әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

·        тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

         Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі орнын таба алады.

«Тұлға — өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады».

Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен Оқытушылар, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы.

         Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану – білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды.

          Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол екендігін айтқым келеді.

Кәсіптік оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты — оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Кәсіптік оқыту  саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде оқытушының  және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Жаңа заман  талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ақпараттық –коммуникациялық  технологияларды жетік  меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандарды даярлауда кәсіптік оқытуды жетілдірудің, оның материалдық –техникалық базасын толық жаңартып отыру, қажетті оқу –құралдарымен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет.

Сонымен, оқушының ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

·        Ақпараттарды  өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық  және практикалық  тұрғыда оқып — үйрену;

·        Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып — үйрену және оны кәсіптік оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

·        Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды  мамандық бойынша оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

-  оқушының өз бетімен жұмысына;

-  уақытын үнемдеуге;

-  білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылыт ексеруде;

-шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

-  қашыктықтанбілімалумүмкіндігініңтуындауы;

-  қажетті ақпараттыжеделтүрдеалумүмкіндігі;

-  экономикалық тиімділігі;

-  іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндермен тапсырмаларды оқып үйренуде (биөнері, қолеңбегі, денешынықтыру сабақтары т.с.с);

-  қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

-  оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.

Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлде қайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың кұштарлығы оянады деп есептеймін. Oсылайша оқыту құралдарының бірі — электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық кұрал.

        Кәсіптік білім беруде  оқушылардың құзіреттілігін арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту атты мақаламды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

-  кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

-  кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

 «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап керсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды оқу — тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз — ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр оқытушысына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбек қор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Оқушыларға терең білім беру үшін АКТ-ны пайдалана отырып төмендегідей қағидаларды  есте сақтағанды жөн көрдім:

1.     Оқытушы пәнді өзі жетік терең біліп, оны оқушыларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.

2.     Оқытушы оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүргіне жол таба білуі қажет.

3.     Оқытушы әр оқушыға, бүкіл талапты қоя білу қажет.

4.     Оқытушы әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.

5.     Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі.

6.     Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері, электронды оқулықтар бойынша беру.

7.     Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану.

8.     Әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -

деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

Талап  қaтaң, дұрыс қойылған жағдайда  кәсіптік оқытуда оқушыларда мынадай өзгерістер қалыптасады:

·        Өз мамандығына деген қызығушылықтары артады

·        Шығармашылық шабыты шыңдалады.

·        Ғылыми қөзқарасы қалыптасады

·        Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жойылады;

·        Оқытудағы  модернизациялауға деген ұмтылыc пайда болады;

·        Еңбек нарығында  бәскеге қабілетті маман қалыптасады.

                Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін  оқытушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген болуы тиіс. Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрету оқу-тәрбие үрдісінде – АКТ-ны пайдалану болып табылады. Оқытушы бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы екендігіне көз жеткіземіз.

Колледжіміздің білім деңгейін  көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, колледж оқытушыларының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті  құралдарды қолдану негізінде колледжімізде жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын  арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Колледжді ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сеніміміз мол.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

2.     Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3.     Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б

4.     Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі   « Информатика негіздері»      2008 ж.-№ 4      Ж. Садыбекова

5.     Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану   «Информатика негіздері» 2008 ж.-№ 5  

6.     Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

7.     К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

Осыған ұқсас жазбалар:

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

БаяндамаОқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

БаяндамаДарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

БаяндамаҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

Баяндама12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕГІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110012

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 23 сәуір 2016 в 09:26 0
Баяндама мазмұны ұнады.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар