САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

29 қаңтар 2015 - Күлзия Есенқызы

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ -ЗАМАН ТАЛАБЫ

Саудабаева Майраш Күмісбаевна

дене шынықтыру пәні мұғалімі

№56 мектеп-лицейі, Астана қаласы

Жеткіншек ұрпаққа біліммен бірге дене тәрбиесін беру аса қажет.

Өйткені, күш-қуат адам өміріне керек факторлардың бірі болып табылады. Бала ойынмен өседі. Халкымыз баланың мінез-құлқының қалыптасуына түрлі ойындардың елеулі мәні бар екенін жаксы аңғарған. Ойында баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, танымы, қабілеті өседі. Мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де, мазмұны да әр алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапкырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке, мергендікке т.б. үйренеді. Ұл бала табиғатынан қимыл-қозғалыска кұмар. Ойын — балалық шақтың басты ерекшелігі. Мысалы: «Базар-қаланың ажары, ойын-баланын базары», «Баланың ойынын бұзба, өнегең болса — ойын қозға», «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі» дегендей ойынның тәрбиелік мәні ерекше. Ал, мына бір мақал-мәтелде: «Көне болмай — жана болмас, бала болмай — дана болмас», "Қыз-қуыршақ, ұл-кұлыншақ деуі, халық даналығынын ұрпағына деген сый кұрметіндей. «Ойнай білмеген, ойлау да білмейді» деген мақал-мәтелде баланың ойынға аса кұмар келетіні, ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатыны, ойын арқылы баланың сана-сезімі, кәсіп тандауы, ақыл-ойы жетілетінін анғартады.

Ойынға тек ойын деп қарамай, халыктын ғасырлар бойы жасаған асыл казынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие кұралы деп қараған орынды. Бұл пікір жалан болмас үшін заманымыздын занғар жазушысы, Ұлы ойшылдардың бірі М.Әуезовтың мына бір пікірін еске ала кетейік:

«Біздің халкымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой.

Ойын деген менің түсінігімше, көніл көтеру, жұрттын көзін жұбантып, көңілін шаттандыруға емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» деп түйіндейді.

Қазақ халкының ұлттық ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріп өрнектеген ойын мен әрекеттін кұпия философияны жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің жемісі бар. Халкымыздын ұлттық ойындары негізінен алганда үш жүйеден түрады — ойын-сауык, дене шыныктыру, спорт және ой шыңдау.

Жас бала ойынға алдымен үйренуші; көруші, есейе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезеңде үйретуші, жаттықтырушы, жанкүйер ретінде қатысады.

Кенес үкіметі кезіндегі ұлт ойындарына көніл бөліп, елеп-ескермеудің нәтижесінде көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық болған. Алайда тәуелсіздікті алғаннан бергі уақытта ұлттық ойындардың барлық түрлерінің дамуына жол ашылды. Оған дәлел, 1-11 сынып оқушылары оқу бағдарламасына жас ерекшелігіне сай ұлттык ойындар, қимыл-қозғалыс ойындары енгізілген. Ұлттық ойындарды насихаттау максатында ауылда, ауданда, облыста, республикада ірі-ірі жарыстар өтілуде. Спорттың және дене тәрбиелеудің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі зор. Сондықтан баланы жас кезінен бастап дене қимылдарын жасатып, спорттық жеңіл жаттығуларды өз тәжірибесіне енгізуге баулу жеткіншектердің дені сау, мықты болып өсуіне мүмкіндік жасайды.

Мектепте дене шынықтыру сабағы жүреді, әрине бұл оқулық көлемінде белгілі бір бағдарламаға енгізілген сабақ. Мұнда оқушы дене тәрбиесіне байланысты білім алады. Ал, бұл окушы үшін аздық етеді. Басты мәселе оқушының бос уақытын тиімді пайдалану, ол үшін спорттық секцияларға қатысып, жаттығулар жасап, тіпті мүмкіндігі болса спорттық жарыстарға, түрлі ойындарға барып, өзінің бағын сынап, болашағына жол ашуға әбден болады деп сенемін. Баланың кепілі — денсаулық, сондықтанда дене шыныктыру өте маңызды. Сонымен қатар баланы 9-10 жастан бастап гимнастикалық жаттығулармен айналыстыру арқылы дене бітімінің өсуіне ықпал жасау. Жас жеткіншек 9-10 жастан бастап спорттық жаттығулармен айналысса, баланың дене бітімімен қатар ойнау кабілеті де жоғарғы деңгейде өседі.

Балаларға салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, болашақтың тірегі болатынын, дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Көптеген дене тәрбие мәдениетінің ғалымдары дәлелдегендей жасөспірімдер күн санап өскен сайын, оның күш-қуаты артып отырады. Осыған басты назар аударылса жасөспірім қай жаттығуды болмасын өзінің күнделікті тіршілігінде емін-еркін пайдалана алады деп сенемін.

Мұндай әдіс-тәсілдер пайдаланылып келген. Бұл балаларға қарапайым дене тәрбиесі мен спорт өнеріне баулудағы мүмкіндіктерді пайдалану, өз-өзінің денсаулығына және де біздін мемлекетімізге де пайдасы үлкен деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жолдауларының бірінде ұрпақ денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Халық санасының өсуі. Онын сапасы — денінін саулығы,- деп көрсетеді. Н.Ә.Назарбаев егеменді еліміздің дамуының стратегиялы енбегінде Қазақстан халкынын білімі, таланты, мәдениеті мен денсаулығы бізге аса қажет деп түсінідіреді.

Кейбір жастардың дене шынықтыруымен айналысуы аркылы спортқа деген кызығушылығын арттырады және спорттан үлкен шыңға шығатынына көзі жетеді. Ал, спорт менінше сабақ. Қайратың тасып, жігеріңе жігер қосатын, алып күшті шынығу, шыңдалу арқылы бойына сініретін, кейіннен өзінін кәсібіне жол ашатын дүние, әрі ең күшті бір касиет. Сондықтан да кімде-кім спортпен айналысып одан өз бақытын табамын десе әлбетте тынымсыз шынығуы қажет. Адам баласына ең алғаш туылғаннан кейін дене қимылы немесе дене шыныктыруы кажет, онсыз баланың денесі әр түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Дене жаттығуығұмыр бойы қасынан қалмауы тиіс. Жаттығу ғана адамның бойын сергітіп, денеңді шынықтыра түседі. Жеке бастың гигиенасын сақтау, дене шыныктыру жаттығуларын үнемі, үзбей жасап тұру, тамақтануды дұрыс жолғақою, организмді шыңдау, белсенді дене жаттығуларымен айналысу маңызды.

Дене тәрбиесін үйрету үшін оқушылардың белсенді козғалыс кызметі ерекше және басты орын алмақ. Ол арқылы баланың денесі және психикасы жетіледі. Осы органикалықбірлікте балалар дене тәрбиесі туралы арнаулы білімге ие болады. Дене тәрбиесіндегі үйрету-дене және психикалык жағынан жетілдіруге бағытталғанқозғалысқимылдары және арнаулы білімдер жүйесін беру мен игерудін ұйымдасқан тәсілі болып табылады. "Қимыл-козғалысына үйрету" атауы қимыл және оғанқосарланатын теориялык түсінік болған жағдайдақабылданылады.

Себебі қимыл және оған енетін козғалыстар кұрылымын қосып көрсетеді: ол жағдайда "қозғалыска үйрету деген кең мағынадағы атауды пайдалануға болады. Нақты кезеңде әр түрліқолдану, жетекшінін педагогикалықміндеттерге топтастыруына мүмкіндік жасайды.

Қимылға үйрету- білімді бір мезгілдеқабылдау, қозғалыс дағдыларынқалыптастыру және тиісті дене мүмкіншіліктерінқалыптастыру процесі болмақ. Осының барлығы бір біріне жәрдемдеседі, бірақжекеәдістері мен кұралдары жөнінде бірыңғай емес. Сондықтанда педагогикалықжұмыстар бір немесе өзге міндеттерді баса көрсетуде жүгінеді.

Әр бірқимылға үйренуде оқушы жаңаданқабылдағанжәне өзінде бар бұрыңғы біліміне сүйенеді. Дене тәрбиесіндегі- бұл дұрысұйымдастырылған дене тәрбиесі мен түсініктердіңбелгілі жүйесі.

Білімнің сапасын арттыру мен көлемін кеңейту оқытудағы саналы қағидасын жүзеге асыруды, баланың танымдықбелсенділігін тәрбиелеудің ең маңызды міндеттерінің бірі.

Үйренетінқимыл-қозғалысын меңгеру шарты үш деңгейге бөлінеді. Олардыңәрқайсысы, оларға жеке атау беруге мүмкіндік беретіндей белгілі сипаттамаларға ие: 1- деңгей-алғашкы дағды; 2-денгей-дағды; 3-деңгей-шеберлік дағдысы жоғары деңгейдегі дағды.

Деңгейлер арасында айырмашылық шекарасы жок. Бұл барлық деңгейлердің негізінде дағдыны қалыптастырудың бірыңгай психологиялық заңдылыктары түсіндіріледі. Негізінде, бастапқы дағды — бұл әлі қалыптасып болмаған дағды. Ал, дағды — қалыптасқан дағды, шеберлік бұл қалыптасқан дағдыны меңгерудің жоғарғы денгейі. Қозғалыс дағдысы-жеке козғалыстардай емес қимылдың дәрежесіне және жағдайына назар аудара қимылды орындау қабілеттілігі.

Егер дағды психо-физиологиялык категопия болса. Онда орындау-педагогикалықболып табылады. Қимыл-козғалыстарды меңгерудің барлык деңгейін "істей аламын", "өте жаксы істеймін" деген сөзбен бейімдеуге болады. Қимылды орындау қабілетттілігін адамның білімі мен қозғалыс тәжірибесі арқылы пайда болады. Мұндай қабілет кенеттен емес сол қимылды кайталаудың белгілі бір санынан кейін пайда болады. Адам денсаулығының кепілі аурудың алдын алудың басты буыны салауатты өмір салты мен дене тәрбиесі болуға тиіс дейміз. Ал дене тәрбиесінің өзі қарапайым дене қимылдары мен қозғалыстарынан тұратындығы белгілі. Әдістемелік құралға негізінен қозғалысқа қатысты материалдар, сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларына жүгіруді үйрету, кіші допты лақтыру, секірулер мен лақтыруларға байланысты әдістемелік ұсыныстарды пайдалану болып табылады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141889

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 4 наурыз 2015 в 10:13 0
Бала физиологиялық жағынан дұрыс қалыптасып өсу үшін спорттың ролі ерекше ғой, ауыл балаларына бұл проблема емес деп ойлаймын, ал қалада өскен балалар арнайы спорт секцияларына қатыспаса мүлдем қозғалыс аз. Сондықтан сіз айтып отырған мәселелер өте орынды.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар