Тізбектелген сабақтар топтамасына рефлексивтік есеп

16 ақпан 2015 - Гүлнар Адреисова

А

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Елбасымыз жыл сайын xалқына жолдауында білім саласын ешқашан естен шығармай Білім саласындағы ұстаздық жолында бала тәрбиелеу білім беру оқуда жаңа — тәсілдер қолдану қазіргі заманда алға қойылған өзекті мәселе Соңғы бірнеше жылдар барысында Мемлекетіміз білім беру және денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлуде.

Негізінде өз бетінше оқытудың әдіс – тәсілдері, стратегиялардың жеке – дара іріктелуі білім беру саласында манызды рөл атқарады (С.Мирсеитова, 2011).

Қазақ тілі оқу Бағдарламасында:

«Қазақстан Республикасының көпұлтты сипаты мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің Еуропалық жүйесі сарапталды.

Оқыту қазақ тілді емес мектептердің сыныптарында «Қазақ тілі» пәні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тілді үйренуге, қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйді ескере отырып, 1-сыныптан бастап оқытылады.

Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдар арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.» дей келе,

«Қазақ тілін» оқытуда – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.» деп мақсат қоя отырып, оқыту қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін үйрету үшін Мемлекет қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне үлкен сенім артып отыр деп түсінемін.

Сондықтан мен болатын әрбір сабағыма ерекше дайындаламын. Әсіресе, бастауыш сыныптарға ерекше дайындық керек, себебі үйде ата — аналарымен дайындалулары үшін көрнекілік құралдарын, таратпа материалдарды міндетті түрде көп дайындау керек. Сабаққа дайындалғанда өткен сабақтарымды талдай отырып жоспар құратынмын.

Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі курс бағдарламасы аяқталған соң, осы уақыт аралығында үйреніп, өзіме түйіп алған тұжырымдарымды мектептегі тәжірибеден өтуге келгенде қолдана бастадым. Мектепке келген соң да сабақты бірден үйреншікті емес әдіспен бастап кету оңай болған жоқ.

Сабақ жоспарларын құрғанда Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған таратпа материалдарын қарастырдым, сабақтарыма әрбір модульді кіргізуге тырыстым. Жоспар құрып отырғанда өткен сабақ қорытындыларына, модулдерге жеке- жеке назар аудардым. Мен барлық сабақтарымда да, «Сыни тұрғыдан ойлау», «Диалог», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Ақпараттық коммуникативтік технология» модулдерін міндетті түрде кіріктіріп отырдым.

    Осы модульдердің ішіндегі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін ерекше айтқым келіп отыр.

    Үшінші деңгейдегі Мұғалімдерге арналған нұсқаулығында «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін — өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емитихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты.

    Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау неліктен оқытуды және оқытуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата – аналары бағалауды оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және ОүБ ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.» деп жазылғандай бағалаудың түрлерін сабақтарда қолдана бастадым. Бір модуль бойынша есеп жазуда бағалауды алғаным, тәжірибе кезінде сабақтарымда формативтік бағалау түрлерін енгізу мен үшін бұрын қолданбаған жаңа тәсіл болды. Бірінші бетпе – беттің үшінші аптасында қыркүйектің жиырма алтысы күні таратылған таратпа материалдарды қайта қарасытыра бастадым, формативті бағалауда осы материалдарды басшылыққа ала отырып жоспар жасадым. Жоспарға формативтік бағалауды таратпа материалға сүйене отырып жаздым.

    Формативті бағалау мүмкіндігін жоспарлау

Мынаны:

·оқыту мақсаты мен табыстылық өлшемдерін,

·өзжұмысын бағалау үшін оқушылар үшін мүмкіндіті,

·оқушылар үшін басқа оқушылардың жұмысын

бағалау мүмкіндігін,

·оқушылар үшін өз ойларын жалпыға қолжетімді ету

мүмкіндігін

Мыналар:

·оқушылар табыстылық мақсаты мен өлшемдері үшін

түсінгенін және жұмыс істегенін,

·оқушылар табыстылық өлшемдеріне қатысты өз

жұмысын бағалағанын,

·оқушылар басқа оқушылардың жұмысын бағалағанын,

·оқушылар оқыту мақсатымен табыстылық өлшемдерін

талдауға қабілетті болуын.

Мұғалім бағалауынан өзін -өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкінддік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай — ақ мұғалімдерге үдерістен шектеуіне жай ғана бақылауына мүмкіндікбереді.(Блэк 2003)

Өзін — өзі бағалау және сыныптастарын бағалау оқушыларға ойлайтын және оқитын тұлға ретінде өзінің білімін, ағымдағы тапсырмаларды түсінуге, оқыту үдерін жақсартудың жолдарын сезінуге мүмкіндік бере отырып, оқу үшін өзінің ынталануы мен жеке жауапкершілігін арттыруға үлес қосады.

Өзін — өзі бағалау және сыныптастарын бағалау стратегиясына бірінші бетпе беттің төртінші күні таратылған таратпа материалдарға сүйене отырып:

-Оқушыларды баға қоюға тарту

— Топтарда баға қою

— Аңдатпалы мысалдарға сәйкес баға қою

— Жеке бағалау парағы

— Бағдаршам түрлерін кіргіздім.

Бағалау Білім алудағы тиімді әдістердің бір тәсілі болып табылды деп ойлаймын. Мұғалімге арналған нұсқаулықтың үшінші деңгейіндегі 58 бетте: «Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді.

Ал оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады» делінген. «Баға қоюдан» басқа оқушыларды өзара бағалау үдерісіне тартудың көптеген тәсілі бар. Өзін — өзі бағалаудың барлық стратегиясына ортақ нәрсе түрлі критерийлердің қолданылуы болып табылады. (26.09 біріші бетпе бет, таратпа материал )

Осы жолдарға қарай отырып мен де сабақтарымда бағалаудың түрлерін пайдаландым. Бірінші бетпе — беттің үшінші аптаның үшінші күнгі таратпа материалында «Өзін — бағалау барысында оқушылар өздерінің жұмысын бағалау кезінде қолданылатын өлшемдер мен стандарттарды дұрыс түсініуі, өлшемдердің немесе стандарттардың мәліметтеріне сәйкес өзінің жұмысы туралы пайымдауы қалыптастыруды шынайы ұғынуы тиіс, мұғалімнің түсініктемелерін ескерулері және анықталған тармақтарды алдағы уақытта пысықтаулары тиіс», «Мұғалім бағалауынан өзін – өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар.

Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсінуіне сенімділігін арттырады, сондай –ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді.» деп жазылғандай, дәстүрлі сабақтарда өзімнің ғана бағалауыма үйреніп қалған оқушыларға, әрине, бастапқы кезде өздерін, топтарды бағалау қиынға соқты. Дегенмен сабақ соңында бұл әдіс тәсілдер оларға өте ұнады. Оқушылар критерийлерге қарап отырып өздеріне әділ бағаларын қойды. Жұмысқа баға қоюмен ғана шектеліп қалмайтын оқушыларды өзін — өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандырудың көптеген тәсілдері бар. Өзін — өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты — белгіл бір критерийлердің болуында. Бұл — орындалған жұмысқа қатысты сабақ жетістігінің критерийлерін қолдануы мүмкін немесе таныстырылым кезінде оқушылар бір — біріне іске қатысты сұрақ қоя алады. Зерттеулер өзін — өзі бағалау және өзара бағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді. Олар:

— не тексерілуге тиіс екенін түсіну,

— оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға

мүмкіндік беру,

— оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға

және өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін

анықтауға көмектесу үшін керек.

Мен бірінші бетпе беттің төртінші аптасының бесінші күні таратылған таратпа материалдарына сүйене отырып, сабақ барысын бағалаудың мына критерийлерін кіріздім.

1. Оқушылар жалпы немен айналысты

2. Оқушылар нені үйренді.

3. Ол қаншалықты маңызды және қажетті.

4. Ересектер не істедіңіздер?

5. Не оқып үйрендіңіз?

6. Енді не істеуінің керек

Менің таң қалғаным дәстүрлі сабақтарда менің қойған үштік бағама көңілдері толмай, өздерінің сабақта дұрыс жұмыс жасамағандығын мойындағылары келмей отыратын балалардың барлығы осы тәжірибе кезіндегі өткізген сабақтарымда өзін – өзі бағалау кезінде де өз бағаларын әділ қойып отырды. Менің мектептегі тәжірибе кезінде бақылауға алған балаларым сабаққа ынтасы төмен Иванов Иван, Бондарь Анна екеуі де бізге басқа мектептерден келген. Алғашқы келген уақыттарында өздерімен өздері жүретін, сабаққа енжар, үнемі көңілері толмайтын. Иван сабаққа еш қызықпай, жұмыс жасағысы келмей мұғалімнің қойған бағасына қарсылық танытып, жақсы баға неге қоймайды деп селсоқ отыратын. Ал тәжірибе кезінде сабақтарда өзін – өзі бағалағанда сыныптағы барлығымызды таң қалдырып, өзіне сабақтың барлық критерийлері бойынша үштік баға қойып отырды және сол қойған бағаларына түсінік беріп, не себептен өзін осылай бағалағаны жайында түсіндіріп беріп отырды.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың қаншалықты тиімді болғандығы сабақ барысында айқын көрінді. Тәжірибе кезіндегі сабақтарды өткізу кезінде байқағаным, оқушылар сабақ соңында өзінің сабаққа қалай қатысқаны туралы білгендіктен, өз – өздерін бағалағандықтан «Бүгінгі сабақта мен неше алдым?» деген сұрақты қоймайтын болды. Бағалау сабақ үрдісінде әрбір тапсырмаларды орындау кезінде қолданылды. Топтық жұмыстарда топтың жұмысына қателіктер жасаған жағдайларда ескерту жасап отырдым, оқушылар келесі тапсырмаларда ол қателіктерді жібермеуге тырысатын болды, ал жақсы жасаған жұмыстары үшін мадақтау сөздер айтып, алғыс ретінде ұпай сандарын арттырып отырдым, соның себебінен оқушылар да жақсы жасаған жұмыстарын одан әрі қарай жандандыру мақсатында берілген тапсырманы аса қызығушылықпен, белсенділікпен орындағандарын көрдім. Өткізген үш сабақта формативті бағалауды жүргіздім. Соңғы сабақта формативтік бағалаумен қоса жиынтық бағалау, яғни онда тест жұмысын алдым. Тест нәтижесі мені қуантты, себебі оқушылардың ынтасы қаншаға артқанын тест нәтежиесінен көрдім.

Оқушылар өздерін, топтарды бағалап болған соң сабақ соңында оқушылардың қойған бағаларына қарай өзім бағаладым. Сонда оқушылар өздеріне жақсы баға қою үшін тырысып, аса белсенділікпен жұмыс жасады.

Өзін – өзі бағалау, сыныптастарын бағалау оқушылардың жауапкершілік сезімдерін оятады. Оқуға ынталары артады. Әр сабақ соңынан соң балалармен алған бағалары жайында әңгіме жүргізіп отырдым. Оқушыладың басым көпшілігі формативтік бағалауды жақсы деп, өздеріне ұнағанын бірауыздан айтып отырды. Оқушылардың мұндай ой — пікірлерін тыңдай отырып келешекте курс аяқталған соң сабаққа барғанда бағалаудың осы түрлерінің барлығын өз жоспарыма барлық сыныптар үшін кіргіземін деп жоспарлап отырмын.

Өзін — өзі бағалау барысында оқушылар өздерінің жұмысын бағалау кезінде қолданылатын өлшемдер мен стандарттарды дұрыс түсінуі, өлшемдердің немесе стандарттардың мәліметтеріне сәйкес өзінің жұмысы туралы пайымдауды қалыптастыруды шынай ұғынуы тиіс, мұғалімнің түсініктемелерін ескерулері және анықталған тармақтарды алдағы уақытта пысықтауы керек.

Мектептегі тәжірибе кезінде төрт сабағымда да бағалауда смайлдар, бағалау парағын пайдаланып отырдым. Бағалау парағын бірнеше салағабөлдім. Мысалы, бірінші «Табиғат аясында» тақырыбында бағалау парағында мына критерийлерді көрсеттім: мәтінді меңгеруі, аударманы дұрыс, сапалы аударуы, грамматикалық тапсырмаларды орындауы. Оқушылар бірінші критерий бойынша мәтінді толық аша алмадым деп өздеріне үштік баға қойған, ал аударма мен грамматикалық тапсырмаларда төрт, бес деген бағалар қойыпты. Өздерін бағалап, себебін айтып болған соң, басым көпшілігі мәтіннен қиналғанын айтқандықтан мәтінді оқуға ынтасы жоғары өздерін жақсы деп бағалаған оқушыларға талқылаттым. Қалған оқушыларға үйлерінде оқып, сөздіктерді пайдаланып, мағынасын ашып келуге тапсырдым. Екінші сабағымда алдыңғы сабақтағы кездескен қиыншылықтарын ескере отырып қызығушылығы, ынтасы, тіл байлығы, айырмашылықтарын ажыратабілуі бойынша критерийлер жасадым. Мәтінді өздері ойланып, түсініп аудару үшін әр топқа сөздіктер алып келуге тапсырдым. Сабақта тірек сөздер, сөздік кітапшаларын тараттым. Сабақ соңында бағалауда оқушылар өздерінің қойған бағаларына риза болып, тапсырмаларды орындауда көп қиналмағандарын айтып жатты. Өзін — өзі бағалау тәсілі оқушылардың барлығына ұнаған екен. Өзін – өзі бағалауда бағалау парағын тараттым. Топтарды бағалауда стикерлер қолдандық. Осы төрт сабақтың қорытындысы бойынша мен оқушыларымнан көп өзгерістер байқадым. Өзін – өзі бағалауда, топтарды бағалауда аса жауапкершілікпен қарап, оқуға құлшынысының артқаны мені қуантады. Бағалаудағы алған әсерлерін ата- аналарына қуанышпен жеткізіп отырады.

Топтық бағалауда өз құрбысының жұмысын бағалау үрдісінің оқытушы жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар оқу пәнін анық түсінуді, сондай – ақ, бірқатар мақсаттарды талап ететін өздерінің сыныптастарының жұмысы туралы пікір қалыптастыруға тиіс. Оқушыларға бағалаудың формативтік түрі ұнағандықтан, формативтік бағалау туралы өз пікірлерін қағазға жазуларын сұрағам. Сонда көбісі орысша жазған дегенмен шын ниеттерімен жазғандығы көрініп тұрды.

Тіпті оқу үлгерім төмен Ислам атты бір оқушы « Я всегда возмущался когда учителя мне выставляли тройки, даже получал по некоторым предметам двойки. Всегда думал может я не нравлясь учителям поэтому ставят одни тройки, у меня же за четверть никогда не было отметок четыре, не говоря уже о пятерке. Теперь когда стал оценивать сам себя понимаю, как тяжело оценивать учеников когда они на уроках плохо работают. Мне стало стыдно за себя. Я дал себе слово, что буду теперь заниматься.» Яғни, оларға көтермелеп, уәждерін көтеру көңіліне жағымды әсер туғызады. Осы бағалау түрлері оқушыларыма өте ұнады. Келешекте осы бағалаудың түрлерін басқа да сабақтарда пайдалансақ деп өтініш те жасады. Мен оқушыларға өз тарапымнан сабақтарымда тұрақты түрде қолданатынымызды айттым. Оқушылардың өздерінен де бағалаудың өздеріне ұнайтын түрлерін қарастыра берулерін сұрадым. Екінші бетпе – бет аяқталған соң мектепке жұмысқа барғанда міндетті түрде бағалаудың өздері ойлап тапқан түрлерін қарастырып, қолданатымызды айттым. Өзін — өзі бағалау, топтарды бағалау өздеріне қалай ұнағанын оқушылар ата — аналарына қуанышпен айтып отырды. Сондықтан, мен ата – аналар жиналысында оқушылардың бағалау арқылы жеткен жетістіктерін ата – аналарына көрсетем деп оқушылардың жұмыстарын, бағалау парақтарын жинап қойдым.

Мен үшін маңыздысы алдымда отырған оқушы сапалы білім алып, болашақта сол алған білімін қолдана алуында. Ата аналар мұғаліммен бірігіп жұмыс жасаса, әрине, келешекте оқушыларымызды биік шыңдардан көруге болар еді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Білім туралы заң;

2.Қазақ тілі бағдарламасы;

3.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы (үшінші деңгей);

ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

курсының бағдарламасы бірінші бетпе – бетіндегі

таратпа материалдар

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

БаяндамаҚазақтың Сен – Сұлтанысың

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129995

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 17 ақпан 2015 в 13:09 0
Жақсы екен.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар