Ақпараттық технологиялар арқылы сабақты ұйымдастырудың инновациялық әдістер бойынша жеке оқу бағдарламаларын жасау

Ақпараттық технологиялар арқылы сабақты ұйымдастырудың инновациялық әдістер бойынша жеке оқу бағдарламаларын жасау

Орындаған:

Султамуратова М.Б.

Тақырыбы: Ақпараттық технологиялар арқылы сабақтыұйымдастырудың инновациялық әдістер бойынша жеке оқу бағдарламаларын жасау

Мақсаты:Оқушылардың дүниетанымын және білім қорын кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны терең меңгерген, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз Отанын шексіз сүйетін, мемлекеттік тілді құрметтейтін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

-оқушыға білім, білік, дағдыларын игерту;
— ақпаратты техниканы меңгеруін, инновациялық жаңа мәліметтерді қабылдай алу мүмкіндіктерін арттыру, ойлау, қиял, яғни өз ойын еркін жеткізе білетін тұлғаны тәрбиелей отырып,
-жаңа технологиялардың тиімді жолдарын қолдану;
— оқушылардың білім сапасын жүйелі түрде жоғары деңгейге көтеру;

Күтілетін нәтиже:

коммуникативті және интеллектуалды біліктілігінің дамуы;
— оқушының информатикалық терминдерді білуі, ойлау қабілетінің дамуы;
— шығармашылық жұмысқа қабілетті, өзіндік ой — өрісі дамыған, ізденімпаз, терең білімді тұлға болуы;
— оқушылардың ойлау қабілетін компьютерлік дамытушы ойындар арқылы дамуы;
— өзіндік танымдық іс — әрекеттерін ақпараттық ортада қалыптастыру;
— оқушыларды ақпараттық қоғамның негізгі талаптарын қанағаттандыратындай деңгейге жеткізу.
— жеке компьютерді және құрылғыларды таңдауды негіздейді;
— ақпарат көздері: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, Интернетті қолдана отырып, қысқа хабарламалар дайындайды;
— жеке коммуникацияның қазіргі заманғы құралдарын пайдаланады;
— ақпараттық мәліметтердің ұқсастығын тауып, оларды ажырата алады және ақпараттардың есепті шешу үшін жеткіліктілігін анықтайды;
— вирустардың кіру мүмкіндігінен ақпаратты қорғау ережелерін қолданады.

Кіріспе

Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.

Елбасы: «XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерім аралығын жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік мониторингтер, сауалнама жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз:

Әрбір оқушының өздігінен білім алуының меншікті траекториясын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды, ақпаратпен жұмыс істей алу біліктілігін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін дамытады, таным процесін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді.

Ақпараттық технология- оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етеді.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту — білім берудің бір бөлігі.

Соңғы жылдары заман ағымына сай білім беру жүйесі электрондық байланыс, онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Күнделікті сабақта компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет қолдану жақсы нәтиже беруде.

Интерактивтік оқыту технологиясы– бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады…

Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Интерактивті тақта- топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселерді шешуге көмектесе алады.

Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор.

Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. ал егер де керекті материалдың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.

Бастауыш сынып үшін бұл білімнің мақсаттарын анықтатаудағы басымдылықтарының ауысуы: мектепте алғашқы сатыда білім алу мен тәрбиенің нәтижелерінің бірі ол – баланың заманауи компьютерлік технологияны меңгере отырып білім алуға дайын болуы.

Осыларды жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімініңтәжірибелік қызметінде балаларды үйрету үшін білім беру мен тәрбие жұмыстарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың қажеттілігі туындады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың бастауыш сыныптардың сабағында қоршаған ортадағы ақпараттық ағында бағдар таба білуге, электрондық-техникалық құралдар арқылы ақпарат алмасуға, қажетті ақпаратпен жұмыс жасай білу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану сабақты біржақты түсіндіруден екі жақты байланыс арқылы түсіндіруге ауысады. Бұнда оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысу арқылы берілген материалдарды оңай меңгеруге мүмкіндік алады. Балалар «сабақты түсіну қиын деген» ойларынан оңай арылады. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:

1.оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға;

2.сабақты жоғары эстетикалық дәрежеде өткізуге (әуен, анимация);

3.әр оқушыға түрлі деңгейдегі тапсырмалар бере отырып әрқайсысымен жекелей жұмыс жасау.

Осылайша, заманауи мектепте білім беруде оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі күн мұғалімі өзі беретін пәні бойынша АКТ қолдана отырып сабақ дайындап оны өткізе білуі тиіс. АКТ қолдануымен өткізілетін сабақ бұл – түсті бояудағы көрнекі, ақпаратты, интерактивті, оқушы мен мұғалімнің уақытын үнемдейді, балаға өз жылдамдығында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, әр оқушымен жеке жұмыс жасауға ыңғайлы, білім сапасы мен нәтижесін жылдам және толық бағалауға да мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардыңбілімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызады.

Бұл мәселені шешудіңнегізгі мақсаты білім беру үрдісін жетілдіру, бірыңғай білім беру ортасын құру, білім беру сапасын арттыру. Ол үшін мыналар қажетті:

1.әр түрлі пәндік салаларды интеграциялау;

2.пәнді оқытудың дәстүрлі жүйесін модернизациялау;

3.білім беру ресурстарын жинақтау;

4.мұғалімнің заманауи ақпараттық технологияларды игеруі;

5.тұлғалық-бағытталғаноқутуды ұйымдастыру;

6.оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім арасында шығармашылық өзара байланыс.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер шешілуі тиіс:

1.оқушыларда заманауи ақпараттық технологиялар кеңістігінде бағыт-бағдар таба білу дағдыларының дамуы;

2.жүйелі-талдап ойлай білетін адамдарды тәрбиелеу;

3.оқушылар мен мұғалімнің шығармашылық бірлесіп жұмыс жасауына жағдай қалыптастыру және дамыту;

4.оқушыларда компьютерге деген танымдық құрал ретіндегі көзқарасты қалыптастыру;

5.білім беру қызметінің барлық бағыттары мен формаларында АКТ қолдана білу.

Болашақта отандық білім беруде басқа да білім беру формаларын енгізу қажет. Бүгінгі күннің өзінде барлық өзектілігімен АКТ негізінде қашықтықтан оқыту мәселесі тұр. Егер біз оқушыларымыздың расында жүгін жеңілдеткіміз келсе, онда бұның шешімін АКТ қолдану мен қашықтықтан оқытудан іздеуіміз керек. АКТ тек білім беру үрдісінде ғана емес тәрбие жұмыстары мен ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстарда да қолдануды үйрену керек.

Оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі таңда білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды. Яғни, оқу үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану:

1.оқу үрдісін жетілдіруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың беретін мүмкіндіктері;

2.бастауыш мектепте мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкін нұсқалары;

3.ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану үшін пән мұғалімі мен оқушыға осыған сай дағдылары мен білімінің болуы.

Қазақстан Республикасы «Білімді дамытудың 2011-2020 бағдарламасына» сәйкес ақпараттық қоғам құруға көшуде. Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті — қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда.

Қазіргі білім беру электрондық оқытуға көшу жолында жер-жерлерде ақпараттық технологияларды — компьютерлер, программалар, ақпаратты сақтау және тарату құралдарын т.б. қолдануға негізделген. Ол өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің түлектерімен қатар бастауыш сынып оқушыларының білімдерінің өзгерістерінжедел бақылауға мүмкіндік береді.

Расында, мектеп түлектерді қазіргі заман өндірісі жағдайында — ақпараттық технологияны қолдана алатын, өндірістік қызмет үрдісінде жұмысқа дайындауы керек. Бұл тек компьютердің тетіктерін басып, түрлі бағдарламалармен жұмыс жасау деген түсінік емес, ол ақпаратпен жұмыс жасай білу, ақпаратқа сараптама жасай білу, дұрыс сараланған шешім қабылдай білу, қабылданған шешімді соңғы нәтижесіне дейін жеткізу болып табылады.

Ақпараттық қоғамға көшу үрдісі ол ақпараттандыру деп аталады. Мектептер де қазіргі қоғамға сай болуы үшін ақпараттық технологияны қолданып оқыту негізіне көшуі керек. Сондықтан да білімді дамытудың басым бағыты ол – электрондық оқуға (e-learning) көшу мәселесіболып табылады. Осыған орай, білім беру мекемелерін ақпараттандыру мәселелері тек информатиканы оқытуды ұйымдастыру ғана емес, ақпараттық технологияларды қолдануды барлық пәндерді оқытуға тиімді қолдану, информатика кабинеттерінің осыған сай жабдықталуы және мұғалімдер мен оқушылардың осындай жаңалыққа дайын болуы.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың берілетін білімді игерулерулеріне айтарлықтай үлес қосады, сабақ материалын балаларға жеткізуді жақсартады, сабақты түсіндіргенде оның көңіл-күйлік, эстетикалық және ғылыми маңыздылығын арттырады.

Компьютерді сабақта қолдану оқушылардыңсол пәнге, оқытушыға деген көзқарасын өзгертеді, тәртіп пен үлгерімді де жақсартады.

Ақпараттық технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы қабылданған ақпаратты есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік береді. Пәнді оқыту барысында мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптардың бірі: ақпараттық мәдениетінің дамуы, яғни: ой-өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыру. Егер де, оқушының пәнге деген қызығушылығы жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім сапасының жоғары болуына әсер етеді.

Бұл мұғалімнің жауапкершіліктері мен міндеттері немесе өмірлік жоспарларын жүзеге асыруда қосымша мүмкіндіктер алу, бостандықтың бір түріне қол жеткізуі, кәсіби өсуі, оқушыларға жақындай түсу, олардың алдында беделінің артуы, балалармен бірігіп атқаратын шығармашылық жұмыстар, компьютерэкранында тірек-конспектісінің болуы, әдістемелік материалының электрондық түрде жүйеленіп сақталуы, басқалардың тәжірибелерін сабақ барысында қолдануға мүмкіндіктердің пайда болуы және т.б. Осының барлығы да мұғалімнің қажет деп тапқан жағдайында оңай қолжетімді болады. Ал, егер мұғалім ізденбесе, алдыға жылжу болмайтыны белгілі. Сондықтан, әр бір педагог алдында осы бағытта өз қызығушылығын тауып, барлық күдік қорқыныштарын артқа тастап, сол тақырып бойынша балалармен бірігіп тереңірек жұмыс жасау керек.

Оқу үрдiсiнде электрондық оқулықты қолданудың маңызы өте зор.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру — ең негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды.

Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивтіоқыту әдісі».

Ақпараттықжәне коммуникативтік технологияларды пайдаланып оқытутөмендегідей нәтижелерге қол жеткізугемүмкіндік береді

üОқу материалын жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;

üАқпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

üИгерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;

üЖеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды, инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану — білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы.

Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын,қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жоғарғы мектепте информатиканы оқыту әдістемесі

Мусатаева И.С., п.ң.к., доцент

    2.«Ақпараттық — қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу»Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...

    3.бағдарлама, Информатикадан 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама

    4.«Жаңа халықаралық білімділер порталы»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119778

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар