Биология сабағына талдау жасау

14 наурыз 2014 - Асем Тургалиева

Биология сабағына талдау жасаудың сұлбасы

Мұғалім               Сынып Тақырыбы

1. Сабақтың мақсаты дұрыс белгіленген бе?

•              Сабақтың білімдік және тәрбиелік міндеттері қалай ашылады? (Қандай жаңа түсініктер мен заңдар зерделенуге ұсынылады? Қандай оқу материалын қайталау жоспарланады? Қандай түсініктер тұжырымдалады? Қандай түсініктер бағдарламаға сәйкес бекітіледі?)

2. Сабақ құрылымының бағдарламалық материал мазмұнына сәйкестігі.

•              Оқу уақытының сабақтың белгілі бір кезеңдеріне бөлінуінің мақсатқа лайықтылығы.

•              Сабақ барысы белгіленген жоспарға сәйкес келе ме?

3. Сабақтың мазмұны.

•              Сабақ мазмұнының бағдарламаға сәйкестігі.

•              Сабақтың ғылыми және идеялық бағытталғандығы.

•              Мұғалімнің оны екінші дәрежелі материалмен артық жүктемелей отырып, оқу материалындағы басты нәрсені бөліп көрсете білуі.

•              Ғылымилық пен қолжетімділік ұстанымын сақтау.

•              Көрнекілік (кестелерді, гербарийді, модельдерді, жинақтамаларды, жанды объектілерді пайдалану).

•              ОТҚ-н пайдалану.

•              Сабақтарда оқу қызметінің басқа түрлерінде алынған оқушылар жұмыстарының нәтижелерін (үйде, экскурсияларда, тірі табиғат бұрышында, мектеп телімінде, табиғатта) пайдалану.

•              Табиғи объектілермен сарамандық жұмыстар:

–             танып білу;

–             қатар қойып салыстыру;

–             бақылау;

–             қысқа мерзімдік эксперимент (егер олар сабақта бар болса).

•              Қосымша әдебиетті пайдалану.

•              Теорияның іс-тәжірибемен байланысы.

•              Оқушылардың табиғат қорғау жұмысымен танысуы.

•              Материалды зерделеудегі жалғастылық.

•              Оқушылардың оқу қызметінің дербестік дәрежесі (пайымдаулардың дербестігі, сезіну, есте сақтау, өзінде бар білімін пайдалана білуі).

•              Үй тапсырмасы (үй тапсырмасына дайындық; тапсырма қашан беріледі; қолжетімділігі, көлемі).

•              Сөздікпен жұмыс.

•              Оқушылардың бағалары.

•              Жеке жұмыс (карточкаларды сауалдама үшін пайдалану).

 

4. Қорытындылар және ұсыныстар.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға5–11 сыныптардағы орыс тілі сабағына талдау жасаудың үлгілік жаднамасы

ҰстаздарғаЗертханалық және сарамандық сабақтарға талдау

ҰстаздарғаЕңбекке үйрету сабағына талдау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084834

Теги: үлгі
Пікірлер (1)
Серік Ұзақбайұлы # 7 қаңтар 2015 в 00:48 0
География пәніне әйкестендіріп алуға болама?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар