Диалогтік оқытудың оқу үдерісіне оң ықпалы

4 қаңтар 2015 - Гулжан Өскенбаева
Диалогтік оқытудың оқу үдерісіне оң ықпалы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түркістан қаласы

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі

Өскенбаева Гулжан Центрханқызы.

«Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы», яғни табысты диалог құру арқылы оқушы мен мұғалім арасында ұжымдық сенімді ынтымақтастық орнайды, сонымен қатар оқушылардың зияткерлік қабілеттері ерекше қарқынмен дами бастайды.

Диалогтік оқытудың оқу үдерісіне оң ықпалын көптеген ғалымдар мойындаған. Әсіресе, Мерсер мен Александер бұл модуль турасындағы зерттеулері маған көп ой салды. Бірінші бетпе-бет кезеңінде сыныпта талқылаудың үш түрімен таныстық (пікірталастық, кумулятивті, зерттеушілік). Осы талқылаулардың ішінде зерттеушілік талқылаудың басымдыққа ие екендігін Мерсердің және Александердің зерттеулерін зерделей отырып, оқып-білдік, алайда тәжірибе кезеңінде бұл оқыту әдісінің оқушыларға, олардың ұжымдық білім мен түсінік қалыптастыруына тигізер игі әсері мол екеніне көзім анық жетті. Жапонияның білім беру жүйесінде зерттеушілік әңгіме оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Соның нәтижесінде бұл ел ерекше даму даңғыл жолына түскен. Оқушылар әр түрлі тақырып төңірегінде өз ойын талқылап, болжамдар ұсыну арқылы танымдық әлеуеті артады және жан-жақты дамиды. Орта мерзімдік жоспардағы «Орманның денсаулыққа пайдасы» тақырыбы зерттеушілік талқылауға сұранып тұрғандай көрінді. Сол себептен мен оқушыларға сұрақ қоюдың сынақтан өткізу техникасын пайдалана отырып және «Ойлан, жұптас, талқыла!» әдісімен жүргіздім. Осы тақырыпқа байланысты мына сұрақтарға байланысты зерттеу жүргізуді тапсырдым.

    ·Орман деген сөзге қандай анықтама беріңдер?

    ·Орман адам денсаулығына қандай әсері болуы мүмкін?

    ·Орманда өсетін қандай ағаштар, өсімдіктерді білеміз? Олардың қандай қасиеті бар деп ойлайсыңдар?

    ·Орманның таза саф ауасы адам бойындағы қандай ауруларға ем деп ойлайсың?

    ·Сен орманда дем алып көрдің бе?

    ·Сенде орманда дем алу кезінде қандай сезім болды?

    ·Орман несімен жұмбақ деп ойлайсың?

    ·Өмір бойы орманда өмір сүрген адамның денсаулығы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Әсіресе соңғы сұраққа дәйекті анықтамалар келтіріп, өз ұсынған идеяларын дәлелді келтірулерін сұрадым. Бір айта кетерлік мәселе — оқушылар бұрынғы сабақтарда зерттеу жүргізіп көрмегендіктен және дайын материалдарды пайдаланып үйренгендіктен тақырып бойынша үлкен табысты зерттеу жүргізе алды деп айта алмаймын. Бірақ оқушылардың зор талпыныс жасағаны маған ұнады және бірден зерттеу жүргізіп кету оқушыларға бірінші кездері оңай соқпасын мен алдын ала болжағанмын. Мұғалім ретінде оқушылардың ойлануына мұрша бермей, дайын күйінде барлығын түсіндіріп, талдап беру оқушыларға еш пайдасы жоқ нәрсе екенін тәжірибе жүргізу арқылы жақсырақ түсінгендей болдым. Зерттеуді өте жоғары деңгейде жүргізбесе де, оқушылар бірге ойланып (бұл оқу процесінде өте маңызды фактор екені белгілі), «Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түсті. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлеледерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылататанын» (МАН 51 бет) оқушылардың талқылау жүргізу үдерісін бақылау барысында байқадым.

Бұл тапсырма арқылы мен сабағыма оқудағы жаңа тәсіл модулін кіріктірдім.

Өткен сабақтарды еске түсірген соң, жаңа сабаққа назарларын аудару үшін оқушыларға флипчартка тараттым. Оқушылар оған өз топтарының атауларына байланысты кез-келген сөздер(кемінде 10-15 сөз) топтамасын жазуды тапсырдым. Оқушылар тез ойланып, сауатты түрде тақырыпқа қатысты мағыналы сөздер табуға талпынды. Жылдам қимылдады, белсенділік танытты. Келесі тапсырма сол тапқан сөздеріне сөз тіркестіріп, мағыналы, ең кемінде 8 сөз тіркесін құрау тапсырылды.

Оқушылар бұл тапсырманы да өте белсенді орындады. Бірақ осы тапсырманы беру арқылы мен оқушылардың сөз тіркесі мен сөйлемді ажырата білмейтіндіктерін анықтадым. Сөз тіркесінің орнына кейде сөйлем құрап жатты. Мысалы: Жел тұрды, жауын жауды деп сөйлем мен сөз тіркесінің аражігін ажырата алмады. Құраған сөз тіркестерін тексеріп, дұрыс емес жерлерін өздеріне тексерту арқылы енді сөз тіркесінен кемінде 15 сөзден құралған сөйлемдер құрауды тапсырдым. Бұл тапсырмада жауын тобы белсенділік танытып, сөйлемін ең алғашқы болып бітірді. Олардың құраған сөйлемдері: Жауын адам денсаулығына және көңіл-күйіне оң ықпал етеді, өйткені жауын арқылы жер-көк жасыл желекке оранады, ал жайқалған табиғат аясы адам денсаулығына пайдасы жайлы бәріміз білеміз. Оқушылар осы секілді сөйлемдер құрап, өз білімдерін көрсетті. «Қар» тобы бірлесіп, эмоциялы сөйлем құрай білді: Мен қыс мезгілінде адамның жанын керемет күйге бөлейтін аппақ ұлпадай қар жауған шақты ерекше жақсы көремін, өйткені қар адамды тазалыққа, адалдыққа тәрбиелейтіндей көрінеді. «Жел» тобы өз ойларын жинақтай отырып, келесідей сөйлем құрастырды: Жел тұрса адамның мазасын алады, бірақ желдің де пайдасы зор, мысалы біздің елімізде «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде болашақтың энергиясы жобасын осы желді қуат көзі ретінде алғандығы тегін емес. Сөйлемдері сәтті шыққан топтарды «екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясымен топтық бағалау жүргіздік. Өз топтарымен жасаған жұмыстарының сәтті шыққан тұстарын екі стикерге жазып жабыстырды, ал бір тілекке топқа әлі де жақсартуға болатын бір ұсынысты жазады. Топ мүшелеріне қар, жауын, жел сөздеріне байланысты өлең шығару немесе рөлдік ойын ұйымдастыруды тапсырамын, яғни оқушылар әртүрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетуге тырысады. Белгілі бір салада дарыны бар оқушыны анықтау мақсатында осы тапсырманы орындатуды жөн деп таптым. Өлеңдері жоғары дәрежеде шықпаса да, оқушылар өлең құрауға талпыныс жасады. Арасында грамматикалық қателер мен ұйқасының қисыны тұрғысынан қателер жіберілді.Өз алған тақырыптарына байланысты рөлдік ойын немесе әсерлі әңгіме, не болмаса эстетикалық талғамы жоғары сурет салу қажеттігін айттым.

Ой толғау немесе ой шақыру бөлімінде оқушыларға мынадай тапсырма бердім: оқушылар бір-біріне тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырады. Мысалы. Қар тобына жауын тобы Қардың дыбысы неге шықпайды деп ойлайсыңдар? Деген сұрақ қойды. Қар өте жеңіл әрі ұлпадай болғандықтан, оның даусы шықпайды. Ол аспаннан қалқып, еш дыбыссыз жауады. Қар қаншалықты қатты жауса да, жапалақтап жауса да оның дыбысы шықпайтыны сондықтан.Мысалы, жаңбыр судан жасалғандықтан, оның массасы ауырлау болады және жаңбырдың даусы қатты шығады деп жауап қайтарды.

Жауын жаумайтын елді көз алдарыңызға елестетіңіздерші, қандай болады деп оайлайсыңдар? Деген сұрақ қойды жел тобы жауын тобынан. Әрине, жауын жаумаса, жер көгермейді, ал жерге көк шықпаған соң, ауаның ластануы, адам денсаулығының нашарлауы көрініс табады. Жауын егіннің жайқалып өсуіне, соның нәтижесінде бидайдың жайқалып өсуіне ықпал етеді. Бидай өссе, біздің қарнымыз тоқ болатынын бәріміз білеміз. Біздің ойымызша, жауын жаумйтын елдің әлеуметтік және экономикалық жағдайы нашар болады деп ойлаймыз.Жауын тобы жел тобына мынадай сұрақ қойды: Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды деген мақлды қалай түсінесіңдер? Жел ьобының бұл сұраққа жауабы былайша өрбіді: Бұл мақал емес, мәтел. Яғни мағынаны ашып айтпай, тереңнен түсінуді қажет етеді. Бұл мәтелде, қандай да бір адамдар арасында белгілі бір сөз тараса, оның түбінде бір шындығы болады, яғни сөз бекерден бекер адамдар арасына тарамайды деген мағынаны ашу үшін шыққан мәтел деп есептейміз.

Табиғат құбылыстары турасында мына мәселелер жөнінде ойланыңыз!!!

Пайдасы(яғни қардың немесе желдің, жауынның жалпы пайдалы тұстарын айтып шығулары тиіс.) Осы сұрақ төңірегінде мынадай жауаптар қайтарды:Қар қыстың сәнін келтіретін жаратқанның ерекше туындысы.Қардан балаларды қуантатын аққала жасауға болады немесе мұзға айналдырып, мұз қалашығын жасап, адамды ертегілер әлемінде жүргендей сезіндіретін қасиеті бар.желді кей елдер энергия көзі ретінде пайдаланады. Жауын жауса, ел көгерер демекші, жауын жерімізді көгертіп, бізді мол қуанышқа бөлейді. Зияны(Қар көшкіні болғанда адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.Қар тым көп жауғанда адамдарды біраз әбігерге салады.Жауынның артынан сел болуы ықтимал. Бүкіл елдімекендерді су басу қаупі тууы мүмкін.Желден кейін боран болады.Одан кейін не болады?Қардан кейін жер-көк ақ көрпеге оранады.Қалай пайда болады? География сабағында оқыған-білгендерін ортаға салды.Оның дыбысы(Жел-уілдейді, жауын-тамшылап, тарсылдап, шелектеп су құйып жатқандай ерекше қарқынмен жауады, Қар дыбыссыз жауады.)Түсі, ерекшелігі(Қар мен жаңбырды көзбен көруге болады, ал жел көзге көрінбегенмен, оны сезу мүшелеріміз арқылы сеземіз. Қар ақ түсті, ал жауынның мынадай түрлері бар: ақ жауын, нөсер жауын т.б.)Адамға жағымды әсері. (Табиғат құбылыстары адамға әсері әртүрлі болады. Оның ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы самал жел адам жанына жайлылық сыйлап, кейде самал желдің өтінде демалғанды жақсы көреді. Қар ақырындап жауып жатқанда серуендеу адамға ерекше әсерлі болады. Ақ жауынның астында жүрген адам ерекше тыныштық табады. Бүгінгі өтілген сабақты қорытындылап, бекіту үшін «Қар лақтырысу» ойынын ұйымдастырамын. Оқушылар берілген парақшаларға бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен үйреніп білген нәрселерін жазып, оны қар сияқты домалақтап, оны бір-біріне лақтырады.Домалақтанған қарды алған оқушы оны ашып жазғандарын өзі де толықтырады.Осылайша сабақты қорытып, үйге тапсырма беремін. Табиғаттң таңғажайып құбылыстары тақырыбында эссе жазып келуді үйге бердім.

Сабағыма ойша қайта оралатын болсам, өзгеретін, қайта құрастыру қажет жерлері көп екенін байқадым.Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабақ болғандықтанжаңаша оқыту әдістерін енгізуде кедергілерге тап болдым. Сабақта қиындықтар да кездесті. Мен сабақты жоспарлау және өту барысында қиындықтар кездескенін орынды деп ойлаймын, өйткені кедергі бар жерде ойлау бар, адам ойлану арқылы кедергілерді жеңеді, соның нәтижесінде табысты оқытуға қол жеткізуге сәтті қадам жасауы мүмкін. «Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» — жаңаны білу жолында кезекті қадам» (МАН 36 бет). Ең басты кедергі мен жоспар құру барысында мақсатыма жетуге көмек беретін оңтайлы әдіс-тәсілдерді таңдауда кездесті.Табиғат құбылыстарын ауқымды түрде аша алмадым-ау деген ой келді, өйткені қар, жел, жауын топтарына бөлу арқылы сол шеңберден ары қарай балаларды ойландырып, табиғаттың басқа да құбылыстарымен кеңірек таныстыруға болатынын кейіннен түсіндім.Оқытудың әдіс-тәсілдері жайлы әлі де ізденіп, білімімді толықтыратын боламын. Келесі сабақтарымда осы жайттарды ескере отырып жоспар құрауға шешім қабылдадым.

Айтылған мәселелердің тобықтай түйінін келтіретін болсам, бағдарлама мазмұнымен таныса отырып, маған ерекше ой салған мәселе – мақсатты қолжетімді, сабақтың аяғында жетуге болатындай нақты әрі дәл қоя білу. Сабақтың мақсаты оның нәтижесіне ықпал ететіні белгілі.

Сабағымды өтіп болған соң өз-өзіме бақылау жасап, сабаққа іштей анализ жүргізіп, өз-өзімді бағаладым. Оқушылар сабақта өз-өзіне бағалау жүргізсе, мұғалім де өзінің деңгейін бақылай алады деп ойлаймын. Менің тәжірибемдегі үлкен өзгеріс осы мақсатты қоя білу және оған жетудің жолдарын іздестіріп, міндетті түрде нәтижеге жетуге кедергі келтіретін қиындықтарды анықтап, оны жеңе білуге талпыну.

Мысалы мен жаңа технологияларды оқытуда жаңа тәсілдер модуліндегі диалогтік оқыту тәсілін ерекше зерттегім келді. Оны зерттеу барысында менің байқағаным: оқушылар сыныпта зерттеушілік әңгіме жүргізу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды, сонымен қатар ой-тұжырымдарын жеткізу барысында және табысты талқылау арқылы зияткерлік қабіліттері ашыла түскендей болды, яғни оқушылар арасында дарынды және талантты оқушылар өздерін көрсете білді, көшбасшы оқушылар байқалды, сонымен қатар топтағы өзге достарының пікірлерімен санаса отырып, оқушыларды әлеуметтік-жағдаяттық тәсілге сәйкес, «басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез қалай қалыптасатынын түсінуге болады» (Бандура 1977).

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтері«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша есеп

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

БастауышСабақ-саяхат. Математика.4 сынып

ҰстаздарғаТізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

БаяндамаТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141993

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар