Дилогтық оқыту жайлы мұғалімдердің функционалдық сауаттылықтарын арттыру

20 қаңтар 2015 - ЛЯЗАТ АЙГАЛИЕВНА
Дилогтық оқыту жайлы мұғалімдердің функционалдық сауаттылықтарын арттыру

«Диалогтық оқыту жайлы мұғалімдердің функционалдық сауаттылықтарын арттыру» туралы коуч сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы

«Диалогтық оқыту жайлы мұғалімдердің функционалдық сауаттылықтарын арттыру»

Жалпы мақсаты

Диалогтық оқыту мен топтық жұмыс, ондағы әңгіменің түрлері және сұрақ қоюдың әдіс-тәсілдерін сабақта қалай қолдануға болатынын зерделеу.

Түйінді идеялар

Диалогтық оқыту оқушылардың білім сапасын арттыруға әсерін тигізуі ықтимал.

Диалогтық оқыту, топтық жұмыс, сұрақ қоюдың түрлері жекелеген оқушылардың беймәлім әлеуеттерін ашуға көмектесуі мүмкін.

Оқу нәтижелері

Диалогтық оқыту, топтық жұмыс жекелеген оқушылар үшін ынталандырушы тапсырмаларды енгізу үшін қандай өзгеріс қажет екендігін ұғыну.

Диалогтық оқыту мен топтық жұмыстағы әңгіменің түрлері мен сұрақ қоюдың түрлерін зерделеп, оқушыларға қолдау көрсету.

Іс-әрекет жоспары

1.Ойсергек. Жұмбақты шешу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттері мен жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру.

2.Таныстырылым. Диалогтық оқыту, топтық жұмыс, сұрақ қоюдың түрлері туралы (МАН бойынша 98-бет)

3.Диалогтық оқыту мен топтық жұмыстың, сұрақ қоюдың түрлерінің тиімділігі мен қажеттілігі жайлы рефлексия жасау.

Жаттығулар

Ойсергек. «Джон мен Билл»

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Мұғалімдердің сұрақ қоюдың түрлерін постер дайындау арқылы қорғау.

Диалогтық оқыту, топтық жұмыс, сұрақ қоюдың түрлері сыныптағы білім сапасына оң әсерін тигізетіндігінің мағынасын ашу.

Үш топ бір-бірінің жұмысын оқиды. Бір-біріне екі жұлдыз, бір тілек айтады.

Қосымша оқу

Диалогтық оқытудың әдіс-тәсілдерімен мұғалімдерді таныстыру (МАН бойынша, 98-бет)

Әдістің ерекшелігі

1.Мұғалімдер өздері дайындаған жұмыстарын топ бойынша алмасып, шынайы бағалайды.

2.Мұғалімдер өздері диалогтық оқыту, топтық жұмыс, сұрақ қоюдың түрлері жайлы жұмысты тәжірибелерінде көріп, өздері қарастырып, әзірлейді. Сабақ өткізеді.

Әдістің жетістігі

Мұғалімдер диалогтық оқытудың әр түрлі тектерін пайдаланып көреді.

Қабілеттері ортадан жоғары және жұмысты беріліп орындау әлеуеті жоғары оқушылардың санын көбейту.

Әдістің кемшілігі

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың бойында кез келген істі жұптасып, шағын және үлкен топтарда жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалімдерде болуға тиісті нәрселер

Рефлексия парақтары.

Ойсергектер.

Постер дайындауға керекті заттар.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаТоптық жұмыстың тиімділігі

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083462

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар