Дуальді оқыту- кәсіптік білім берудің басты жолы

17 наурыз 2015 - Меруерт Аманова

Семинар тақырыбы:

Дуальді оқыту- кәсіптік білім берудің басты жолы

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.»

Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа

саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан

ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы бола білу керек.

Дуальдік оқытудың мақсаты:Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКББ жүйесін жаңғырту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кірігу.

Дуальдік оқытудың міндеттері:

Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып ТжКБ

мазмұнының құрылымын жаңарту;
Экономика салалары үшін кадрлар даярлау инфрақұрылымын дамыту;
ТжКББ мекемелерінде білім алудың беделін арттыру;
Өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау.

Семинар жоспары:

1.Кәсіби-техникалық білімге дуальді оқыту жүйесін енгізу.

2.Коучинг-заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі

3.«Кейс-стади» — кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде.

4.Оқушы рейтингі, білім көрсеткішін анықтау.

Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет

Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білім беру жүйесінің тарихына оралсақ, онда сауатсыздықты жою жолымен алғашқы ағартушулық жолын көреміз. Ең бастысы ата-бабамыз кітапты оқып білуді, әріпті жаза алуды көздесе, қазіргі кезде жастарымыздың оқу сауалы жоғарлады. Көптеген оқу орындары, оның ішінде мектептер, колледждер, университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің мазмұнына талдау жасау өте қиын.

Республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы туралы жаңа ұсыныс кеңестер айтылып қана қойылмай жүзеге асуда. Сондай ірі жобалардың бірі – оқытудың дуальді жүйесі. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын оқу мекемесінде өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулынады.

Бұл жүйе қазіргі кезеңде Қазақстанның біраз оқу орындарына енгізілгенімен өзінің нақты бір жолына түспеген. Осы бағыттағы жұмыстар жүйенің тиімділігін түсіндіру мақсатындағы семинар-жиналыстар өткізумен, дуальді жүйені енгізу мүмкіндігі бар оқу орындарын, корпорацияларды таңдау бағытында жүргізілуде. Бұл жұмыстардың қазіргі кездегі ең ірісі болып осы 2012 жылдың қыркүйек айында ғана Астанада өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында оқытудың дуальді жүйесін енгізу аясындағы әлеуметтік серіктестік туралы үшжақты Келісім-шарттарға қол қою болып отыр.

Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білім беру жүйесінің тарихына оралсақ, онда сауатсыздықты жою жолымен алғашқы ағартушулық жолын көреміз. Ең бастысы ата-бабамыз кітапты оқып білуді, әріпті жаза алуды көздесе, қазіргі кезде жастарымыздың оқу сауалы жоғарлады. Көптеген оқу орындары, оның ішінде мектептер, колледждер, университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің мазмұнына талдау жасау өте қиын.

Республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы туралы жаңа ұсыныс кеңестер айтылып қана қойылмай жүзеге асуда. Сондай ірі жобалардың бірі – оқытудың дуальді жүйесі. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын оқу мекемесінде өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулынады.

Бұл жүйе қазіргі кезеңде Қазақстанның біраз оқу орындарына енгізілгенімен өзінің нақты бір жолына түспеген. Осы бағыттағы жұмыстар жүйенің тиімділігін түсіндіру мақсатындағы семинар-жиналыстар өткізумен, дуальді жүйені енгізу мүмкіндігі бар оқу орындарын, корпорацияларды таңдау бағытында жүргізілуде. Бұл жұмыстардың қазіргі кездегі ең ірісі болып осы 2012 жылдың қыркүйек айында ғана Астанада өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында оқытудың дуальді жүйесін енгізу аясындағы әлеуметтік серіктестік туралы үшжақты Келісім-шарттарға қол қою болып отыр.

Мемлекет басшысы ұлттық әл-ауқат Қорына негізгі кәсіпорындардың тізбесін анықтауды және Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты индустриалды дамыған мемлекеттерде сәтті қолданысқа енгізілген, жұмыс кадрларын дайындаудың дуальді моделін енгізудің қадамдық жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Негізі дуальді жүйені енгізу шаралары 90-шы жылдардың соңында басталған. GIZ Герман қоғамымен бірлесіп, Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарының үш білім ошағында алғаш қолданылған болатын. Мамандардың айтуынша, тау-кен саласындағы дуальді оқыту бойынша «Қазақмыс» корпорациясының екі колледжі мен Павлодар электролиз зауыты тәжірибелері ерекше атауға тұрарлық. «Қазақмыс» корпорациясы АҚ-ның Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы колледждері құрылғаннан бері дуальді оқыту жүйесін қолданады.

Жалпы Қазақстан бойынша жоғары білім берудің дуальді жүйесі 9 педагогикалық және 22 техникалық ЖОО-ға енгізілу жоспарлануда.

Осы енгізіліп жатқан оң өзгерістер қатарынан мамандар даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальді жүйесі дамыған елдерде өз нәтижесін беріп отыр. Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция сынды дамыған елдерде кеңінен қолданылуда. Соңғы жылдары оған Қытай және Азиядағы басқа да елдер қосылған. Германияда дуальдік жүйе жақсы дамыған, бұл елде оқушылар уақыттарының 3/4 бөлігін өндірісте өткізеді, сонда еңбек етіп, шеберліктерін шыңдайды, ал қалған уақытын теориялық білім алуға жұмсайды. Демек, дуальді жүйенің өзектілігі оқытудың өндіріспен тығыз байланыстылығында болып отыр.

Дуальді жүйені біздің елімізде іске асырудың мәні зор. Өйткені қазір елімізде жастарға кәсіптік-техникалық білім беруге маманданған 896 білім ошағы бар. Бүгінде аталған білім ошақтарында 600,0 мыңнан астам жас түрлі мамандықтарды игеруде. Бүгінде кәсіптік техикалық білім ошақтарында тәлім алған жастардың басым бөлігі алған мамандықтары бойына жұмысқа тұра алмай жатады. Сондықтан кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, замануи басқару жүйесін енгізудің маңызы зор. Бұдан басқа оқу бітірген жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесін де кезек күттірмей шешуді талап етуде.

Қазіргі таңда осы жүйе бойынша маман дайындауға ден қойған Алманияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3%-ды құрап отыр. Ал Германияда бұл көрсеткіш 7,8%-дың деңгейінде. Бүгінде Германиядағы 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7%- болса, бұл көрсеткіш Грекияда 45, Испанияда 43, Францияда 30, Италияда 28%-ды құрайды. Осыдан-ақ, бұл жүйенің жұмыссыздық мәселесін шешуде қаншалықты маңызды екенін байқау қиын емес. Кәсіптік-техникалық маман дайындаудың дуальді жүйесінің сәтті іске асуына бизнес, оқушы және мемлекетке тікелей мүдделі болуы шарт. Қазіргі таңда Германияда бұл жүйе бойынша тәлім алған жастардың 80%-ы шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеуде. Ал қалған 20%-ы ғана ірі кәсіпорындарды, яғни «Фольксваген», «Мерседес» сынды алпауыт концерндерге жұмысқа тұрған. Жастар оку мен еңбекті қатар алып жүреді. Керек десеңіз, жалақы алып, өз қажеті үшін ақша табатын мүмкіндігі бар. Қазір Германияда дуальді жүйесі бойынша тәлім алып жүрген жастар 4 күн кәсіпорындарда білігін шыңдаса, 1 күнін оқуға арнайды.

Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары:

-Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғандағы осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті:

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген;

-қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу

мен дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін

атқаруға тікелей қатысты;

сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты қызығушылығы;

тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.

Оқу үдерісін дуальді форма бойынша ұйымдастыру үшін сабақ басталғанға дейін «колледж–кәсіпорын–студент» атты 3-жақты шарт жасалады, ол жерде оқу үдерісі кестесі (колледждегі теория сабақтары, практикалық сабақтар, кәсіпорында практикадан өту), әр нақты студентке кәсіпорыннан тәлімгер мамандар (инженерлер) бекітіледі, оқу мерзімі, оқу ақылары және т. б. көрсетіледі.

Дуальді жүйені толық пайдалану үшін заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет.

Ең алдымен, бизнесті мотивациялау қажет. Білім және ғылым министрлігі басқа

министрліктермен бірлесіп осындай ұсыныстарды қолдайтын болады.

Алдағы міндеттер:

Біріншіден, әр аймақ, әр сала бойынша дуальді жүйені қолдануға мүмкін болатын мамандықтарды анықтау қажет.Екіншіден, салалық және өңірлік кеңестер дуальді жүйені енгізуге әріптес болуға дайын базалық кәсіпорындарды анықтап, оларға қойылатын талапты пысықтауы керек.Үшіншіден, «Атамекен» Одағымен», салалық кеңестермен, жұмыс берушілермен бірлесіп, дуальді модельді енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу қажет.Төртіншіден, кәсіпорындарда оқушы орындар, шеберханалар ашуды немесе бөлуді қамтамасыз ету керек.Бесіншіден, білім басқармасы оқу уақытының 60-70%-ын практикада өткізуді қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындармен шарт жасауы қажет.Алтыншыдан, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін кәсіпорындарда міндетті түрде стажировкадан өткізуді (жылына бір рет) енгізу қажет.

Коучинг-заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі.

КОУЧИНГ (видеоролик көрсетіледі)

Коучинг – (ағылш.coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру.Бұл — әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Коучинг – бұл психотерапия емес және емдеу емес. Бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдарға арналған. Олар өзінің белгілі бір қасиетін өзгерткісі келетін адамдар, мысалы, өз жұмысын әлде қайда тез және жеңіл атқаруға немесе өзінің өмірін өзгертіп, өзіне пайдалы және ұнамды істер жасауға көбірек бос уақыт бөлгісі келетіндер. Яғни, негізінен өз өмірін жақсы жаққа қарай бұру.Коучинг – бұл мұғалімге білім алуға және дамуға, сол арқылы өзінің кәсіби қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс.Өз қызметінде жетістікке жету үшін тренерге үдерісті білу және түсіну қажет, сонымен қатар коучинг өтетін мәнмәтінге сәйкес келетін әртүрлі стильдер, дағдылар мен техникаларды меңгеруге тиіс. Бұл – ұзақ уақытқа созылатын, екі әріптес арасындағы сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол әріптесінің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Үдеріс барысында, әріптес өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал екінші әріптес еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

Коучингте мынадай құндылықтар өте маңызды:

ШынайылықСенімділікАшықтықАйқындылықШындықАдалдықТеңдік Сынамау/АйыптамауҚам жеу/Қамқорлық көрсету

Коучинг – мұғалімдерді белгілі бір дағдыларға үйрету

Коучинг – итермелеу.Коучинг – 90 минутқа жоспарланатын үдеріс.КОУЧИНГТІ ЖҮРГІЗЕТІН АДАМ — КОУЧ КОУЧ- тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен білім мекемесінде жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор ретінде қабылданған адам.Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі.

«Кейс-стади» — кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде.

Кейс-стади: экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың тиімді әдістерінің біріне айналған «кейс-стади» әдісі теориялық білім алған студенттерді болашақ мамандықтың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды.

Кейс-стади міндеті – білім алушыларды келесідей әрекеттерге жұмылдыру:

vкез-келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау,

vнегізгі проблемаларды айқындау,

vпроблемаларды шешудің әртүрлі балама жолдарын (варианттарын) табу (ситуация – көп шешімі және баламасы бар оқиға екенін ұмытпайық),

vсараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау,

vөз іс-әрекеттерін жоспарлау.

Кейс-стадидің басты қағидасы:

«Ақиқатты іздену — ақиқаттың өзінен де маңызды»

Кейс-стадидің екі негізгі мектебі:

Америкалық (Гарвардтық мектеп)Батыс еуропалық (Манчестер мектебі)

ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс –стади- амал-тәсілдің немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі.

Сase-study — таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс.

Кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды,«кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді.

Кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны (формасы).

Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:

1) кейс дайындау бөлімі

2) нақты жағдаяттар бөлімі

3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар

Сase-study әдісі үйренушілерде келесідей кәсіби, әдістемелік және коммуникативтік құзырлылықтарды қалыптастырады:

vПән аралық байланыстарды айқындайды.

vКөшбасшылыққа ұмтылады.

vҚысқа уақыт ішінде жүйеленбеген, ретке келтірілмеген ақпаратты талдайды.

vСыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлау.

vСәттілікке бағытталу, жеңімпаз психологиясын дамыту.

vНақты кәсіби біліктерді (мәселен, кәсіпорын жұмысы) игеру.

vӨздері атқарған жұмыстың (талқылау, талдау, жоба, т.б.) нәтижелерін жариялау (презентациялау).

vБелгіленген уақыт ішінде ақпараттың жетіспеушілігі (немесе, керісінше, оның көлемінің тым көп болуы) мен уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау және оның салдарын бағалау.

vҚарым-қатынас дағдылары мен бірлесе (команда құрамында) жұмыс жасау машықтарын игеру.

Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар (ситуациялар) қандай болу керек?

1. Ситуация практикадан (өмірден) алынуы керек. 2. Ситуация бір нәрсеге үйрету керек.3. Ситуацияда шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиеленіс немесе жұмбақ болуы керек. 4. Ситуацияда ақпарат мөлшері көп болуы керек.

Кейстің форматы қандай болады?

1. Мұқаба.2. Кіріспе.3. Негізгі бөлім.4. Қорытынды бөлім.5. Қосымша.

Кейс-стадиде оқытушы талқылауды ұйымдастырушы және жүргізуші рөлдерін атқарады. Ол оқушыларды, студенттерді өз көзқарастарын қабылдауға күштемей, талқылау барысын сабақ мақсаттарында көрсетілген нәтижелеріне бағыттап отырады, барлық студенттердің пікірталастан тыс қалмай, жұмысқа белсене қатысуын қадағалайды.

Кейстерді сабақтарда келесідей тәртіпте қолдануға болады:

1.Дайындық.

Оқытушы сабаққа дейін кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады. Кейс студенттерге сабақ алдында (бір-екі күн бұрын) таратылып беріледі: олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс бойынша өзіндік пікір қалыптастырады.

2. Топтық жұмыс.

Сабақта студенттер аудиториясы 4-5 адамнан құрылған шағын топтарға бөлініп, 1,5-2 сағат ішінде кейсті талқылайды, онда қойылған мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіреді. Бұл кезеңде студенттердің шағын топтары бір-біріне бөгет жасамау үшін әртүрлі бөлмелерде жұмыс жасағаны дұрыс.

3. Пікірталас.

Студенттер толық құрамда бір аудиторияға жиналып, кейс бойынша пікірталас бастайды. Мұнда әр топтан сөйлеушілер (спикерлер) шығып, топтың пікірі мен көзқарастырын дәлелдейді. Дәлелдеуде алдын-ала әзірлеген кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек. Басқа топтардың студенттері әр пікірді талқылауға қатысады, бір-біріне сұрақ қойып, проблеманы шешудің басқа да варианттарын ұсынады. Студенттер өздерін белсенді ұстап, талқылау мен пікірталастан қалыс қалмауы керек.

4. Қорытындылау.

Пікірталас аяқталған соң оқытушы сабақты сараптап, студенттердің көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді.

5. Бағалау.

Студенттер өздерінің жасаған жұмысы (пікірі, көзқарасы, шешімі) бойынша жазбаша есеп береді. Жазу уақыты мен форматын (көлемі және басқа да талаптар) оқытушы сабақтың мақсаттарына сай белгілейді.

Оқушы рейтингі, білім көрсеткішін анықтау.

Оқушы білімін бағалау әдістерін слайдта көрсету.

Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі білім-ілімсіз әсте мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОблыстық семинар

Іс-шара мәліметтеріОқу сауаттылығын дамыту

Іс-шара мәліметтері12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103564

Теги: семинар
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар